Размер шрифта:

Дәреже: Все

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тренинг жаттығулар

27 ақпан 2026 жыл Психолог: К.М.Калибекова Тақырыбы: Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тренинг жаттығулар «Мұғалім-мектеп» циклы «Қалаймын-Істей аламын-Қажет» жаттығуы. «Баға» жаттығуы. Мақсаты: 1. Мұғалімнің қажеттіліктеріне және өз армандарына сенімін бекіту және белсендіру, дүниетанымын кеңейту және дамыту, педагогикалық іс-әрекеті стилінің жеке-дара тиімді түрін табу. 2. Оқушыларды бағалаудағы өзара әрекеттесудің тиімді коммуникативті амалдарын өндіру.

2026-03-03 12:40:00

Скачать Смотреть

ЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәргері- эпидемиолог мен кездесу

ЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәргері- эпидемиолог мен кездесу

2026-02-04 11:52:03

Скачать Смотреть

1–4 сыныптарда “Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді.

12.01. 2026 күні мектебімізде «Құқықтық навигатор» апталығы аясында 1–4 сыныптарда “Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсіндіру және адалдыққа тәрбиелеу. Барысында оқушылар әділдік пен адалдықтың қоғам үшін маңызын ұғынды. Мектеп ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін атап өтті.

2026-01-13 01:03:06

Скачать Смотреть

Қамқоршылық Кеңес отырысының №8 хаттамасы

Қамқоршылық Кеңес отырысының №8 хаттамасы

2025-12-18 20:27:46

Скачать Смотреть

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында психологиялық тренинг

03.12.2025ж мектебімізде 10-сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында психологиялық тренинг элементтері өткізілді. ✨Мақсаты: Оқушылардың зорлық-зомбылық түрлері туралы түсінігін кеңейту, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, өз құқықтарын қорғауға үйрету және бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін дамыту. ✨Тренинг барысында оқушылар зорлық-зомбылықтың физикалық, психологиялық, эмоционалдық және кибербуллинг сияқты түрлерімен танысты. Қауіп төнген жағдайда кімдерден көмек сұрауға болатыны, өз сезімдерін дұрыс жеткізу, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу тәсілдері талқыланды.Топтық жаттығулар мен пікірталастар оқушылардың өзара түсіністігін арттырып, қауіпсіз және достық қарым-қатынас орнату маңыздылығын көрсетті. Шараның негізгі нәтижесі – балалардың зорлық-зомбылыққа «ЖОҚ» деп айту дағдыларын дамыту және қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруға үлес қосу.

2025-12-17 11:52:03

Скачать Смотреть

«Балалар кітапханасы» жобасы

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында «Бізді ақылды ететін кітап – дана» атты іс-шара балалар кітапханасында 10 желтоқсан күні өткізілді. Шараға бастауыш оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында оқушылар қызықты сұрақ-жауапқа, көру-оқу тапсырмаларына, «ең сүйікті кітап», «қисынды жалғастыр» сияқты ойындарға қатысты. Мақсаты:Балаларға кітап оқудың маңызын түсіндіру, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапты «ақыл мен даналықтың көзі» ретінде танытып, тиімді әрі пайдалы ақпарат алудың жолдарын көрсету. \

2025-12-17 11:38:44

Скачать Смотреть

«Кітап оқитын ұлт» жобасы

15 желтоқсан Балақаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында « Кітап кейіпкерлері әлемінде» талқылау сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылар мен педагогтар өз кезегінде оқыған кітаптарының мазмұны және кейіпкелері туралы пікірлерімен бөлісіп, талқылады.

2025-12-17 11:34:10

Скачать Смотреть

«Кітап оқитын ұлт» жобасы

12 желтоқсанда Балақаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебінде «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүйелі түрде жүзеге асыру , оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылар мен ұстаздар пікір алмасты. Оқушылар да өз кезегінде оқыған кітаптары туралы пікірлерімен бөлісіп, қызықты сұрақтарға жауаптар алды. Пікір алмасу диалог форматында өтіп, балалар арасында оқуға деген қызығушылықты арттыра түсті.

2025-12-17 11:32:45

Скачать Смотреть

«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты интеллектуалды ойын өткізілді.

Бүгін 9 - желтоқсан мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру және тәуелсіздіктің құндылығын сезіндіру. Ойынға мектептің әр сыныбынан құрама командалар қатысып, олар бірнеше кезең бойынша өз білімдерін сынады. Әр кезең Қазақстан тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы елеулі оқиғалар, ұлттық рәміздер, елдің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы сұрақтар мен тапсырмалардан тұрды.Шара тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар өздерінің тапқырлығын, білім деңгейін және ойлау қабілеттерін жан-жақты көрсетті.

2025-12-17 11:03:12

Скачать Смотреть

Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында мектеп директоры, педагогтар және оқушылардың қатысуымен рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында мектеп директоры, педагогтар және оқушылардың қатысуымен рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылар арасында кітап оқуды дәріптеу, оқу мәдениетін арттыру және жастарды зияткерлік дамуға бағыттау болды. Кездесу барысында мектеп директоры оқушыларға кітап оқудың маңызы, оның тұлғалық даму мен білім сапасын арттырудағы рөлі туралы ой бөлісті. Педагогтар өздері ұсынатын кітаптар тізімімен бөлісті, оқушыларға оқу дағдысын дамытуға бағытталған кеңестер берілді.

2025-12-17 11:00:30

Скачать Смотреть

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»

01.12.2025 күні 7-сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында эссе жазу жұмысы өткізілді. Мақсаты – жас ұрпақты адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Оқушылар өз ойларын шығармашылық тұрғыда жеткізіп, әділ қоғам құруға деген сенімдерін білдірді. Эссе жұмыстары арқылы олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастары мен болашаққа деген үміттері айқын көрініс тапты.

2025-12-02 10:13:14

Скачать Смотреть

1-4 сыныптарға сынып сағаттары өткізілді

✅«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарлама аясында 1-4 сыныптарға сынып сағаттары өткізілді. Қазақ ағартушысы ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының туғанына 140жыл толуына орай ұйымдастырылды. Міржақып Дулатұлы ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі. Міржақыптың алғашқы өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен жарық көрді. Бұл кітаптың қазақ оқырмандарына әсері өте күшті болды.

2025-11-10 22:22:20

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 69 соңғысы