Дәреже: Все

«Жемқорлық – қоғам дерті, алдын алу – ел міндеті» эссе ақпараты

Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы іс -шаралар өткізіп отырады. 16 қараша күні «Жемқорлық – қоғам дерті, алдын алу – ел міндеті» атты тақырыпта оқушылар эссе жазды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күн тәртібіндегі басты мәселе. Мақсатымыз оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру. Адалдық ар ұждан, жан тазалығы сынды асыл қасиеттердің жиынтығы. Еліне шын берілген Адал ұрпақ - Мәңгілік елдің кепілі. Қазақстанның жарқын болашағы жастардың қолында екенін, елін, жерін сүйетін азамат өзінің қара басының қамын емес, халқының қамын ойлауы керек екендігі жайлы айтылды.

2021-11-16 11:17:20

Скачать Смотреть

«Жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру» «Қарағанды облысындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» бағдарламасы аясында оқушылардың хабардарлығын арттыру бойынша өткізілген дәрістердің Ақпараты

Мектебімізде Қараша айының 15-ші жұлдызында мектеп-психологы Ф. Садуакасованың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру» тақырыбында «Қарағанды облысындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» бағдарламасы аясында дәріс жүргізілді.Жасөспірімдерге өз сезімдерін билеп дағдыларын дамыта отырып және өмірлік стратегиясын таңдау мүмкіншіліктерінен хабардарлығын арттыра отырып, өз-өзіне көмектесу стратегиялары талқылады.Ерекше көңіл жасөспірімдердің өздерін жақсырақ сезіне алып, кез-келген ауыр жағдайлар мен қиыншылықтарды жеңіп шыға алатындарын да ескерте кетті. Қатысқандар: мектеп психологы: Ф.Ж Садуакасова, 8-сынып оқушылары (жалпы саны- 62 оқушы). Қолданылған материалдар: «Көңіл-күйіңді көтеріп, қуана біл» атты жасөспірімдер хабардарлығын арттыратын кітапша, PowerPoint бағдарламасындағы стандартты слайд-презентация. Мақсаты: Жасөспірімдерге өз сезімдерін билеп дағдыларын дамыта отырып және өмірлік стратегиясын таңдау мүмкіншіліктерінен хабардарлығын арттыра отырып, өз-өзіне көмектесу стратегиясы. Ерекше көңіл жасөспірімдердің өздерін жақсырақ сезіне алып, кез-келген ауыр жағдайлар мен қиыншылықтарды жеңіп шыға алатындарын да ескерте кетті.

2021-11-15 16:08:31

Скачать Смотреть

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

№9 жалпы білім беретін мектебінде "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында плакаттар байқауы 5-6 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты –оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.Үздік деп танылған жұмыстар алғыс хатпен марапатталды. Мектебіміздің оқушылары жаһандық індетпен күресу жолында өздерінің мүмкіндіктерін аяп қалмады.

2021-11-12 18:48:48

Скачать Смотреть

«Тәуелсіздік жетістіктері » атты кітап көрмесіне шолу

Бүгін,11.11.2021ж мектеп кітапханасында ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік жетістіктері » атты кітап көрмесіне шолу өтті. Көрмеге ел Тәуелсіздігінің дамуы мен мемлекет ретінде қалыптасуын ,сондай-ақ еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын баяндайтын кітаптар қойылды.Аталған шараға 5Асынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін үлгі ету, желтоқсан құрбандары мен қатысушылар туралы айту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

2021-11-12 10:55:50

Скачать Смотреть

«Достық» тренинг-сабағының ақпары

Мектебімізде 11.11 жұлдызында 2 а,ә,б сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту ойын-жаттығулар өткізілді. Мақсаты: Балаларды бір-біріне қуаныш сыйлай білуге үйрету, жағымды көңіл-күй туғызу,топ арасындағы сынып оқушыларының жақын танысуы үшін жағдай жасау. Тренинг барысында оқушылар бір-бірімен жақын танысып, көңіл күйлері көтерілді. Айналаға, қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінушілікпен,ізгілікпен қарауға бағыттадым. Балалармен «Джунглидағы жаңбыр», «Достық сақинасы» «Достық алаңы» т.б сынды жаттығулар арқылы жасаған әрекеттеріне жауапкершілікпен, қасындағы адамдарға шыдамдылықпен қарауға тәрбиелеу жұмыстарын жасадым.

2021-11-11 15:42:43

Скачать Смотреть

Мектеп кітапханасының алғашқы қонағы 1 «А» сынып оқушылары

Бүгін 09.11.2021 жылы мектеп кітапханасына 1 «А» сынып оқушылары алғаш рет қонаққа келді. Оқушыларды кітапханашы балалар әдебиетімен, мерзімді басылымдармен тыстырды.Балалар ашық түрлі-түсті кітаптарды аса қызығушылықпен қарады. Оқушылар кітапты қалай ұстау керектігін, кітап ережелерімен танысты. Сонымен қатар балалар өздерінің білетін өлең, тақпақ, мақал-мәтелдерімен бөлісті. Мақсаты: балаларды кітапханамен таныстыру. Ертегі кейіпкерлерін балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

2021-11-09 12:40:40

Скачать Смотреть

Жалпы Республикалық педагогикалық кеңес хаттамасы

Жалпы Республикалық педагогикалық кеңес хаттамасы

2021-11-08 09:53:38

Скачать Смотреть

Пәндік сапа көрсеткіш 2021-2022 оқу жылы

Пәндік сапа көрсеткіш 2021-2022 оқу жылы

2021-11-04 13:19:26

Скачать Смотреть

Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 оқу жылындағы оқу жүктемесі мен БЖБ ТЖБ саны

Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 оқу жылындағы оқу жүктемесі мен БЖБ ТЖБ саны

2021-11-04 13:17:55

Скачать Смотреть

1 тоқсан бойынша ЖБ, ТЖБ кестесі

1 тоқсан бойынша ЖБ, ТЖБ кестесі

2021-11-04 13:15:13

Скачать Смотреть

“Мен өскенде кім боламын» тренинг-сағаты

Қазан айында 3 сыныптарға балалардың санасына мамандық туралы ой салу мақсатында «Мен өскенде кім боламын» тренинг-сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерімен және маман иелерімен таныстыра отырып мамандық таңдай білуге үйрету. Кәсіптік бағдар беру.

2021-11-03 09:38:23

Скачать Смотреть

«Адал Ұрпақ» ерікті клубының слеті

Қала мектептер арасында «Адал Ұрпақ» ерікті клубынтарының ZOOM-платформасы арқылы слет өтті.Слетка мектебіміздің оқушылары қатысты. Мақсаты – мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке, Отанды сүюге тәрбиелеу және жемқорлықтың жолын кесу «Адал ұрпақ» клубтарының мүшелері қатысты. Ашылу салтанатында сөз кезегін қаламыздың заң бөлімінің бас маманы М.Садырбеков алды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуді оқушылар арасында насихаттап, патриоттық сезім қалыптастыру керектігін баса айтты. Оқушылар өзге қатарластарына үлгі көрсетіп, оларды бармақ басты көз қыстылықтан мейлінше аулақ болуға шақырады.

2021-11-01 10:15:01

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 43 44 45 46 47 69 соңғысы