Размер шрифта:
↑

Әдістемелік кеңес отырысы

Дәреже: Все

Нашақорлықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг

Балқаш қаласының білім бөліміне қарасты №9 жалпы білім беретін мектепте нашақорлықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг элементті өтті. Мектебізіде 3.11.2025жылы 9 «А,Ә»,10сынып оқушыларымен Қарағанды облысының білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында нашақорлықтың алдын алу және жоғары сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдердің есірткі қолданудың салдары туралы хабардар болу деңгейін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын саналы түрде таңдау дағдысын қалыптастыру.Семинар интерактивті форматта өтті. Бағдарламаға теориялық бөлім, топтық пікірталастар, рөлдік ойындар және тәжірибелік кейстер енгізілді. Қатысушылар белсенді түрде талқылауға қатысып, қызығушылықтары мен саналы көзқарастарын көрсетті.

2025-11-05 16:52:02

Скачать Смотреть

"Есірткі – біздің жауымыз" тақырыбында суреттер байқауы

05.11.2025 күні "Есірткі – біздің жауымыз" тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушылар есірткіге қарсы көзқарастарын шығармашылықпен жеткізіп, салауатты өмір салтын насихаттады. Бұл оқушылардың рухани дамуына, шығармашылық қабілетін арттыруға және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.

2025-11-05 14:20:54

Скачать Смотреть

«Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс»

Қараша айы Әділдік және жауапкершілік айы 03.11.25 күні «Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс» құндылығына сәйкес сынып сағаты 8-11 қауіпсіздік сабақтары өтті. Оқушыларды адал еңбек етуге, табандылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу,Адал еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру мақсатында ұйымластырылды.

2025-11-04 17:23:53

Скачать Смотреть

Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында қосымша дайындық сабақтары өткізілді

Күзгі демалыс кезеңінде, 28 қазан мектеп оқушыларының білім деңгейін арттыру және алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында қосымша дайындық сабақтары өткізілді. Дайындық жұмыстары математика, география, биология таңдау пәндері бойынша жүргізілді. Әр пән мұғалімі бекітілген кестеге сәйкес сабақтар өткізіп, оқушылармен тест тапсырмаларын орындау, қиын сұрақтарды талдау және нәтижелерді сараптау жұмыстарын атқарды.

2025-10-28 13:34:01

Скачать

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі №4

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі №4

2025-10-28 12:24:44

Скачать Смотреть

Пайдалы зиянды ойындар. Қандай ойын жақсы

Бақылау мақсаты: 1 сынып оқушыларының қабылдауын, зейінін бақылау Бақылау түрі: Ойын-сабақ

2025-10-13 16:42:36

Скачать Смотреть

ҰБТ-ға байланысты ақпарат

08.10. күні Ұлттық бріңғай тестілеу орталығының маманы Айзада Екпінқызы келіп 11сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Оқушыларға ҰБТ-ға байланысты ақпаратты жеткізді. Дәлірек айтсақ: 1. ҰБТ жалпы 2. Аудиторияға кіргізу тәртібі 3. ҰБТ ұзақтығы 4. ҰБТ-ны өткізу барысында тыйым салынған заттар 5. Аппеляция 6. Сынақ тестімен таныстыру Сонында оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.

2025-10-08 16:00:09

Скачать

Ақпарат

2025-2026 оқу жылында жалпы 28 түлек бітіргелі отыр. 11 сыныптың ҰБТ-ке дайындалу мақсатындағы жоспар бойынша, 01.10 күні оқушылар Ұлттық тестілеу орталығына барды. Ең бірінші кезекте ҰБТ ережелерімен, нұсқауларымен және бұйрықтарымен оқушыларды таныстыру жүргізіліп сынақ тест тапсырды.

2025-10-08 15:58:36

Скачать

Қамқоршылық Кеңес отырысының №7 хаттамасы

Қамқоршылық Кеңес отырысының №7 хаттамасы

2025-10-08 15:43:14

Скачать Смотреть

Ақпарат

Мектеп директоры Р.Ерубаева Сыбайлас жемқорлыққа іс -қимыл қарсы күрес негізінен заң мен сот алдындағы теңдік принципіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағыттары айтылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жою бойынша шаралар талқыланды.

2025-09-30 14:37:58

Скачать Смотреть

11-сынып оқушыларына ҰБТ туралы ақпарат берілді

11-сынып оқушыларына ҰБТ туралы ақпарат берілді 23.09.25 күні Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық жұмыстары аясында 11-сынып оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуде келесі маңызды мәліметтер ұсынылды: • ҰБТ тапсыру форматы мен құрылымы; • Міндетті және бейіндік пәндер туралы; • Грантқа түсу талаптары мен шекті баллдар; • Тіркеу тәртібі және тестілеу мерзімдері; • Электронды форматта тест тапсыру ерекшеліктері; • Тәртіп ережелері және апелляция рәсімі; • Онлайн дайындық платформалары мен ресурстар. Кездесу барысында оқушыларға өз мамандығын дұрыс таңдау, бейіндік пәндерді сәйкестендіру және уақытты тиімді пайдалану бойынша кеңестер берілді.

2025-09-24 10:15:51

Скачать

«Менің сыныбым буллинке қарсы» челленджін 8 "Б" сынып оқушылары қолдайды.

Балқаш қаласы «№9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.«Менің сыныбым буллинке қарсы» челленджін 8 "Б" сынып оқушылары қолдайды. Мақсаты: Мақсаты – оқушылардың физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына көңіл аударту. Іс-шара балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға ықпал етуге, сондай-ақ оларды достыққа, өзара түсіністікке және бір-біріне қолдау көрсетуге ынталандыруға бағытталған.

2025-09-18 16:11:35

Скачать

бiрiншiсi 1 2 3 4 5 6 … 70 соңғысы