Дәреже: Все

IT кабинет туралы ақпарат

Заманауи IT-сынып – бұл білім алушылардың ең озық әдістерді қолдана отырып, бағдарламалауды тереңдетіп оқитын оқу кеңістігі. «Базисный магазин» («Базисный магазин» әлемнің түкпір-түкпірінен оқу жабдықтарының жүздеген өндірушілері мен дистрибьюторларын біріктіретін WORLDDIDAC қауымдастығының (Берн, Швейцария), сондай-ақ KAZDIDAC оқу жабдықтарын өндірушілер мен жеткізушілер қауымдастығының мүшесі болып табылады) ұсынып отырған ІТ-сынып тұжырымдамасы мектеп оқушылары мен студенттерді оқытудың формалары мен әдістеріне заманауи көзқарасты қарастырады. Бұл информатика, STEM немесе робототехника сыныбы емес. Ол оқытудың кешенді тәсілін, ең танымал бағдарламаларға толық енуді қамтамасыз етеді. Инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттардың білімін арттырып, шеберлігін шыңдау және түрлі байқауларға дайындалуға мүмкіндігін кеңейту – басты мақсат. Мектептерде IT сыныбын құру бірден бірнеше маңызды міндеттерді шешеді: - Оқушылардың заманауи IT-технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету; - цифрлық сауаттылықты арттыру; - балалардың IT-технологиялар бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіру; - білім алушылардың техникалық және инженерлік мамандықтарға қызығушылығын арттыру; - балалардың инновациялық жаңалықтарға деген қызығушылығы мен дарындылығын ынталандыру; - Шығармашылық және дарынды оқушыларды анықтау және қолдау; - цифрландырудың ақпараттық экожүйесін қалыптастыру. IT-сынып бағыттары: - бағдарламалау және цифрлық технологиялар негіздері; - компьютерлік графика; - Web-мастер; - Бейне технологиялар; - мобильді қосымшаларды әзірлеу; - болашақ инженерлері; - оқу робототехникасы, электроника және мехатроника; - заттар интернеті; - Жүйені басқару; - Жасанды интеллект. IT-сыныптағы жабдықтар: «Базисный магазин» IT-сыныптың басты артықшылығы – түпнұсқа дизайн жиһазы, мұғалімге арналған қуатты компьютер және студенттерге арналған жоғары жылдамдықты компьютерлер. - электронды цифрлық ресурстар; - интерактивті жабдық; - компьютерлік техника және оргтехника; - түпнұсқа дизайндағы жиһаз; - бағдарламалық қамтамасыз ету; - Бағыттар бойынша жабдықтар мен технологиялар; - Мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы сертификат.

2022-10-13 10:08:19

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып тізімі. 07.10.22

№ ФИО Матем сауат Оқу сауат Қаз.тарих 1 пән 2 пән Барлығы 1 Абдула Наби 9 18 4 Физика 16 Матем 15 62 2 Амантай Гүлназ 2 13 4 Биология 13 География 10 42 3 Аманжанова Гүлсім 3 11 4 География 8 Биология 5 41 4 Абдирова Мадина 5 16 4 Матем 19 География 26 66 5 БикеноваЕркежан 4 16 9 Матем 26 География 10 66 6 Бектаев Али 3 14 5 Физика 3 Матем 3 27 7 Егизеков Алихан 2 11 1 Информатика 13 Матем 9 42 8 Камел Жамиля 6 15 9 География 17 Биология 13 60 9 Кабдолданов Аслан 2 16 5 Физика 12 Математика 8 43 10 Серік Ерхан 5 14 7 Физика 10 Математика 5 41 11 Құсайын Даяна 4 17 4 Ағылшын 15 География 12 52 12 Мейрамбек Жансая 2 5 2 Матем 7 Физика 9 25 13 Усенов Арыс 5 15 7 Физика 12 матем 6 45 14 Уахитов Алишер 7 7 1 Математика 9 География 13 37 15 Хайрулла Аруна 4 6 5 Физика 15 Математика 16 46 Орташа балл 46

2022-10-13 09:58:38

Скачать Смотреть

«Үмітін елдің арқалап, елінде туған рәміздер» танымдық сағаттың ақпараты

11 қазан күні мектеп кітапханасында Республика күніне орай 4 А сынып оқушыларының қатысуымен «Үмітін елдің арқалап, елінде туған рәміздер» атты ақпараттық-танымдық сағат ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихына терең тоқталып, сонымен қатар «Рәміздердім- мақтанышым» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Мақсаты: Оқушылардың отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және дұрыс қолдануға бейімдеу.

2022-10-12 16:36:43

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 12.10.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 5 Ә сынып оқушылары «Қобыланды батыр» жырын оқып, мазмұндап бейне роликке түсірді. Мақсаты: Жаңа стандарттарда оқушылардың оқу құзыретін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру.

2022-10-12 14:56:25

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 11.10.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 5 А сынып оқушылары «Қобыланды батыр» жырын оқып талдаса, 6 А сыныбы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым қожа» шығрмасын оқып мазмұндады. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу,

2022-10-11 11:45:25

Скачать Смотреть

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында сурет байқауының ақпараты

07.10.22 күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында облыстық ақпараттық керуені «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының мүшелерімен «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды. Сурет байқауына мектебіміздің оқушылары қатысты. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие#балаларжылы09

2022-10-10 17:10:46

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 10.10.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 8 В сынып оқушылары Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын оқып мазмұндаса, 7 Б сыныбы Мұқтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасын оқып, талдау жасады. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу,

2022-10-10 12:03:29

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Дәуірмен ұласқан қаламгер» атты танымдық сағаттың ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 07.10.22ж Халық жазушысы, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына орай 10 сынып оқушыларымен танымдық сағат ұйымдастырылды.Жазушының «Қарағанды» романын талқылап, оқушыларға сұарқтар қойлып, жауаптар берді. Мақсаты: Жазушының «Қарағанды» ролманының мазмұндық желісін тақырыбына сай талдау жасау арқылы оқушының ойлау қабілеттерін арттыру, эстетикалық сезімін ояту, өздігінен іздену және өзіндік ой тұжырым жасауға баулу.

2022-10-10 12:01:02

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының бірінші сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

10 қазан күні мектеп психологы Сатимбекова Р.М. баланың қабілетін, ақыл-ойын дамыту, ертегі айтып оның мағынасын түсіндіру, сандарды,геометриялық фигураларды, түстреді ажырата білу мақсатында психологиялық жаттығулар өткізіді. Сыныпта «Шеңбер бойындағы доп», «Зейінді бол», «Шаршыны тап» атты жаттығулар жасалды. Оқушылар эмоциялық жай-күйін көрсетіп , берілген тапсырмаларды орындап шықты.

2022-10-10 11:56:01

Скачать Смотреть

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында облыстық ақпараттық керуені

Мектебімізе 7.10.22 күні күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында облыстық ақпараттық керуені мектебімізге келіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша насихат семинарын өткізді. Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы сыртқы талдау мен бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ басшысы Абишев Жомарт Сүлейменұлы ұымдастырды. Семинарға ата-аналар, мұғалімдер және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Жемқорлыққа қарсы жұмыс пен «Адалдық алаңын» таныстырып, адалдық дүкен жұмысы мен мақсатының барысы туралы баяндап берді. Семинар барысында жемқорлыққа байланысты деректі фильмдер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің маңыздылығы айтылды. .@uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-10-10 09:42:08

Скачать Смотреть

«Қауіп-қатер тобына жататын балаларға көмек көрсетудегі мұғалім рөлі» атты өткізілген іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 4.10. 22 күні мектеп психологы Р.М.Сатимбекова «Қауіп-қатер тобына жататын балаларға көмек көрсетудегі мұғалім рөлі» атты тақырыпта баяндама оқыды. Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында өткізілген іс-шарада қауіп факторлар мен себептері айтылды. Мектеп тарапынан жасөспірімдерге қандай қолдау көрсетуге болады, олармен қай бағытта жұмыстар атқарылатыны түсіндірілді.

2022-10-06 11:39:16

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 05.10.22ж 4 А – 9 А сыныптар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафоны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу,

2022-10-05 13:55:32

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 21 22 23 24 25 61 соңғысы