Размер шрифта:

Психологтың жұмысы

Дәреже: Психологтың жұмыстары

"ҰБТ-да балаға психологиялық қолдау көрсету"сынып сағаты

Қазіргі таңда елімізде мектеп бітіруші түлектеріне арналған ҰБТ-ға психологиялық қолдау көрсетудің бірыңғай моделі жоқ. Психологтар өздерінің тәжірбиесіне және психологиялық теориялық білімдеріне сүйене отырып көмек көрсетіп келеді. ҰБТ-ға байланысты мектеп тарапынан болатын қысым немесе мектеп «абыройы үшін» деп оқушыларға түрлі үгіт-насихат жургізу мектеп басшыларының, ұстаздардың баланың психикалық даму ерекшеліктерімен санаспайтынының белгісі. Осы кезде ата-ана баласының түрлі сәтсіздіктерге төтеп бере алатындай иммунитетін қалыптастырып, үнемі ашық сөйлесіп, шынайы жанашырлық таныта білуі керек. Ата-ана да, ұстаздар қауымы да ҰБТ-дан алған бағасы үшін баланың өз-өзіне деген сенімділігін төмендетпеуі қажет. Жасыратыны жоқ, кейде ата-ана онсыз да үрейленіп жүрген баласымен қосылып, оның қорқынышын одан әрі үдетіп, оның бойында қорқыныш қалыптастырады. Бала мен ата-ана арасында жылы психоэмоционалды байланыс болса, бала қолдауды сезсе, өзіне сенімді болады, Ата- анаға кеңес: Баланың жүрістұрысына жіті мән беру. Баланың психикалық даму ерекшелігін естен шығармау. Оны тыңдай алу, сөзіне мән беріп, әңгімені кейінге қалдырмау. Баланың жеке кеңістігіне қол салмау, шешімдеріне сыйластықпен қарау. Шамасы келмейтін, өресіне сыймайтын талап қоймау. Жасөспірімдік кезде болатын өтпелі кезеңде мінезқұлқында гормондық дамуға байланысты болатын өзгерістерді есепке ала отырып, қарым-қатынас жасау. Баламен қарымқатынаста жиі түсініспеушілік жәйттер орын алатын болса маманның кеңесіне жүгіну. Баланың дайындығына қойылатын арнайы бекітілген талап жоқ, дегенмен сақталуы керек бірқатар ережелер бар: Күн тәртібін жоспарлап қою. Уақытты тиімді пайдалану. Дұрыс, дұрыс тамақтану. Осыған атаана көбінесе жүрдім-бардым қарайды. Құнарлы, нәрлі, уақтылы тамақтану адам денсаулығына, көңілкүйіне оңды әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Ой еңбегінде дұрыс тамақтану өте маңызды. Отбасында жыжыл, жаймашуақ орта қалыптастыру. Дене жаттығуын жасату. Уақытында ұйықтатып, ұйқысын қандыру. «Баламыз күні-түні бас алмай кітапты жастанып ұйықтайды, әбден титықтады». Мұндай дайындықтан нәтижеден жоғары нәтиже шығады деу қиын. Күн тәртібі сақталмаса, ол стресс алуы мүмкін. Қолы бос кезде: Сүйікті ісімен айналысу. Таза ауада серуендеу; Үй шаруасына көмектесу; Өзіне жүктелген міндеттерді атқару; Кітап оқу; Достарымен араласу т.с.с Тамақтануы, ұйқысы бұзылса, оның себебін анықтау керек. Ол психикалық жарақат салдарынан болуы мүмкін.Жасөспірім шақта белгілі-бір мінез-қырлары айқын көрініс табады, соның салдарынан түрлі қиыншылықтар туындайды. Сондықтан бей-жәй қарамаңыз. Қанша уақытқа созылды? Соған мән беріңіз. Егер нақты бір жәйт әсер еткеннен кейін үйде қолдау көрсетілсе де оң өзгеріс болмаса, арнайы маманның (психолог, психотерапевт) кеңесіне жүгінген абзал. Стресс пен күйзеліске түскен балаға қалай көмектесеміз? Жақын тартып байыппен сөйлесу; Көңілкүйіне назар аудару; Мәнжайды анықтау; Баладағы өзгеріске сақтықпен қарау; Өз проблемасымен жалғыз қалдырмау; Проблемасына түсіністікпен қарап, сонымен бірге екенін білдіру; Көңілін аулау; Қызығушылығын ояту; Психологиялық қолдау көрсету; Стресске қарсы тәсілдерді – серуендеу, музыка тыңдау, дене жаттығуларын іске асыру.

2023-12-04 10:21:03

Скачать Смотреть

Жас мамандармен « Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты өткізілген тренингтің ақпараты

27.09.2023 күні жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «« Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты тренинг өткізді. Тренинг қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою және біріктіруге арналған «Шеңбер бойынша қол шапалақтау» жаттығуымен басталды. Жас мамандар әртүрлі жағдаяттан шығу жолдарын шешіп, өз ойларын жеткізді. Сенімділік және құрметтілік атмосферасына құрылған тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, жағымды сөздер айтып аяқтады. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2023-12-04 09:48:25

Скачать Смотреть

Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қаңтарда № 26513 болып тіркелді

2023-12-04 09:46:39

Скачать Смотреть

11-сынып оқушыларымен «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» атты өткізілген тренингтің ақпараты

17.11.23 күні мектеп психолгі 11-сынып оқушыларымен «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» мақсатында тренинг өткізілді. Оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз-өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру. Оқушылармен «Сәлемдесу», «Мен өзіме сенімдімін»,«Жылдамдық» жаттығуларды орындалды. «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» жадынамасы таратылып , талқыланды. @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие

2023-11-17 16:29:22

Скачать Смотреть

9-10 сынып оқушыларымен«Мамандық еліне саяхат» атты өткізілген тренингтің ақпараты.

14.11.23 күні 9-10 сынып оқушыларымен «Мамандық әлеміне саяхат» атты тренинг өткізілді. «Мамандық тандау-өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» екендігі айтылды. Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау мақсатында өткізілген тренингте «Сенің ерекше қабілетің», «Ми шабуылы»,«Ең жақсы мамандық.» жаттығулары орындалды. Оқушылар жағдаятты шешу барысында өздерін белгілі бір маман иесі ретінде жауаптарын жеткізді. @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие

2023-11-14 15:24:57

Скачать Смотреть

Amanat 111 біріңғай мемлекеттік байланыс орталығы

Amanat 111 біріңғай мемлекеттік байланыс орталығы

2023-10-27 15:00:40

Скачать

«Мен болашақта кім боламын?» сурет терапия ақпараты 2023-2024 оқу жылы

27.10.2023 күні 3-4 сынып оқушыларымен «Мен болашақта кім боламын?» сурет терапиясы жүргізілді. Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту. Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар әлемінен ақпараттар беру. Елімізде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып өз көзқарастарын, ой пікірлерін дәл, еркін жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.Оқушылармен «Әріпті мамандық» және«Ең жақсы мамандыққа» байланысты әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы ойындар жүргізілді. @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие

2023-10-27 14:44:14

Скачать Смотреть

1-ші сынып оқушыларының бейімделу процесін анықтауға жүргізілген диагностиканың ақпараты.

09.10.23күні 1а,1б,1ә сынып оқушыларымен бейімделу процесін анықтауға Йирасек-Керн тесті жүргізілді. Тест үш тапсырмадан тұрады:«Сөздерді көшіріп жазу»,«Бір топ нүктелерді көшіріп салу», «Ер адамның суретін салу». Мақсаты: Баланың нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау. Диагностикаға қатысқан оқушылар саны -59.Жоғары,орташа,қанағаттанарлық деңгейлерді көрсетілді.

2023-10-09 17:43:34

Скачать Смотреть

1 -5 сынып оқушылардың ата-аналарымен бейімделуіне өткізілген жиналыстың ақпараты

15.09.22 күні 1-5 сынып оқушыларының ата-аналарарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың бейімделуіге арналған дөңгелек үстелде психологиялық кеңестер мен ұсыныстар айтылды. «Бейімделу» деген не? , жалпы түсініктеме берілді.Ата-аналармен «Танысу» тренингі жүргізілді. Әр оқушының талаптары, бейімделуі қалай өтетіні жайлы ескерілді. Мектепке бейімделудің деңгейлері ашып айтылды. Ата-аналар өз ойларын жеткізіп, алдағы уақытты сынып жетекшімен және мектеп психологымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасалатынына сенім білдірді. @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие

2023-09-21 11:10:21

Скачать Смотреть

«Біз 5 сыныпқа барамыз!» тренинг ақпараты

Қыркүйек айында 5а,5б,5ә сынып оқушыларымен, оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Біз 5 сыныпқа барамыз!» атты тренинг өткізілді.Тренинг барысында оқушылардың өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамыту үшін «Ой қозғау», «Сөйлемді жалғастыр», «Тыныштық сәті» атты жатығулар орындалып,өз ойларын жеткізді. @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие

2023-09-08 12:54:34

Скачать Смотреть

Ата-аналарға психологиялық кеңестер

Ата-аналарға психологиялық кеңестер

2023-08-17 15:29:18

Скачать

«Балаларды қорғау» күніне орай жүргізілген ойын жаттығулар.

2-3 сынып оқушыларымен 1 маусым «Балаларды қорғау» күніне орай жүргізілген ойын жаттығулар. Жағымды көңіл-күй сыйлау мақсатында өткізілген іс-шарада оқушылармен «Ватмандағы саяхат»,«Менің көңіл-күйім»,«Шеңбер бойындағы тәттіге толы доп» ойындар жүргізілді. @balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие#9мектеппсихолог @uo.krg@umckrg@g.kozhakhmetova

2023-05-31 15:45:56

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 4 13 соңғысы