Психологтың жұмысы
Дәреже: Психологтың жұмыстары
Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті, бейәлеуметтік және тәуелділік жүріс-тұрыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралыКәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті, бейәлеуметтік және тәуелділік жүріс-тұрыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы |
2023-12-04 14:15:37 |
Скачать Смотреть |
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралыЕрекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы |
2023-12-04 14:13:49 |
Скачать Смотреть |
«Зорлық-зомбылық балалық шақ» бойынша іс-шараның ақпаратыҚазан айында әлеуметтік педагогпен мектеп психологы 5-11 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылық балалық шақ» тақырыбында тренинг іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Оқушыларға Бейнероликтер корсетілді. https://www.youtube.com/watch?v=Fc1MehsN7ek |
2023-12-04 09:29:02 |
Скачать Смотреть |
Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет ЕРЕЖЕСІОрта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет ЕРЕЖЕСІ |
2023-12-04 09:25:34 |
Скачать Смотреть |
Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 тамызда № 29288 болып тіркелді. |
2023-12-04 09:24:49 |
Скачать Смотреть |
«Балалардың желідегі қауіпсіздігі буллинг және кибербуллинг» ақпараты28.11.2023 күні 5-10 сынып оқушыларына және ата-аналарына «Әлімжеттік және буллинг дегеніміз не»?тақырыбында қысқаша материалдарды ватцап чаттарға видео жіберілді. Мақсаты: әрбір баланың табысты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау,физикалық,психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау.Міндеттері: • білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер мен ата-аналарға сауатты көмек көрсету;• оқушылар арасында девиантты мінез-құлық құбылыстарының алдын алу;• коммуникативті дағдыларды дамыту, жасөспірімдерде өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру;• жанжалды бейбіт түрде шешуді үйрету дағдыларын қалыптастыру. Буллинг (bullying) – ағылшын тiлiнeн аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дeгeндi бiлдiрeдi. Адам үйдe, мeктeптe, автобуcта нeмece интeрнeттe, жалпы айтатын болcақ, кeз кeлгeн жeрдe буллингкe ұшырауы мүмкiн. Бұл кeз кeлгeн адамның баcында болатын жағдай. Буллинг әр түрлi мағынаны бiлдiруi мүмкiн. Ол: • адамды мазақтау, қорлау, cоқтығыcу • оның ақшаcын нe баcқа заттарын тартып алу, оларды бүлдiру • cол жайында өceк тарату • оны eлeмeу нeмece жeкeлeту • рeнжiтeтiн, жаман әзiл айтып, баcқа адамдардың алдында ыңғайcыз жағдайға қою • ұрып-cоғу, тeпкiлeу, итeру нeмece баcқаша зақым кeлтiру сөзі шет тілінен аударғанда @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие Педагог-психолог: Дулатова Т.Т |
2023-12-04 09:22:50 |
Скачать Смотреть |
"ҰБТ-да балаға психологиялық қолдау көрсету"сынып сағатыҚазіргі таңда елімізде мектеп бітіруші түлектеріне арналған ҰБТ-ға психологиялық қолдау көрсетудің бірыңғай моделі жоқ. Психологтар өздерінің тәжірбиесіне және психологиялық теориялық білімдеріне сүйене отырып көмек көрсетіп келеді. ҰБТ-ға байланысты мектеп тарапынан болатын қысым немесе мектеп «абыройы үшін» деп оқушыларға түрлі үгіт-насихат жургізу мектеп басшыларының, ұстаздардың баланың психикалық даму ерекшеліктерімен санаспайтынының белгісі. Осы кезде ата-ана баласының түрлі сәтсіздіктерге төтеп бере алатындай иммунитетін қалыптастырып, үнемі ашық сөйлесіп, шынайы жанашырлық таныта білуі керек. Ата-ана да, ұстаздар қауымы да ҰБТ-дан алған бағасы үшін баланың өз-өзіне деген сенімділігін төмендетпеуі қажет. Жасыратыны жоқ, кейде ата-ана онсыз да үрейленіп жүрген баласымен қосылып, оның қорқынышын одан әрі үдетіп, оның бойында қорқыныш қалыптастырады. Бала мен ата-ана арасында жылы психоэмоционалды байланыс болса, бала қолдауды сезсе, өзіне сенімді болады, Ата- анаға кеңес: Баланың жүрістұрысына жіті мән беру. Баланың психикалық даму ерекшелігін естен шығармау. Оны тыңдай алу, сөзіне мән беріп, әңгімені кейінге қалдырмау. Баланың жеке кеңістігіне қол салмау, шешімдеріне сыйластықпен қарау. Шамасы келмейтін, өресіне сыймайтын талап қоймау. Жасөспірімдік кезде болатын өтпелі кезеңде мінезқұлқында гормондық дамуға байланысты болатын өзгерістерді есепке ала отырып, қарым-қатынас жасау. Баламен қарымқатынаста жиі түсініспеушілік жәйттер орын алатын болса маманның кеңесіне жүгіну. Баланың дайындығына қойылатын арнайы бекітілген талап жоқ, дегенмен сақталуы керек бірқатар ережелер бар: Күн тәртібін жоспарлап қою. Уақытты тиімді пайдалану. Дұрыс, дұрыс тамақтану. Осыған атаана көбінесе жүрдім-бардым қарайды. Құнарлы, нәрлі, уақтылы тамақтану адам денсаулығына, көңілкүйіне оңды әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Ой еңбегінде дұрыс тамақтану өте маңызды. Отбасында жыжыл, жаймашуақ орта қалыптастыру. Дене жаттығуын жасату. Уақытында ұйықтатып, ұйқысын қандыру. «Баламыз күні-түні бас алмай кітапты жастанып ұйықтайды, әбден титықтады». Мұндай дайындықтан нәтижеден жоғары нәтиже шығады деу қиын. Күн тәртібі сақталмаса, ол стресс алуы мүмкін. Қолы бос кезде: Сүйікті ісімен айналысу. Таза ауада серуендеу; Үй шаруасына көмектесу; Өзіне жүктелген міндеттерді атқару; Кітап оқу; Достарымен араласу т.с.с Тамақтануы, ұйқысы бұзылса, оның себебін анықтау керек. Ол психикалық жарақат салдарынан болуы мүмкін.Жасөспірім шақта белгілі-бір мінез-қырлары айқын көрініс табады, соның салдарынан түрлі қиыншылықтар туындайды. Сондықтан бей-жәй қарамаңыз. Қанша уақытқа созылды? Соған мән беріңіз. Егер нақты бір жәйт әсер еткеннен кейін үйде қолдау көрсетілсе де оң өзгеріс болмаса, арнайы маманның (психолог, психотерапевт) кеңесіне жүгінген абзал. Стресс пен күйзеліске түскен балаға қалай көмектесеміз? Жақын тартып байыппен сөйлесу; Көңілкүйіне назар аудару; Мәнжайды анықтау; Баладағы өзгеріске сақтықпен қарау; Өз проблемасымен жалғыз қалдырмау; Проблемасына түсіністікпен қарап, сонымен бірге екенін білдіру; Көңілін аулау; Қызығушылығын ояту; Психологиялық қолдау көрсету; Стресске қарсы тәсілдерді – серуендеу, музыка тыңдау, дене жаттығуларын іске асыру. |
2023-12-04 09:21:03 |
Скачать Смотреть |
Жас мамандармен « Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты өткізілген тренингтің ақпараты27.09.2023 күні жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «« Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты тренинг өткізді. Тренинг қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою және біріктіруге арналған «Шеңбер бойынша қол шапалақтау» жаттығуымен басталды. Жас мамандар әртүрлі жағдаяттан шығу жолдарын шешіп, өз ойларын жеткізді. Сенімділік және құрметтілік атмосферасына құрылған тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, жағымды сөздер айтып аяқтады. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие |
2023-12-04 08:48:25 |
Скачать Смотреть |
Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қаңтарда № 26513 болып тіркелді |
2023-12-04 08:46:39 |
Скачать Смотреть |
11-сынып оқушыларымен «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» атты өткізілген тренингтің ақпараты17.11.23 күні мектеп психолгі 11-сынып оқушыларымен «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» мақсатында тренинг өткізілді. Оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз-өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру. Оқушылармен «Сәлемдесу», «Мен өзіме сенімдімін»,«Жылдамдық» жаттығуларды орындалды. «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» жадынамасы таратылып , талқыланды. @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие |
2023-11-17 15:29:22 |
Скачать Смотреть |
9-10 сынып оқушыларымен«Мамандық еліне саяхат» атты өткізілген тренингтің ақпараты.14.11.23 күні 9-10 сынып оқушыларымен «Мамандық әлеміне саяхат» атты тренинг өткізілді. «Мамандық тандау-өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» екендігі айтылды. Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау мақсатында өткізілген тренингте «Сенің ерекше қабілетің», «Ми шабуылы»,«Ең жақсы мамандық.» жаттығулары орындалды. Оқушылар жағдаятты шешу барысында өздерін белгілі бір маман иесі ретінде жауаптарын жеткізді. @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие |
2023-11-14 14:24:57 |
Скачать Смотреть |
Amanat 111 біріңғай мемлекеттік байланыс орталығыAmanat 111 біріңғай мемлекеттік байланыс орталығы |
2023-10-27 14:00:40 |
Скачать |