The work of a psychologist

Category: the work of the psychologist

7-8-9 - сынып оқушыларынан «Сіз өз құқығыңызды білесіз бе»? тақырыбында өткізілген сауалнама қорытындысы

Өткізілген күні: 15.11.2022жыл Қатысуышлар: 7-8-9- сынып Қатысқан оқушы саны: 104 15 қараша күні 7-8-9- сынып оқушыларына «Сіз өз құқыңызды білесіз бе?» тақырыбында саланама жүргізілді. Сауалнама 10 сұрақтан құралған және жабық түрде жүргізілді.

2022-11-17 10:08:24

To download To watch

9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 4- сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

14 қараша күні мектеп психологы Сатимбекова Р.М. баланың қабілетін, ақыл-ойын дамыту, көңіл-күйін игере білуге және басқаруға арналған психологиялық тренинг өткізіді. Сыныпта оқушылардың көңіл күйлерін дұрыс бағалай білу мақсатында « Менің көңіл-күйім» жаттығуы жүргізілді. Ойлау қабілетін дамыту әдістемесі бойынша «Төртінші артық» атты жаттығуы орындалды. Жаттығу барысында оқушылар бір-бірімен бірлесе жұмыс жасады. Тренинг соңында оқушыларға есімдері жазылған жапырақтар таратылып, тілек жазу ұсынылды. Жазылған тілектер жақсылыққа бағытталған болу керектігі ескерілді. Соңында әр оқушының пікірі тыңдалды. Психолог: Сатимбекова Р.М.

2022-11-16 12:08:43

To download To watch

мектеп психологының 10- сынып оқушыларымен жүргізілген іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 14.11.2022 күні мектеп психолгі 10- сынып оқушыларымен сыныптағы қарым-қатынасты нығайту, өзіне деген сенімділік қабылетін дамыту мақсатында « Адами қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингті жағымды атмосферамен бастап, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру үшін «Менің есімім» жаттығуы орындалды. «Өзіңді тереңірек тани біл» тақырыбында берілген сөздер арқылы әр оқушыға сипаттама берілді. «Мен ғажаппын» жаттығуында өздеріне баға беріп, мақтау, мадақтау сөздерді көбірек айтылу керектігі ескерілді. Тренинг соңында, оқушылар бір-біріне тілектерін жеткізіп, релаксациялық жаттығу жасалды. Психолог: Сатимбекова Р.М.

2022-11-14 10:48:26

To download To watch

«Мен және менің ұжымым» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 01.11.2022 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова ұстаздармен «Мен және менің ұжымым» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында жеке қасиеттерін тани білу, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру маңыздылығы мақсат етілді. Мектебіміздің ұстаздары тренингке белсенділікпен қатысты. Өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге жаттығулар орындалды. Ұстаздар бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім өзінің айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп ойларын жеткізді. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-11-01 11:29:29

To download To watch

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 6-сынып қыз балаларымен «Мен ғажаппын!» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 27.10.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 6 - сынып қыз балаларымен жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, эмоционалды көңіл – күйлерін көтеру мақсатында тренинг өткізді. «Бәрі мен туралы» атты жаттығуда өздерінің қызығушылықтарымен бөлісіп, «Мен ғажаппын» бөлімінде ортаға шығып ерекше қасиеттерін айтты. Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, сұлулығын жоғары қоя білуді, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамытып, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескертті. #Балаларжылы09 #balkash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие#@umckrg!

2022-10-27 16:28:45

To download To watch

8-сынып ұл балаларымен «Мен достарыммен біргемін» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 13.10.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 8-сынып ұл балаларымен «Мен достарыммен біргемін» атты тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: оқушылардың өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау және бір-біріне бауырмал, жақын ететін ізгілікті қарым-қатынас орнату.Тренингте оқушылар топқа бөлініп жұмыс жасады. Өздерінің қызығушылықтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешті. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-10-13 14:51:38

To download To watch

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының бірінші сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

10 қазан күні мектеп психологы Сатимбекова Р.М. баланың қабілетін, ақыл-ойын дамыту, ертегі айтып оның мағынасын түсіндіру, сандарды,геометриялық фигураларды, түстреді ажырата білу мақсатында психологиялық жаттығулар өткізіді. Сыныпта «Шеңбер бойындағы доп», «Зейінді бол», «Шаршыны тап» атты жаттығулар жасалды. Оқушылар эмоциялық жай-күйін көрсетіп , берілген тапсырмаларды орындап шықты.

2022-10-10 11:56:01

To download To watch

«Қауіп-қатер тобына жататын балаларға көмек көрсетудегі мұғалім рөлі» атты өткізілген іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 4.10. 22 күні мектеп психологы Р.М.Сатимбекова «Қауіп-қатер тобына жататын балаларға көмек көрсетудегі мұғалім рөлі» атты тақырыпта баяндама оқыды. Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында өткізілген іс-шарада қауіп факторлар мен себептері айтылды. Мектеп тарапынан жасөспірімдерге қандай қолдау көрсетуге болады, олармен қай бағытта жұмыстар атқарылатыны түсіндірілді.

2022-10-06 11:39:16

To download To watch

5 және 9 сынып ата-аналарымен «Егер балада аутодеструктивті мінез-құлық белгілері байқалған жағдайда не істеуге болады?» деген тақырыпта өткізілген іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 4.10.22 күні мектеп психологы бесінші және тоғызыншы сынып ата-аналарына «Егер балада аутодеструктивті мінез-құлық белгілері байқалған жағдайда не істеуге болады?» деген тақырыпта баяндама оқып, ұсыныстар айтты. Аутодеструктивті міңез-құлықтың баланың қалыпты дамуына, психологиясына әсер етуі жайлы ақпараттар берілді. «Бірбеткей баланы қалай тәрбиелеу керек? Өсу мен салауатты дамуды қолдау үшін қандай әдістерді қолдану керек? Абдырамауға және беделімді қалай сақтауға болады?» – деген сұрақтарға жауап алды. Жасөспірімнің ата-аналарына арналған ұсыныстар айтылды.

2022-10-04 14:11:50

To download To watch

7-сынып оқушыларымен «Өз көңіл-күйіңе әсер ет!» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 03.10.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 7 сынып оқушыларына «Өз-көңіл-күйіңе әсер ет» атты тренинг өткізді. Оқушылардың өз мінезіне басшылық жасай алуын, көңіл-күйін игере білуге және басқаруға қалыптастыру мақсатында өткізілген тренингте жағымды көңіл-күйдің әсерін түсініп, сезіне білді. Есте сақтау қабілеттерін тексеріп, логикалық жұмбақтар шешті. Соңында оқушылар өздерінің тілектерін арнады.@balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-10-03 11:00:14

To download To watch

8-сынып оқушыларымен «Өмірімнің мәні...» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 26.09.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова жасөспірімдер арасында жағымды ахуал қалыптастыру және өмірге деген құлшынысын арттыру мақсатында «Өмірімнің мәні ...» атты тренинг өткізді. Оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге арналған жаттығулар орындалып, қорқыныш сезімінен арылуға және өзіне деген сенімділікті арттыруға арналған ойындар ұйымдастырылды. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-09-26 09:30:42

To download To watch

11-сынып оқушыларымен «Сенімділік – менің серігім!» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 22.09.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 11-сынып оқушыларына ҰБТ-ке байланысты өзіне сенімділігін арттыру мақсатында «Сенімділік – менің серігім!» атты тренинг өткізді. Оқушылардың психикалық көңіл-күйлерін көтеруге, өз бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, стресстен арылуға арналған жаттығулар орындалды. Оқушылар өз қызығушылықтарымен бөлісіп, бір-біріне жылы сөздерін арнады. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-09-22 14:36:59

To download To watch

First 1 4 5 6 7 8 14 Last