The work of a psychologist

Category: the work of the psychologist

Memo for parents of 11th grade students

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Ең бастысы баланың білім алуына қажетті жағдай жасау. Сынақ тапсырудағы жетістіктер көп жағдайда ата – аналардың қарым-қатынасы мен жауапкершілігіне байланысты болады. Баланың сынаққа жақсы дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңестерді орындап көріңіз: – Баланың сынақта алатын ұпай санына бола мазасызданбаңыз. Оған ұпай саны ең маңызды нәрсе емес деген ойды қалыптастырыңыз; – Сынақ қарсаңында баланың мазасын көп алмаңыз, себебі-бұл тест қорытыныдысына кері әсерін тигізеді. Бала жас ерекшеліктеріне байланысты көңіл-күйін тежей алмай, сынып кетуі мүмкін; – Үйдегі басқа адамдар кедергі келтірмеу үшін, дайындық жасауға ыңғайлы орын әзірлеңіз; – Тақырыптарды әр күнге бөліп дайындауға көмектесіңіз; – Балаңызды сынаққа дайындалудың әдісімен таныстырыңыз; – Тест жұмысы басқа үйреншікті ауызша және жазбаша сынақтардан басқаша болғандықтан, пәндер бойынша тест тапсырмаларын әр түрлі нұсқада дайындап, баланы бірнеше рет әзірлеңіз; – Тест тапсырмаларына дайындалған кезде, балаңызға уақытты дұрыс және үнемді пайдалануға үйретіңіз; – Балаңыздың өзіне деген сенімділігін арттырыңыз, көңіл-күйін көтеріңіз; – Сынаққа дайындалу уақытын қадағалап, артық күш түсірмеңіз; – Баланың дұрыс тамақтануын қадағалаңыз. Өрік, мейіз, балық, ірімішік тағамдары баланың ми қызметін жақсартады; – Сынақ алдында балаңыздың толық демалып, тыныш ұйықтауына жағдай жасаңыз; – Сынақтан кейін балаңызды сынамаңыз; – Сынақ болатын күні таңертеңгі ас, калориясы мол тағамдардан болғаны дұрыс. Тестке 1-күн қалғанда 1. Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айпаңыз. 2. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз. 3. Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз. 4. Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз, керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз. 5. Таза ауада достарыңмен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді. 6. Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз. 7. Балаңызды ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз. Тест күні 1. Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз. 2. Суық суға жуынуын, гимнастикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз. 3. Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз. Тест күнгі тамақтану үлгісі: 1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтабауғада болмайды. 2. Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды. 3 .Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс. Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз? Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау, ашулану, тұйықталу сияқты әртүрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз.Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесін хабарлағанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілек білдіріңіз.

2021-02-22 09:27:29

To download To watch

Psychologist's consultation for parents "problems of modern adolescents and ways to solve them"

In February, parents were given psychological online consultations on the topic "problems of modern teenagers and ways to solve them".

2021-02-22 09:24:58

To download To watch

Girls 'hour"what is sex life and Prevention of early pregnancy"

In February, girls of grades 9, 10, 11 were given a psychological conversation-consultation on the topic "What is sex life and Prevention of early pregnancy". The purpose of the event is to prevent negative events that occur in the world and in the country as a whole, and to give advice on how to properly pay attention to the upbringing of girls, explaining how harmful it is to the health of early pregnancy among girls. What is early pregnancy for girls? A social video about early pregnancy, psychological advice was given to the girls.

2021-02-19 12:45:29

To download To watch

"Мамандықты оңай таңдауға көмектесетін 4 сұрақ" тақырыбында психолог кеңес

Еңбек күніне орай Zoom платформасы арқылы 9 сынып оқушыларына арналған "Мамандықты оңай таңдауға көмектесетін 4 сұрақ" тақырыбында психолог кеңестері айтылды. Мақсат: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификациясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.

2020-09-27 12:19:48

To download

7-11 сынып қыз балаларымен «Үлгілі үйдің қыздары" атты онлайн жиналыс.

2020 жылдың 23қыркүйек күні Zoom платформасы арқылы 7-11 сынып қыз балаларымен «Үлгілі үйдің қыздары» атты онлайн-жиналыс өтті. Мақсаты: қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қыздарды инабатты қыз болып өсуге баулу.

2020-09-24 07:12:36

To download

Мектеп психологінің мамандық таңдау бойынша кеңестері

Мектеп психологінің мамандық таңдау бойынша кеңестері

2020-04-17 12:32:19

To download To watch

Баланың ойлау қабілетін дамыту

.

2020-04-13 13:38:54

To download

«Өмір сен маған қымбатсың!» тренинг-сағат

Қаңтар айында 6 -7 сынып оқушыларымен «Өмір, мен сені сүйемін!» тренинг-сағаты өтті.Мақсаты: Жасөспірімдер арасында өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу жолдары. Жасөспірімдерге, өмір құндылығын сезінуге, оған бейімділікке, бір-бірлерімен жақсы қарым - қатынаста болуларына шақыру, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру.

2020-02-13 09:56:12

To download To watch

«Сынып және мен» тренинг-сағат

Қаңтар айында 1-2 сынып оқушыларымен «Сынып және мен» тақырыбында тренинг-сағат өткізілді. Тренинг мақсаты: Сынып ұжымын біріктіру. Қолайлы психологиялық климат орнату,достыққа үйрету.

2020-02-13 09:53:54

To download To watch

«Өзін-өзі бағалауын арттыру» тренинг-сағат

Қаңтар айында 4 сынып оқушыларынан «Өзін-өі бағалау» тестісі алынды. Тест қорытындысы бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалауын арттыру мақсатында «Өзін-өзі бағалауын арттыру» тренинг-сағат өткізілді.

2020-02-13 09:50:20

To download To watch

«Қыздың өзі де, тәрбиесі де нәзік!» тренинг-сағат 2019-2020 оқу жылы

Желтоқсан айында 9-10 сынып қыздарымен «Қыздың өзі де, тәрбиесі де нәзік!» психологиялық тренинг-сағаты өткізілді. Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.

2020-02-13 09:46:54

To download To watch

«Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» тренинг-сағат

Қараша айында 1 Ә сынып оқушыларының ата-аналарымен «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» психологиялық тренинг-сағаты өткізілді. Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру.

2019-11-18 10:58:26

To download To watch

First 1 9 10 11 12 13 14 Last