ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫН

Дәреже: ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫН

2021 жылдың 20 қаңтарында «Бірге оқимыз» жобасы аясында ZOOM платформасында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Балқаш қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі Зейнетуллина

2021 жылдың 20 қаңтарында «Бірге оқимыз» жобасы аясында ZOOM платформасында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Балқаш қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі Зейнетуллина Толқын Көбестаевна "Әдебиеттік оқуда оқу мақсаттарына сәйкес жазылым дағдысын қалыптастыру" тақырыбында өткізген практикалық семинарда әдебиеттік оқу бағдарламасындағы жазылым бөліміне сәйкес оқу мақсатына жетудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып,

2021-01-21 18:26:08

Скачать

2021 жылдың қаңтар айында С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясында кезекті педагогикалық кеңес «Жобалық – зерттеу білім беру ортасын құру: тәжірбие, өзекті мәселелері және оны шешу жолдары» атты тақырыбында ZOOM платформасында өтті. Күн тәртібінде

2021 жылдың қаңтар айында С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясында кезекті педагогикалық кеңес «Жобалық – зерттеу білім беру ортасын құру: тәжірбие, өзекті мәселелері және оны шешу жолдары» атты тақырыбында ZOOM платформасында өтті. Күн тәртібінде «Зерек» жобасы – білім беру мазмұнын жаңартудың бір бағыты тақырыбымен алғашқы болып бастауыш сынып мұғалімдері Нығанқызы А. және Жақсыбай Г.Ж. өз баяндамаларын ұсынып, Облыстық «Зерек» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарымен әріптестерімен бөлісіп, өзара іс – тәжірбие арқылы оқу қызметін жетілдіруге, бастауыш мектеп жасындағы балалардың шығармашылық дамыту жұмыстарының ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар Оқушылардың дарындылық қабілеттерін дамыту кезінде ғылыми зерттеушілік жұмыстарын жүзеге асыруда қолданылатын көмекші онлайн конструкторларды тиімді қолдану тәсілдерімен информатика пәнінің мұғалімі Алина Б.С. кезекті мәселе бойынша өз баяндамасында оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын дамыту мәселелерімен қоса шешу жолдарын ұсынды. Саменова А.М. бүгінгі қазақ ақындарының өмірі мен тыныс – тіршілігі, олардың поэзиясымен таныстыру мақсатында ақындық қабілеті бар дарынды балаларды қолдау, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру арқылы «Жыр жалын» әлеуметтік жобасы аясында жүргізілген жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар ІІ тоқсанның білім сапасының көрсеткіштері талқыланып, білім сапасын арттыруда мұғалімдердің жұмыстарына сараптама жасалып, туындаған мәселелердің шешу жолдары көрсетілді.

2021-01-20 14:49:33

Скачать

«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ сабақты зерттеу барысында мектеп тренері Исабаева А.Т. фокус топ мүшелерімен оқыту проблемаларын ынтымақтастықта шешуді ұйымдастыру, мұғалімдердің командалық жұмысын ұйымдастыру, мектептегі үдерістерді жосп

«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ сабақты зерттеу барысында мектеп тренері Исабаева А.Т. фокус топ мүшелерімен оқыту проблемаларын ынтымақтастықта шешуді ұйымдастыру, мұғалімдердің командалық жұмысын ұйымдастыру, мектептегі үдерістерді жоспарлау, зерттеу үдерісіне эвалюация жасау (сапаны бағалау) сынды сабақты зерттеу үрдісінің мазмұнының негізгі бағыттарын түсіндіріп, мұғалімдермен өзара тәжірибе бөлісті.

2021-01-20 14:47:54

Скачать

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 5 желтоқсан күні мектеп әкімшілігінің отырысы өтті. Онда кезекші сыныптардағы мұғалімдер мен оқушылардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау шаралары, ІІ тоқсанның БЖБ, ТЖБ өткізілу тәртібі, мұғалімд

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 5 желтоқсан күні мектеп әкімшілігінің отырысы өтті. Онда кезекші сыныптардағы мұғалімдер мен оқушылардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау шаралары, ІІ тоқсанның БЖБ, ТЖБ өткізілу тәртібі, мұғалімдерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары таныстырылды.

2020-12-07 09:33:27

Скачать Смотреть

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Ракишева Мөлдір Аманжоловна «Бірге оқимыз» инновациялық жобасы аясында «Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық воркшоп өткізіп, тәжірибесі

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Ракишева Мөлдір Аманжоловна «Бірге оқимыз» инновациялық жобасы аясында «Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық воркшоп өткізіп, тәжірибесімен бөлісті.

2020-12-07 09:31:49

Скачать Смотреть

30 қараша күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының, Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Уалиева Ә.М. «Мек

30 қараша күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының, Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Уалиева Ә.М. «Мектеп-гимназиядағы әдістемелік қызметтің даму аймағы: ізденіс, мәселелер, шешу жолдары» тақырыбында онлайн есеп берді. Онда мектеп-гимназияның әдістемелік қызметінің тақырыбы, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда анықталған поблемалардың шешу жолдарын SWOT талдау жасап, проблеманы шешудің негізгі тетіктерін ұсынды. Отырысқа әдістемелік - орталықтың маманы Сулейменова Г.О. қатысып, ұсыныстарын ортаға салды.

2020-11-30 16:31:39

Скачать Смотреть

27 қараша күні Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері ZOOM платформасында қалалық воркшоп өткізді.

27 қараша күні Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері ZOOM платформасында қалалық воркшоп өткізді. Мектеп тренері Исабаева Айман Турсымбековна “Қашықтықтан оқу жағдайындағы коммуникативтік дағдыларды меңгерту ерекшеліктері” тақырыбында әр тілдік дағдыға жеке тоқтала өтіп, ҚО аясында осы дағдыларды тиімді қолданудағы материалдар көздері сайттары көрсетіліп, жазылым дағдысын жүзеге асыруда көмегі тиетін Twiddla тақтасымен жұмыс жасау әдістерімен таныстырып өтті. Карабалина Маржан Куанышовна «Зерек жобасын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында жобаның әдіс-тәсілдерін ұсынып, кинезиологиялық жаттығулар мен IQ ойындарының бірнеше түрлерімен таныстырып, оның пайдасы жөнінде шағын мағлұмат берді. Семинар соңында кері байланыс жасалып, рефлексия жүргізілді.

2020-11-30 08:15:49

Скачать Смотреть

Описание к ролику ШЮЮ каз

Описание к ролику ШЮЮ каз

2020-11-26 16:18:02

Скачать Смотреть

Описание к ролику КА МВД РК каз

Описание к ролику КА МВД РК каз

2020-11-26 16:17:11

Скачать Смотреть

13 қараша күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Накипбекова Жанар Сайлауқызы «БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру» тақырыбында семинар өткізіп, БЖБ, ТЖБ арналған тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктерін, оны құрудағы қиындықт

13 қараша күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Накипбекова Жанар Сайлауқызы «БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру» тақырыбында семинар өткізіп, БЖБ, ТЖБ арналған тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктерін, оны құрудағы қиындықтар мен оны шешу жолдарын көрсетіп, тәжірибе алмасты.

2020-11-16 14:51:17

Скачать Смотреть

13 қараша күні Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Магрупбекова Мирагул Кайырзадаевна облыстық «Зейін» жобасының аясында "4-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында мектепішілік се

13 қараша күні Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Магрупбекова Мирагул Кайырзадаевна облыстық «Зейін» жобасының аясында "4-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында мектепішілік семинар өткізді. Семинарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалардың түрлерін көрсетіп, олардың балаларға әр түрлі өмірлік жағдайларды шешуде айтарлықтай көмектесетіні туралы айтып, өзара тәжірибе алмасты.

2020-11-14 14:39:48

Скачать

12 қараша күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында ZOOM платформасында «Қашықтықтан оқыту – заман талабы» педагогикалық кеңес өтті.

12 қараша күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында ZOOM платформасында «Қашықтықтан оқыту – заман талабы» педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде «Қазақ тілі мен әдебиет пәнін қашықтықтан оқытудағы платформалардың тиімділігі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тлеубекова М.М., «Физика пәнін қашықтықтан оқытудағы әдіс – тәсілдер» тақырбында физика пәні мұғалімі Аманкелдыева А.С. «Тарих пәнінде қашықтықтан оқытуда сандық технологияларды қолдану» тақырыбында тарих пәні

2020-11-12 22:11:04

Скачать

бiрiншiсi 1 2 3 соңғысы