Директордың өмірдерегі

Манатаева Гулзада Мукатаевна (1972 ж. 23.03)

 

Туған жері: Қарағанды облысы,  Шет ауданы, Төменгі Қайрақты кенті

Білімі: жоғары, О.А.Байқоныр атындағы Жезқазған  университеті.

Мамандығы: география және экология пәнінің оқытушысы

Еңбек жолы:

• 1989 жылы Ақадыр ауданы  Төменгі Қайрақты кентінің Қайрақты орта мектебін тәмамдап, аталған  мектепте тәлімгерлік қызмет атқарады.

• 1992 жылы Балқаш қаласындағы педагогикалық училищені үздік аяқтап, Қайрақты орта мектебінде еңбек жолын жалғастырды.

• 2000 жылы Балқаш қаласы №18 орта мектебінде  география пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. 

• 2006 жылы Балқаш қаласының №4 Н.К.Крупская атындағы орта мектепте экология және география пәні мұғалімі болып жұмысын жалғастырды.

• 2009 жылы Балқаш қаласының гимназиясында география пәні мұғалімі болып жұмыс жасады.

• 2010 жылы Балқаш қалалық гимназиясында директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары ретінде ауыстырылды.

• 2014 жылы Балқаш қаласының №4 Н.К.Крупская атындағы орта мектебіне директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары болып ауысады.

• 2017 жылы Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында директор лауазымына тағайындалды.

Жетістіктері мен марапаттары: 

Отандық білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін тәуелсіз Қазақстанның жаңашыл педагогтарына кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялардың тұрақты, белсенді қатысушысы. ҚР БА ПШО мен АОО «НИШ» біріккен  бағдарламасы бойынша алғыс хат,. ҚР БТО алғыс хаты, қала әкімінің алғыс хаты және ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталған.

Зерттеу жұмыстары: Республикалық ғылыми-әдістемелік баспа беттерінде тәжірибесімен бөліседі. 2 халықаралық, 3 облыс деңгейіндегі  ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысып, модератор болып, алғыс хаттармен марапатталған. Қазіргі ақпараттық технологиялардың дамуының білім беру жүйесіндегі ҚР білім және ғылым министрлігі мен Майкрософт Қазақстан арасындағы келісім шеңберінде ҚР жаңашыл мұғалімдерінің  Microsoft  Жазғы мектеп сертификаты және Қарағанды облысының ОӘО сертификаттарының иесі.