Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

 

Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасыныңнегiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiңбiрi. ҚР Президентiнiң“Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялықзаңкүшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеті елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiңжүрегi. Шаңырақ— мемлекеттiңтүп-негiзi — отбасыныңбейнесi.

Шаңырақ— Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiңқозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ— киiз үйдiңкүмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасыныңбейнесi.

Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтыңсәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстыңбейнесi.

Қанатты тұлпар — қазақпоэзиясындағы кеңтараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздыққиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтыңкейпi. Қанатты тұлпарУақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол - өлмес өмiрдiңбейнесi. Бiр шаңырақтыңастында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқыныңөсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiңтәжi iспеттi. Әрбiрадамныңжол нұсқайтын жарықжұлдызы бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ

 

 Қазақстан Республикасыныңмемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасыныңмемлекеттiк негiзгi рәмiздердiңбiрi. ҚР Президентiнiң“Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялықзаңкүшi бар Жарлығымен (24.01.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме.

Оныңортасында арайлы күн, күннiңастында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттықоюлармен кестеленген тiк жолақөрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудыңенi ұзындығыныңжартысына тең. ҚР мемлекеттік туыныңавторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.
Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашықаспанныңбиiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқыныңбiрлiк, ынтымақжолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлықхалықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштықпен жақсылықтыңнышаны болған.Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оныңтүрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiңөзге де халықтарындағы көк түстiңмәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқыныңжаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiңтазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.Нұрға малынған алтын күн тыныштықпен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiңжәне өмiрдiңбелгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiңбастауындай, билiк, айбындылықбейнесi. Ұлан-байтақкеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ныңеркiндiк сүйгiш асқақрухын, қазақхалқыныңжан-дүниесiнiңкеңдiгiн паш етедi.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны

 Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев

Алтын кун аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермегең

Қазағым мықты ғой.

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемің, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!