Ботақан, қазақша үйренейік!

Категория: Балақай, қазақша үйренейік!

«Балақай, қазақша үйренейік!»

Қымбатты ата-аналар мен сүйкімді балақайлар! Біздің балабақшада қазақ тілін қызықты әрі жеңіл үйренуге мүмкіндік береді «Балақай, қазақша үйренейік!» • Қазақша әндер мен өлеңдерді жаттап, • Түрлі ойындар арқылы сөздік қорын дамытып, • Мультфильмдер мен ертегілерді тыңдай отырып, тілді табиғи түрде меңгереді. Мақсатымыз – балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, оны күнделікті қарым-қатынаста еркін қолдануына жағдай жасау. Балаңызбен бірге үйреніңіз, ойнаңыз, сөйлеңіз! Қазақ тілі – біздің мақтанышымыз. Кішкентай жүректерге қазақша сөйлету үлкен жетістік!

2025-05-08 10:18:28

Скачать Смотреть

"Қазақшаң қалай,балақай?"

“Қазақшаң қалай балақай?” жобасы шеңберінде іс-шара өтті. Жобаның ұраны: “Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!”. Іс-шараның — ата-ана, бала, педагог үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауының жемісі екенін бірден ұғынуға болады.Бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік қасиетті қалыптастыру мақсатында жоба барысында “Текемет басу” , “Тұсау кесу”, “Бесікке салу”, “Құрақ құрау” дәстүрлері және ұлттық ойындарымыздың бірі — “Асық ату” көрсетілді. Мектепалды даярлық тобының ерікті аналарының бірі сәбиін бесікке бөлеп, бесік жырын айтты. Анамыз “ Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялында сақталып, ананың мейірім-шапағатын арттырады” — дейді. Сонымен қатар балалардың сөздік қорын дамыту және қазақ тілін оқыту, ата-аналармен байланыста болу үшін жасалған мобильді стенд кітапшасы таныстырылды. Бұл кітапша арқылы ата-аналар балаларына қазақ ертегілерін оқып, әндерін қосып бере алады. Іс-шара бүлдіршіндердің “Үйшік” және “Бауырсақ” ертегісі қойылымдарымен аяқталды.“ Біздің басты мақсатымыз: Қазақ тілі мен дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті қазынамыз. Бүлдіршіндерді ата-бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету, педагог пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту” . ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының міндеті»- деп нақты атап, көрсетіп берген еді. Халқымыздың тілін, салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын құрметтеп, қолдап, дәріптеп жүрген жобаның мерзімі ұзағынан болсын деп тілейміз.

2025-05-05 15:09:13

Скачать Смотреть

Қазақ тілін үйренуге арналған нұсқаулықтар

https://www.instagram.com/kazformoms_publishing/#

2022-10-27 16:41:40

Скачать Смотреть

Қазақша сөйлеп үйренеміз

ата-аналарға арналған кеңес

2022-10-27 16:32:37

Скачать

QR-код арқылы қазақ тілін үйрену

Ата-аналарға арналған материалдар. Кодты сканерлеу арқылы, материалды көруіңізге болады!

2022-10-27 16:30:40

Скачать Смотреть

Қазақ тілін үйренуге арналған порталдар

Қазақ тілін үйренуге арналған порталдар

2022-10-27 16:01:58

Скачать Смотреть