«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы
Дәреже: «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы

2-11 сынып арасында Заң талабы,заман талабы тақырыбында сынып сағаттары өтті.2-11 сынып арасында Заң талабы,заман талабы тақырыбында сынып сағаттары өтті. Іс-шараның мақсаты-оқушыларға құқықтық мәдениеттің маңызын түсіндіру, заңға деген құрметті қалыптастыру және өз құқықтары мен міндеттерін білуге баулу. Сынып сағатында құқықтық тәрбие, заң нормалары және құқықтық сауаттылық туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті. |
2026-01-28 12:05:28 |
Скачать Смотреть |
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың бойында адал еңбекке деген құрметті қалыптастыру, маңдай термен келген табыстың қадірін түсіндіру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Шараға барлық 4-сынып оқушылары белсенді қатысып, өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Оқушылар суреттерінде адал еңбектің маңызын, әр мамандық иесінің қоғамдағы орнын, еңбек арқылы жеткен жетістікті бейнелей білді. Байқау барысында балалардың тақырыпты терең түсініп, оны көркем түрде жеткізе алғаны байқалды. |
2026-01-28 12:04:25 |
Скачать Смотреть |
06.11.25 жылы Адал ұрпақ ұйымының мүшелерімен «Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты-оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық тәртіп пен жауапкершілік ұғымдарын кеңінен түсіндіру,оқушылардың өзіндік көзқарасын дамыту болды. |
2026-01-28 12:03:05 |
Скачать Смотреть |
25 жылы Мектебімізде отбасының құқықтық ережелері мен мектептің ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатында ата-аналармен жоспарлы жиналыс өткізілді.18.09.25 жылы Мектебімізде отбасының құқықтық ережелері мен мектептің ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатында ата-аналармен жоспарлы жиналыс өткізілді. Жиналысқа сынып жетекшілері, ата-аналар комитеті және мектеп әкімшілігі қатысты.Жиналыс барысында ата-аналарға отбасының құқықтық жауапкершілігі, балалардың құқықтары мен міндеттері, отбасындағы тәрбие мен бақылаудың маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен бірге мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың мектеп формасына, сабаққа қатысуына, ұялы телефон пайдалануына, мінез-құлық мәдениетіне қатысты талаптар толықтай таныстырылды. |
2026-01-28 12:01:40 |
Скачать Смотреть |
Мектебімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқушылар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында жұмыс істейтін «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жаңа құрамын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.11.10.25 жылы Мектебімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқушылар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында жұмыс істейтін «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жаңа құрамын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. Жаңа құрам алдағы оқу жылында түрлі бағыттағы шараларды жүзеге асырып, мектеп қауымдастығы арасында адалдық мәдениетін нығайтуға үлес қосады деп күтілуде. |
2026-01-28 12:00:25 |
Скачать Смотреть |