Дәреже: Все
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісіТамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі |
2022-11-14 14:19:02 |
Скачать Смотреть |
мектеп психологының 10- сынып оқушыларымен жүргізілген іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 14.11.2022 күні мектеп психолгі 10- сынып оқушыларымен сыныптағы қарым-қатынасты нығайту, өзіне деген сенімділік қабылетін дамыту мақсатында « Адами қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингті жағымды атмосферамен бастап, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру үшін «Менің есімім» жаттығуы орындалды. «Өзіңді тереңірек тани біл» тақырыбында берілген сөздер арқылы әр оқушыға сипаттама берілді. «Мен ғажаппын» жаттығуында өздеріне баға беріп, мақтау, мадақтау сөздерді көбірек айтылу керектігі ескерілді. Тренинг соңында, оқушылар бір-біріне тілектерін жеткізіп, релаксациялық жаттығу жасалды. Психолог: Сатимбекова Р.М. |
2022-11-14 09:48:26 |
Скачать Смотреть |
ЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәргері- эпидемиолог мен кездесу ақпаратыҚарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыстық ЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігері- эпидемиологы - Батырбекова Айгуль Абдолдаева мен 9.11.22 күні 8-11 сынып оқушылары кездесті. Кездесу барысында «ЖИТС – алдын алудың өзекті мәселелері» ЖИТС ауруының эпидемиологиялық (індеттің) жағдайы тақырыбында баяндама оқыды.Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. |
2022-11-09 15:55:46 |
Скачать Смотреть |
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 09.11.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 4 Ә сынып оқушысы Қаржанов Нұркелді Элвин Холлдың «Ақша жайында әңгімелейік» кітабын оқып, ақша жайлы ойымен бөлісті. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova |
2022-11-09 10:40:16 |
Скачать Смотреть |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу– баршамызға ортақ міндет» тақырыбы21- қазан 2021 жылы мектебімізде өндірістік жиналыс болып өтті. Онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу– баршамызға ортақ міндет» тақырыбы қозғалды. Мектеп директоры Жолдасова Дина Турсыновна педагогикалық әдеп,сыбайлас жемқорлық туралы және жалпы ережелері туралы айтып мағлұмат берді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Козгуренова Гүлжан Сабденбаевна мен Орынтаева Жанар Айтбековна тоқталып өтті. |
2022-11-07 09:26:42 |
Скачать Смотреть |
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Шоқтығы биік Шоқан» кітап көрмесінің ақпараты№9 ЖББ мектеп кітапханасында 5 сынып оқушылырының қатысуымен «Шоқтығы биік Шоқан» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде мектеп кітапхана қорында сақталған Шоқан Уәлихановтың қолжазбаларының фотокөшірмелері сондай-ақ, ол туралы жазылған кітаптар мен басылымдар насихатталды. Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету мақсатында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұматтар беріп, өмір жолдары мен еңбектеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар оқушыларға кітап көрмесіндегі Ш.Уалихановтың еңбектері топтасқан кітап жинақтарымен таныстырып, оқуға ұсынды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova |
2022-11-03 14:44:59 |
Скачать Смотреть |
5-7 сынып оқушылыры ата-аналарымен бірге «Оқырман отбасы» байқауы №9 жалпы білім беретін мектебімізде ұйымдастырылдыБілім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Соңғы уақытта халқымыз осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан, мемлекет тарапынан дабыл да қағылып жатыр.Соған орай, жас жеткіншектердің қызығып оқитын кітаптарын көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңыздылығын ескере отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды. Осыған орай облыстық «Бір отбасы –бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» байқауы №9 жалпы білім беретін мектебімізде ұйымдастырылып, 5-7 сынып оқушылыры ата-аналарымен бірге қатысты. Оқушылар өз отбасымен бірге таңдалған шығармаларды оқып, бейнебаяндарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша 5 Ә сынып оқушысы Қайратұлы Юсуф - Бас жүлде, 6 Ә сынып оқушысы Камила Мұқатаева І орын, 5 Ә сынып оқушысы Муканов Мұхаммед-Али- ІІ орын, 7 Б сынып оқушысы Қайратұлы Абулхаким ІІ орын, 5 Б сынып оқушысы Қайрат Назым - ІІІ орындарды иеленді.Қалалық кезенге жолдаманы 5 Ә сынып оқушысы Қайратұлы Юсуф отбасымен жеңіп алды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova |
2022-11-02 14:25:30 |
Скачать |
«Мен және менің ұжымым» атты өткізілген тренингтің ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 01.11.2022 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова ұстаздармен «Мен және менің ұжымым» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында жеке қасиеттерін тани білу, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру маңыздылығы мақсат етілді. Мектебіміздің ұстаздары тренингке белсенділікпен қатысты. Өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге жаттығулар орындалды. Ұстаздар бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім өзінің айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп ойларын жеткізді. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие |
2022-11-01 10:29:29 |
Скачать Смотреть |
«Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» шығарма байқауының ақпаратыМектебімізде 28.10.2022 күні «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» тақырыбында 11 – сынып оқушылары шығарма жазды. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мүмкіндігін көрсету, құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. |
2022-10-29 08:42:15 |
Скачать Смотреть |
Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың ақпаратыМектебімізде нашақорлықтың алдын алу мақсатында мектеп фойесіне ақпараттық стенд қойылып, мектеп оқушыларына таныстырылды. Оқушыларға жаман әдеттен аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында, сонымен қатар жасөспірімдерге зиянды әдеттер өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік, темекі, электронды темекімен ұсталғанда қолданатын шаралармен таныстырылды. #балаларжылы09 #годребенка09 |
2022-10-28 10:32:52 |
Скачать Смотреть |
«Адал болу адамға не үшін қажет» эссе ақпаратыМектебімізде 27.10.2022 күні «Адал болу адамға не үшін қажет» тақырыбында эссе байқауы өтті. Эссе байқауына 10 – сынып оқушылары қатысты. Көрнекті тарихи және заманауи қайраткерлердің мысалында жастарға адал және сатылмайтын жұмыс арқылы жетістікке жетуге болатындығын айтып түсіндірді. Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы жайында ақпарат берілді. |
2022-10-28 09:21:51 |
Скачать Смотреть |
№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 6-сынып қыз балаларымен «Мен ғажаппын!» атты өткізілген тренингтің ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 27.10.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 6 - сынып қыз балаларымен жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, эмоционалды көңіл – күйлерін көтеру мақсатында тренинг өткізді. «Бәрі мен туралы» атты жаттығуда өздерінің қызығушылықтарымен бөлісіп, «Мен ғажаппын» бөлімінде ортаға шығып ерекше қасиеттерін айтты. Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, сұлулығын жоғары қоя білуді, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамытып, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескертті. #Балаларжылы09 #balkash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие#@umckrg! |
2022-10-27 15:28:45 |
Скачать Смотреть |