Дәреже: Все
Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралыПедагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы |
2021-11-26 14:55:06 |
Скачать Смотреть |
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау және міндеттерін жүктеу туралыӘдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау және міндеттерін жүктеу туралы |
2021-11-26 14:52:17 |
Скачать Смотреть |
«Адалдық сағатына» ақпаратМектебімізде 25.11.21 күні 8-11 сыныптарға «JasOtan» жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитовпен «Адалдық сағаты» болып өтті. Адалдық сағатында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. «Адалдық» деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады.Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. |
2021-11-25 10:32:07 |
Скачать Смотреть |
Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20619 болып тіркелді. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес, "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына негізінде БҰЙЫРАМЫН: |
2021-11-24 16:31:06 |
Скачать Смотреть |
Педагогикалық әдеп коммисия мүшелері1. Алтаева Гүлфархад Хамиевна 2. Акшолакова Гүлжазира Рымкуловна |
2021-11-24 16:30:20 |
Скачать Смотреть |
Педагог мәртебесі туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ. Осы Заң педагог мәртебесін айқындайды, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді. |
2021-11-24 16:29:48 |
Скачать Смотреть |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында13- қараша 2021 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында мұғалім Әбдіғаппар Ү.С. мектеп ұстаздары арасында құқықтық білім бойынша мағлұмат берді. Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарынан азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді. |
2021-11-18 12:43:33 |
Скачать Смотреть |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені қалыптастыру» атты тақырыпта үздік бейнебаян сайысыҚараша айында 9-11сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені қалыптастыру» атты тақырыпта үздік бейнебаян сайысы ұйымдастырылды. Аталған тақырыпқа оқушылар бейнебаян жасады. 9 «ә» сынып оқушыларының жасаған бейнебаяны «Ең үздік» деп танылды. |
2021-11-18 12:30:42 |
Скачать Смотреть |
«Өзін-өзі бағалау» әдістемесінің ақпаратыМектебімізде 15. 11 жұлдызында 2, 4 сынып оқушыларынан «Өзін-өзі бағалау» әдістемесін мектеп психологы С. Абеуова алынды. Оқушылардың алдына дөңгелекшелер суреттелінген карточкалар берілді. Карточкада 9 дөңгелекшелердің ішіне өзін қай деңгейде екенін анықтау тапсырылды. Мақсаты: Оқушының өзін-өзі бағалау шамасын, ата-анамен, достарымен қарым-қатынасын анықтау, кеңес беру. |
2021-11-18 11:44:29 |
Скачать Смотреть |
«Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді?» оқушыларға арналған психологиялық пікірталасМақсаты: Оқушыларды мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, әрқашан жоғары ұстауға, еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қадір –қасиетін оқырмандарға ұқтыра отырып, оларды ұлтжандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Мектебімізде 17.11.21 жұлдызында 10-сынып оқушыларына «Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді?» деген тақырыпта пікірталас өтті. Оқушылар 3-топқа бөлініп, берілген тақырыптар бойынша өз ойларын айтып, пікірталас жүргізді. |
2021-11-18 09:14:56 |
Скачать Смотреть |
«Жемқорлық – қоғам дерті, алдын алу – ел міндеті» эссе ақпаратыМектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы іс -шаралар өткізіп отырады. 16 қараша күні «Жемқорлық – қоғам дерті, алдын алу – ел міндеті» атты тақырыпта оқушылар эссе жазды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күн тәртібіндегі басты мәселе. Мақсатымыз оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру. Адалдық ар ұждан, жан тазалығы сынды асыл қасиеттердің жиынтығы. Еліне шын берілген Адал ұрпақ - Мәңгілік елдің кепілі. Қазақстанның жарқын болашағы жастардың қолында екенін, елін, жерін сүйетін азамат өзінің қара басының қамын емес, халқының қамын ойлауы керек екендігі жайлы айтылды. |
2021-11-16 11:17:20 |
Скачать Смотреть |
«Жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру» «Қарағанды облысындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» бағдарламасы аясында оқушылардың хабардарлығын арттыру бойынша өткізілген дәрістердің АқпаратыМектебімізде Қараша айының 15-ші жұлдызында мектеп-психологы Ф. Садуакасованың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру» тақырыбында «Қарағанды облысындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» бағдарламасы аясында дәріс жүргізілді.Жасөспірімдерге өз сезімдерін билеп дағдыларын дамыта отырып және өмірлік стратегиясын таңдау мүмкіншіліктерінен хабардарлығын арттыра отырып, өз-өзіне көмектесу стратегиялары талқылады.Ерекше көңіл жасөспірімдердің өздерін жақсырақ сезіне алып, кез-келген ауыр жағдайлар мен қиыншылықтарды жеңіп шыға алатындарын да ескерте кетті. Қатысқандар: мектеп психологы: Ф.Ж Садуакасова, 8-сынып оқушылары (жалпы саны- 62 оқушы). Қолданылған материалдар: «Көңіл-күйіңді көтеріп, қуана біл» атты жасөспірімдер хабардарлығын арттыратын кітапша, PowerPoint бағдарламасындағы стандартты слайд-презентация. Мақсаты: Жасөспірімдерге өз сезімдерін билеп дағдыларын дамыта отырып және өмірлік стратегиясын таңдау мүмкіншіліктерінен хабардарлығын арттыра отырып, өз-өзіне көмектесу стратегиясы. Ерекше көңіл жасөспірімдердің өздерін жақсырақ сезіне алып, кез-келген ауыр жағдайлар мен қиыншылықтарды жеңіп шыға алатындарын да ескерте кетті. |
2021-11-15 16:08:31 |
Скачать Смотреть |