Мектеп кітапханасы
Дәреже: Мобильді кітапхана
Мобильді кітапхана
«Ұрпаққа үлгі болған ерлік жылдар» атты көрмеге11.02.2022 ж мектеп кітапханасында «Ұрпаққа үлгі болған ерлік жылдар» атты көрмеге шолу жасалды. Шараның мақсаты: Ауған оқиғасы жайлы оқушыларға мәлімет беру. Тәуелсіздік жолында күрескен аға – апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.Отанға деген патриоттық сүйіспеншілігін қалыптастыру;өз тарихына қызығушылығын арттыру. |
2022-02-11 09:21:51 |
Скачать Смотреть |
«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты кітапханалық сағат№9 жалпы білім беретін мектебінде09.02.2022ж. ұлы ақын, Мұқағали Мақатаевтың (1931-1976) туғанына 91жыл толуына орай мектеп кітапханасында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты кітапханалық сағат өтті,сонымен қатар « Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Шараға 3 Асынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларға Мұқағали Мақатаев ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып, көрмеге шолу жасау. |
2022-02-09 15:36:59 |
Скачать Смотреть |
«Алтын жүрек анамыз» тақырыбымен кітап көрмесі2.02.22 күні мектебімізде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігін аясында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбымен кітап көрмесі өткізілді. Аталған іс-шараға 3а сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпасқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. |
2022-02-02 09:44:14 |
Скачать Смотреть |
«Бала құқығы» тақырыбында мектеп кітапханасында көрмеМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Бұл туралы Қазақстан халқына арналған жаңа жылдық үндеуінде айтты. Осы орайда, «Бала құқығы» тақырыбында мектеп кітапханасында көрме жасалап оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру. |
2022-01-21 15:12:02 |
Скачать Смотреть |
Ақпарат№9 жалпы білім беретін мектебінің кітапханашы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу бұл сән » атты буктрейлер жасалды Мақсаты – әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «кітап – білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» екенін жеткізу. Бұл мақсатты орындау үшін балаларға ұсынар бізде кітаптар бар ма? Балалар әдебиетінің жай-күйі қандай? |
2021-12-15 11:34:04 |
Скачать Смотреть |
Тәуелсіздіктің 30 жылына арналған атты арналған іс-шаралар ақпаратыЖелтоқсан айында мектебіміздің кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты іс-шараға «Тұғыры биік Тәуелсіздік » атты көрмеге жасалынды. Мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіну.Кітап арқылы еліміздің экономика,өнер,білім, саясат пен мәдениеттің қалыптасу мен даму кезеңдерін қол жеткізген жетістіктерін көрсету. |
2021-12-15 11:05:31 |
Скачать Смотреть |
А.Байтұрсынұлына арналған іс-шаралар ақпаратыйЖелтоқсан айында мектебіміздің кітапханасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тарихи сабақ өткізіліп 8ә сынып оқушылары қатысыты кітапханашы К.Б.Әбдуалидың ұйымдастыруымен тарихи сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихын, ата-баба аманатына адал болуға,ерлігінен үлгі алуға ,бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйрету. |
2021-12-15 11:02:10 |
Скачать Смотреть |
«Тәуелсіздік жетістіктері » атты кітап көрмесіне шолуБүгін,11.11.2021ж мектеп кітапханасында ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік жетістіктері » атты кітап көрмесіне шолу өтті. Көрмеге ел Тәуелсіздігінің дамуы мен мемлекет ретінде қалыптасуын ,сондай-ақ еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын баяндайтын кітаптар қойылды.Аталған шараға 5Асынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін үлгі ету, желтоқсан құрбандары мен қатысушылар туралы айту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. |
2021-11-12 10:55:50 |
Скачать Смотреть |
Мектеп кітапханасының алғашқы қонағы 1 «А» сынып оқушыларыБүгін 09.11.2021 жылы мектеп кітапханасына 1 «А» сынып оқушылары алғаш рет қонаққа келді. Оқушыларды кітапханашы балалар әдебиетімен, мерзімді басылымдармен тыстырды.Балалар ашық түрлі-түсті кітаптарды аса қызығушылықпен қарады. Оқушылар кітапты қалай ұстау керектігін, кітап ережелерімен танысты. Сонымен қатар балалар өздерінің білетін өлең, тақпақ, мақал-мәтелдерімен бөлісті. Мақсаты: балаларды кітапханамен таныстыру. Ертегі кейіпкерлерін балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу |
2021-11-09 12:40:40 |
Скачать Смотреть |
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» апталығы аясында өткізілген іс-шара ақпараты2021 жылдың 29-қазаны күні №9 жалпы білім беретін мектебінде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» апталығы аясында мектеп кітапханасында 3-сынып оқушыларына «Өнер білім бар жұрттар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханалық сағат өтті. Мақсаты: алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу. |
2021-10-29 14:52:21 |
Скачать Смотреть |
А.Байтұрсынұлына арналған іс-шаралар АқпаратыҚазан айында мектебіміздің кітапханасында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты бастауыш, орта буындарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Қозгуренова және кітапханашы К. Әбдуалидың ұйымдастыруымен танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: ақынның өмір, еңбек жолымен таныстыру, өскелең ұрпаққа бай мұраларын жеткізу. |
2021-10-26 16:28:01 |
Скачать Смотреть |
«Қазақ жырының алдаспаны-Қасым» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалып,оқу сағатБүгін,12.10.2021ж ақиық ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қалам мен қаруды қатар ұстаған» атты апталық аясында мектеп кітапханасында «Қазақ жырының алдаспаны-Қасым» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалып,оқу сағаты өтті.Аталған іс-шараға 6 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Көрменің мақсаты Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы жеке тұлғасын таныту,балалардың ақын шығармашылығына,жалпы кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту.Оқушылардың туған халқының талантты ақынына,әдебиетіне,туған еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып,адамгершілікке тәрбиелеу. |
2021-10-14 15:55:21 |
Скачать Смотреть |