«Қазақ тілін меңгереміз» оқу қазақ тілі апталығы
КМҚК «Айгөлек» бөбекжайында 22-26 ақпан аралығында «Қазақ тілін меңгереміз» Оқу қазақ тілі апталығы өтті.
Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, екендігіне кең түсінік бере отырып, елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.Мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтер.
Оқу қазақ-тілі апталығының 22.02.2021 күні «Қазақ тілін сүйеміз!» тақырыбында басталды. Непоседа және «Гүлдер» мектепалды даярлық топтары «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты салтанатты ашылу рәсімін ұйымдастырды. Ұйымдастырылған іс-шара жарыс түрінде өтті. Жарыс барысында балалар тіл туралы тақпақтарды мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қоса топ балалары «Қара жорға» - қазақтың халық биінен флешмоб көрсетті.Балаларқара «Қара жорға» биін қимылдарын әсерлі және көңіл күймен орындады.
22 ақпан күні: «Қазақ тілін сүйеміз!»
23 ақпан күні: «Ертегілер еліне саяхат»
24 ақпан күні: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
25 ақпан күні: «Әжемнің ертегісі»
26 ақпан күні: «Кітап-өмір ұстазы» өтті.
Дата: 4.03.2021, 8:43 Автор: Мектепке дейінгі мекеме "Айгөлек"