Размер шрифта:

«Қазақ тілін меңгереміз» оқу қазақ тілі апталығы

«Қазақ тілін  меңгереміз»  оқу қазақ тілі апталығы
КМҚК «Айгөлек» бөбекжайында 22-26 ақпан аралығында «Қазақ тілін  меңгереміз»  Оқу қазақ тілі апталығы өтті. 
 
Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, екендігіне кең түсінік бере отырып, елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.Мемлекеттік тілді  кеңінен  насихаттау, тілдің  қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін  көтер.
Оқу қазақ-тілі апталығының 22.02.2021 күні  «Қазақ тілін сүйеміз!»  тақырыбында басталды. Непоседа және «Гүлдер» мектепалды даярлық топтары «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты салтанатты ашылу рәсімін ұйымдастырды. Ұйымдастырылған іс-шара жарыс түрінде өтті. Жарыс барысында балалар тіл туралы тақпақтарды мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қоса топ балалары «Қара жорға» - қазақтың халық биінен флешмоб көрсетті.Балаларқара «Қара жорға» биін қимылдарын әсерлі және көңіл күймен орындады.
22  ақпан күні: «Қазақ тілін сүйеміз!»
23  ақпан күні: «Ертегілер  еліне  саяхат»
24  ақпан күні: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
25  ақпан күні: «Әжемнің ертегісі»
26  ақпан күні: «Кітап-өмір ұстазы» өтті.