Жаңалықтар

ҮЕҰ - Қоғам игілігі үшін жұмыс жасаймыз!

Дәреже: Референдум-2022
Дата: 2022-06-30 09:49:05
https://www.facebook.com/gulden.yeskendirovna/videos/738320547442168 https://www.instagram.com/p/Cfaif8UFqGl/

Қазақстан мен Никарагуа екі ел арасында визасыз сапар шегу мүмкіндігін талқылады

Дәреже: Референдум-2022
Дата: 2022-06-30 09:34:11
Қазақстан Республикасы мен Никарагуа Республикасы арасында бейнеконференция форматында бірінші консулдық консультациялар өтті. Қазақстандық тарапты ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, Никарагуа тарапын Сыртқы істер вице-министрі Иван Лара басқарды. Тараптар, консулдық салада екі ел арасында мазмұнды диалогтың басталуын айта келе, екі ел арасында достас қатынаста...

ШЫҰ Бас хатшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістерге жоғары баға берді

Дәреже: Референдум-2022
Дата: 2022-06-30 09:32:18
Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті. Кездесу барысында тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің саяси, экономикалық және гуманитарлық бағыттардағы көпжақты өзара іс-қимылын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ өзгеріп жатқан геосаяси аһуал кезіндегі Ұйым қызметінің негізгі аспектілерін қарастырды...

Кореяда қазақстандық кино фестивалі ашылды

Дәреже: Референдум-2022
Дата: 2022-06-30 09:30:08
Корея Республикасының оңтүстік астанасында қазақстандық кино фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Елшісі Бақыт Дүйсенбаев, сондай-ақ Пусан қаласы мэриясы, дипломатиялық корпус, іскерлік топтар, қоғамдық пен БАҚ өкілдері, барлығы 200-ге жуық адам қатысты.   Өзінің құттықтау сөзінде Елші жыл сайын Азияның ең танымал халықаралық кинофестивалі өткізілетін қалада...

«Айбын» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы шығарылды

Дәреже: Референдум-2022
Дата: 2022-06-27 13:08:33
Қарағанды облысындағы полигонда балалар жылына және Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған «Айбын» республикалық жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының және облыстардың әскери-патриоттық клубтарының, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардының әскери колледждердің, мектеп-интернаттарының, «Жас ұла...

«Ұлттық» мәртебесі бар бес жетекші мәдениет ұйымы қызметкерлерінің еңбекақысы 75%-ға артады.

Дәреже: Референдум-2022
Дата: 2022-06-27 13:04:51
«Ұлттық» мәртебесі бар бес жетекші мәдениет ұйымы қызметкерлерінің еңбекақысы 75% - ға артады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың министрлікке бағынысты ұйымдар ұжымдарымен кездесуі барысында айтылды. Тиісті жобаны ҚР МСМ әзірлеп, ҚР Үкіметі мақұлдаған болатын. Қазіргі таңда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халы...

Мемлекет басшысы АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Дәреже: Референдум-2022
Дата: 2022-06-27 13:01:34
Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2021 жылы атқарған жұмысының нәтижелерімен танысты. Мемлекет басшысына Astana Finance Days халықаралық конференциясын өткізуге дайындық барысы туралы баяндалды. Осы жиын аясында қазіргі экономикалық күн тәртібінің мейлінше маңызды мәселелері, соның ішінде Еуразия кеңістігінің экономикалық байланыстылығын қамтамасыз ету ісін...

Қазақстандықтардың 93% отбасы құндылығын алдыңғы орынға қояды

Дәреже: Референдум-2022
Дата: 2022-06-27 12:55:32
Бүгін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алдымен комиссия жұмысының жаңартылған жоспары мен регламенті бекітілді.   «Құжат еліміздің отбасылық, демографиялық және гендерлік саясаты саласында...

Әлихан Смайылов ЕАДБ кеңесінің отырысын өткізді

Дәреже: Референдум-2022
Дата: 2022-06-27 12:53:15
24 маусымда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) кеңесінің отырысы өтті, онда Банктің 2021 жылғы жұмысының қорытындылары қаралды. Мәселен, өткен жылы Банк 19 жаңа жоба бойынша келісімдерге қол қойды. Бұл ретте ағымдағы инвестициялық портфельде интеграциялық әсері бар жобалардың үлесі 59,6%-ды құрады. ЕАДБ-ның 2021 жылғы таза пайдасы – $37,1 мл...

Қарағанды облысында 221 млрд теңгеден астам сомаға он екі инвестициялық жоба іске қосылады.

Дәреже: Референдум-2022
Дата: 2022-06-24 10:31:32
Қарағанды облысында 221 млрд теңгеден астам сомаға он екі инвестициялық жоба іске қосылады. Жыл басынан бері облыста шамамен 202 млрд теңге инвестицияланды, оның 90%-дан астамы – жеке меншік қаражат. Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Жеңіс Қасымбек айтып берді. Облыс әкімі облыстың екі аймаққа бөлінуі жоспарланған ж...

Қарағанды облысында мыңға жуық отбасы жалдамалы және несиелік тұрғын үй алады.

Дәреже: Референдум-2022
Дата: 2022-06-24 10:27:02
Қарағанды облысында мыңға жуық отбасы жалдамалы және несиелік тұрғын үй алады. Биыл 650 мың шаршы метр пайдалануға беріледі, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 11,7%-ға артық. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады. Қазіргі уақытта өңірде жеңілдікті тұрғын үй несиелендіру бағдарламалары жұмыс істейді. Олар «...

Қарағанды облысында үш жыл ішінде он тоғыз жаңа мектеп салынады.

Дәреже: Референдум-2022
Дата: 2022-06-24 10:17:39
Қарағанды облысында үш жыл ішінде он тоғыз жаңа мектеп салынады. Екі жаңа жоба биыл пайдалануға беріледі. Осы жылға жоспар – апатты мектептердің орнына екі мектептің құрылысына кірісу және 142 білім беру нысанын жөндеу. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысындағы білім беру саласының дамуы туралы айтып берді. &...

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 14 соңғысы