Қазақстан мен Никарагуа екі ел арасында визасыз сапар шегу мүмкіндігін талқылады

Қазақстан Республикасы мен Никарагуа Республикасы арасында бейнеконференция форматында бірінші консулдық консультациялар өтті. Қазақстандық тарапты ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, Никарагуа тарапын Сыртқы істер вице-министрі Иван Лара басқарды.
Тараптар, консулдық салада екі ел арасында мазмұнды диалогтың басталуын айта келе, екі ел арасында достас қатынастарды нығайтуға ниеттерін растап, консулдық саладағы ықпалдастықтағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
 
Екі ел арасындағы байланыстарды кеңейтуге жағдай жасау мақсатында Қазақстан мен Никарагуа азаматтары үшін бір біріне сапар шегу үшін визалық талаптардан босату жөнінде үкіметаралық келісімге жақын арада қол қою мүмкіндіктері талқыланды.
Дата: 30.06.2022, 9:34 Автор: "Школа искусств" г.Балхаш