«Сумен ойындар»
27 шілде күні біздің балабақшада көңіл көтеру шарасы өтті. Көңіл көтеру шарасының мақсаты- суға ұқыптылықпен қарауды қалыптастыру және балаларға қуанышты көңіл күй сыйлау. Сонымен қатар физикалық қасиеттерін дамыту: жылдамдыққа, төзімділікке, ептілікке. Балаларға Бұлт мен Күн қонаққа келді.Кейіпкерлер балалармен бірге жарыстарға белсене қатысып, ән айтып, би билеп, жұмбақтар шешті. Балаларға өте көңілді және қызықты болды.