Тіл ұстарту жаттығулар
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ ТУРАЛЫ
Қыс туралы
Ыс – ыс – ыс,
Келіп жетті қыс.
Ар – ар – ар,
Жауады қар.
Яз – яз – яз
Сақылдаған сары аяз.
Ран – ран – ран,
Соғады боран.
На – на – на,
Зулайды шана.
Күз туралы
Үз – үз – үз,
Жаңбырлы Күз
Рақ – рақ – рақ,
Саулайды жапырақ
Ел – ел – ел,
Соғады жел.
Іс – іс – іс,
Піседі жеміс.
Дай – дай – дай,
Жинаймыз бидай.
Көктем туралы
Тем – тем – тем,
Көңілді көктем.
Ыр – ыр – ыр,
Жауады жаңбыр.
Ғай – ғай – ғай,
Жарқылдайды найзағай.
Шек – шек – шек,
Шығады бәйшешек.
Ал –ал –ал,
Төлдейді мал.
Жаз туралы.
Аз – аз – аз,
Жайдары жаз.
Үн – үн – үн
Ыстық күн.
Ға – ға – ға,
Шомыламыз суға.
Яқ – яқ – яқ,
Жүреміз жалаң аяқ
Иын – иын – иын,
Болады көп ойын.
ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ТУРАЛЫ
Ие – ие – ие,
Маң – маң басқан түйе.
Та- та – та,
Жібек жүнді бота.
Иыр – иыр – иыр,
Сүт береді сиыр.
Зау – зау – зау,
Мөңірейді бұзау
Қы – қы – қы,
Кісінейді жылқы.
Шақ – шақ – шақ,
Құлдырайды құлыншақ.
Ой – ой – ой,
Қорада тұр қой.
Зы – зы – зы,
Моп – момақан қозы.
Кі – кі – кі,
Сақалды ешкі.
Ақ – ақ – ақ,
Секеңдеген лақ.
Ік – ік – ік,
Шәукілдейді күшік.
Ық – ық – ық,
Тышқан жейді мысық.
ЖАБАЙЫ АҢДАР ТУРАЛЫ
Ю – ю – ю,
Қорбаңдайды аю.
Тан – тан – тан,
Аң патшасы – Арыстан.
Ыс – ыс – ыс,
Тарғыл түсті жолбарыс
Қыр – қыр – қыр,
Бұл көкжал қасқыр.
Іл – іл – іл,
Тұмсығы ұзын піл.
Лан – лан – лан,
Шығады жылан.