«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
ТЫҢДАЛДЫ: «Айгөлек» бөбекжайы» директоры Г.Т. Ибышева қатысушыларғаҚазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының ережелерін еске салды. Сонымен қоса, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін, қандай іс-шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылатындығын атап айтты:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
- құқықтық актілерге және (немесе) олардың жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және насихаттау;
СӨЗ СӨЙЛЕДІ: С.Ж. Тилеубек педагоготарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылық, адал, әділ, кішіпейіл болу, әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтаукеректігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі қағидаттар туралы айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
С.Ж. Тилеубек педагогтарға осы айтылған мәселелерді ақпарат стендтері арқылы ақпараттандыру және білім беру ұйымының сайтында тиісті материалдарды орналастыру арқылы мектепке дейінгі мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу керектігін айтты.
ШЕШІМІ:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу
2. Ақпараттарды білім беру ұйымының сайтында орналастыру.