Балаларды қорғау күні
«Айгөлек» балабақшасында Балаларды қорғау Күніне арналған іс-шара көңілді де мерекелі өтті. Ойнаңқы әуенмен балаларға қонаққа Чупа және Чупс атты екі сайқымазақ келді. Олар қызықты ойындармен, әзілдермен, билермен балалардың көңіл-күйін көтерді. Ал қыздардың би тобы Чунга-чанга биін көрермендер қошеметпен қарсы алды. Мереке көңілді дискотекамен аяқталды. Барлық балалардың көңілі көтеріліп қалды.