Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының толық мәтіні аудио және бейне форматтарда қолжетімді
07-08-2026 08:41
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының толық мәтіні аудио және бейне форматтарда қолжетімді
 
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты Конституциялық Сот оның толық мәтінінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудионұсқасын әзірледі. Сондай-ақ Конституциялық Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында Конституцияның толық бейненұсқасы жарияланды.
 
Жоба азаматтардың Ата Заңға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аудиоформат көру қабілеті бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ ақпаратты тыңдау арқылы қабылдауды қалайтын барлық азаматтар үшін өте ыңғайлы.