SWOT талдау
Дата: 2023-09-14 09:10:20
«Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ
2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесіндегі басқару мен бақылау, педагогтердің кәсіби өсу деңгейі, білім сапасының көрсеткіші, өткізілген іс-шаралардың тиімділігі, жаңашыл жобалардың іске асырылуы бойынша жүргізілген SWOT талдауы.
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ
|
-
жыл сайын техникалық база жаңартылуда;
-
білім порталдарынан жаңа, заманауи ақпараттар алу,
-
Педагогтердің өздігінен кәсіби білімдерін жетілдіруі.
-
Мүмкіндігінше заманауи инфрақұрылымның басымдығы, қолжетімділігі
-
Мектеп-лицей оқушыларының көшбасшылыққа, оқуға деген қызығушылығының болуы;
-
Табысты оқушылардың шығармашылығын шыңдауда, дарындылығын ашуда мүмкіндіктердің болуы;
-
Мектеп-лицейдің тәрбие мен оқу процесіндегі жаңашыл жобалардың ата-аналар қолдауында; «алтын үштік» одағы, «Көшбасшылар» мектебі, «Парасат» әжелер, аналар мектебінің ұжымдық бірлігі.
-
Мектеп-лицейдің ЖОО, колледждермен әлеуметтік серіктестікті дамытуы;
-
Түлектердің сапалы еңбекке орналасуы, мемлекеттік грантқа ие болуы;
|
-
Мектептегі тәрбие бағытын дамытуға арналған жобалар бойынша оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысының жүйесі жолға қою.
-
Мұғалімдердің авторлық бағдарлама ұсынбауы;
-
Мұғалімдердің облыстық, республикалық деңгейде озық іс-тәжірибелерін ұсынуының жеткіліксіздігі;
-
«Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» курсын аяқтаған әріптестердің пән бойынша жеке топтамаларын жинақтамауы.
-
Әкімшілік мүшелерінің біліктілік санатын көтермеуі, уәжінің жеткіліксіздігі;
-
Мұғалімдердің сапалық құрамының қажетті деңгейден төмендігі;
|
МҮМКІНДІКТЕР
|
ҚАУІП-ҚАТЕР
|
-
мұғалім мен оқушының арасындағы сенімділік пен педагогикалық қарым-қатынасты орнату.
-
білім сапасын арттыруда сандық
технологияларды,заманауи бағдарламаларды ресурстық жүйе арқылы педагогикалық шеберлігін артыру бойынша жұмысты жалғастыру;
-
Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, потенциалды біріктіру.
-
Мұғалімдердің кәсіби өсуін және мансабын ынталандыру шараларын нығайту;
-
Әкімшілік мүшелерінің құрамын тұрақтандыру;
|
-
оқушылардың компьютерге, планшетке тәуелділігі,
-
теориялық білімді практикада дұрыс қолдана алмауы.
-
Жас мамандардың тәжірибе жинақтауда тәжірибиелі педагогтармен байланыс орнатпауы.
-
МТБ бойынша сұраныстың талапқа сай келмеуі, нәтижесінде көресітілген жарамдылық мерзімінен ерте істен шығуы.
-
Жалпы отбасы құндылықтарының әлсіздігі және бала тәрбиесінде жас ата-аналар жауапкершілігінің төмендігі
-
|