Бос жұмыс орны:

Конкурстық негізде  қабылдаутуралы

Хабарландыру

"Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі" КММ (Мекен жайы: Шашубай 11а, тел: 6-87-66, эл.почта: balh-oso-7584@bilim09.kz) келесі бос лауазымдарға  конкурс жариялайды:

 

  • Математикапәнінің мұғалімі – 2 бірлік;
  • Бастауыш сынып мұғалімі – 4 бірлік (бала күтіміндегі мұғалімнің орнына уақытша);
  • География пәні мұғалімі – 1 бірлік (бала күтіміндегі мұғалімнің орнына уақытша);
  • Педагог-ассистент – 1 бірлік (бала күтіміндегі мұғалімнің орнына уақытша);
  • Аға тәлімгер – 1 бірлік;
  • Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 2 бірлік;
  • Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1 бірлік;
  • Алғашқы әскери дайындық жетекшісі – 1 бірлік.

 

2025-2026 оқу жылына конкурстық негізде жұмысқа қабылдау рәсімі ағымдағы жылдың 11 тамыз бен 19 тамыз  аралығында жүргізіледі.

Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №513 бұйрығының   талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

 

БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРДЫҢ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРIНІҢЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

 

Лауазымдық міндеттері:

  • Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

- Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.

- Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.

- Электронды журналдарды толтырады.

- Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.

- Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

- Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.

- Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.

- Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

- Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

- Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

  • Оқушылардың мектеп формасын, көңіл күйлерін бақылау, сырт бейнелерін бақылау.
  • Оқушылардың сабақ аяқталған соң үйіне қайтуын қадағалау, ауысымыдағы мұғалімге сынып бөлмесін тапсыру;
  • Оқу бөлмесіндегі мектеп мүлкін сақтау, тазалығын қадағалап келесі мұғалімге тапсыру ;
  • Оқушылардың сабақ аяқталған соң үйіне қайтуын қадағалау;
  • Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
  • Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
  • Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
  • Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

  • педагогика мен психологияны,
  • пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,

-оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,

-еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға, протекционизмге, непотизмге және жақын туыстарына тікелей бағынуға жағдай жасауға жол бермеу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарына және жоғары тұрған басшылыққа кәмелетке толмағандардың немесе оларға қарсы заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздік) фактілері туралы қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс кәсіби қызметке байланысты белгілі болған.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы заңсыз миссионерлік қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 26.12.2011ж. №518-ІҮ Кодексі; Қазақстан Республикасының 27.07.2007ж. "Білім туралы" №319 Заңы; Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы 11.07.1997ж. №151-I Заңы;"Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы" 12.02.2001ж. №223 Заңы; Қазақстан Республикасы БжҒМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы"; Қазақстан Республикасының "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және балалардың қараусыз қалуы мен панасыздығын ескерту туралы" 09.04.2016 ж. №501-VЗаңы; "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасының 31.08.2019ж. №645 қаулысы; Қазақстан Республикасы БжҒМ «Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 30.04.2020 ж. №169 бұйрығы; Қазақстан Республикасы БжҒМ "Білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі және олардың нысандарын бекіту туралы" 06.04.2020ж. №10 бұйрығы; "Кейбір мәселелер туралы"Қазақстан Республикасының педагогикалық этика", заңдарын білу және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, қауіпсіздік және өрттен қорғау, санитарлық ережелер мен нормаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.

Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.

Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

 

Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог" (санаты жоқ):

оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі;

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады,

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді,

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады

2) "педагог-модератор":

"педагог" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

  • ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау дағдыларын меңгерген,
  • конструктивті және тәлімгерлікті іске асырады, білім беру ұйымдары деңгейінде жекелей немеесе ұжым болып кәсіби дамыту басымдықтарын анықтайды:

қала/өңір деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген,

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асырады және даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

облыс/республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, Республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) "педагог-шебер":

"педагог-шебер" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

авторлық бағдарламалары бар болуы және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең автор) бола алуы;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

жетекшілік етуді іске асырады және облыс деңгейінде кәсіби бірлестіктердің желісіндамытуды жоспарлайды,

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе немесе облыстық білім беру органдарының уәкілмен бекітілген республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлауы тиіс.

 

 

Аға тәлімгер

 

Лауазымдық міндеттері:

 "Жас қыран", "Жас ұлан" балалардың қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің қызметін дамытуға ықпал етеді. Білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді. Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады.

Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады.

•Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істейтін ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдай жасайды.

•Білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз

мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымдарында мәдени-көпшілік, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілерге тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды. Демалыс кезінде олардың демалысын ұйымдастырады.

•Білім алушылармен жұмыстың инновациялық тәжірибесін зерделейді және пайдаланады.

•"Қоғамға қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет", "Ата-анаға құрмет" қоғамдық маңызды жұмыстарды ұйымдастырады.

•Балалар ұйымдарының, бірлестіктердің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

•Өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

• Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

•Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, «Әдеп кодексін» және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны, физиологияны, гигиенаны, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістерін,

•бос уақытты өткізу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесін, еңбек туралы заңнама негіздерін,

•еңбекті қорғау, қауіпсіздік мен өртке қарсы техниканы, санитарлық ережелер мен нормаларды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға, протекционизмге, непотизмге және жақын туыстарына тікелей бағынуға жағдай жасауға жол бермеу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарына және жоғары тұрған басшылыққа кәмелетке толмағандардың немесе оларға қарсы заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздік) фактілері туралы қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс кәсіби қызметке байланысты белгілі болған. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы заңсыз миссионерлік қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

•Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шеберге арналған вожатый лауазымында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

• Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог - модератор": санаты жоқ педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тиіс. балалармен жеке және топтық жұмыстарды өз бетімен ұйымдастыра білуі

2) "педагог - сарапшы": педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білу, жасөспірім мен баланың мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру дағдылары болу, өткізіп отырған тәрбие жұмыстарын талдау әдістемесінің өзіндік дағдысы болу, жұмыста озық педагогикалық тәжірибені қолдануға тиіс;

3) "педагог-зерттеуші": педагог-сарапшыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастырушылық және әдістемелік қызметке өзіндік технологиялық талдау жүргізе білуі тиіс.

4) "педагог-шебер": педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастырушылық және әдістемелік қызметке өзіндік технологиялық талдау жүргізе білуі тиіс. 

 

 

Білім беру ұйымы басшысының (директорының) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.

Лауазымдық міндеттері: оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады; оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды; мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді; педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады; білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. қашықтықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін Қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін түзетеді. пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды. пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді; білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды; білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді; білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді; педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды; тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады; жыл сайын кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыруға өтінім береді; оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды; оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді; педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс:Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология негіздері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; педагогикалық этиканың нормалары; менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе " бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не " педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы. Арнайы мектеп, мектеп-интернат, арнайы мектеп-колледж, "балабақша-мектеп" арнайы кешені басшысының орынбасары (директоры) үшін: "Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл; және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы.

 

Директордың тәрбие ісі жөнiндегi орынбасардың

лауазымдық бiлiктiлiк сипаттамалары

 

         Лауазымдық міндеттері:оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің (бұдан әрі-ҰКТ), сынып жетекшiлерiнiң, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтар мен қосымша бiлiм беру педагогтерінің кызметiн жоспарлауды, кітапхана меңгерушісінің және кітапханашыныӊ, АӘДТ оқытушы -ұйымдастырушысының, мектеп мейірбикесінің жұмысын кадағалайды, талдау жасайды және бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және еткізу бойынша қажетті құжаттарды әзірлеуді камтамасыз етедi;

Өткізілетін тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасын жүйелі бақылауды жүзеге асырады.

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады.

Тәрбиелік іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.

Білім алушылардың, педагогтардың конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді.

Білім беруұйымы түлектері қауымдастығы қызметін құру және қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді.

Дебаттық қозғалысты дамытады.

Туристік сапарлар мен саяхаттарды ұйымдастырады.

"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде көп балалаы отбасылардың қатысуымен енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушiлер, педагогтер және тағы баска кызметкерлер арасында академиялык адалдык кағидаларын, сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады, құқықтық оқыту ұйымдастырады.

Ата-аналармен байланыс жүргізеді, тиісті шаралар ұйымдастырады.

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жұмысты үйлестіреді.

Төтенше жағдайдың алдын алу, азаматтық қорғаныс жұмыстарын ұйымдастырады.

"Өнегелі өмір", "Даналықтың бейсенбісі" жобаларын, "Серілер" ұлдар клубы жұмысын ұйымдастырады.

Мемлекеттік рәміздерді қолдану, насихаттау жұмыстарын қадағалайды.

Діни экстермизм мен терроризмге қарсы жұмысты үйлестіреді.

Оқушылардың қосымша білім алу, мектептен тыс шараларға қатысуын үйлестіреді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесi туралы", "Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім берудi дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын баска да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негiздерiн,

"Рухани жаңғыру", "Құндылықтарға негiзделген бiлiм беру бағдарламаларын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалык негiздерiн,

мемлекеттiк жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

экономика, каржы-шаруашылык кызмет негiздерiн,

еңбекті қорғау, техника қауiпсiздiгi және өртке қарсы қорғау ережелерi мен нормаларды.

Сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтарды жасауға, протекционизмге, непотизмге және жақын туыстарына тікелей бағынуға жағдай жасауға жол бермеу сыбайлас жемкорлыкка карсы стандартты сактау.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес кұкык коргау органдарына және жоғары тұрған басшылыққа кәмелетке толмағандардың немесе оларға карсы заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздік) фактілері туралы кылмыстык немесе әкімшілік құқық бұзушылық, оның iшiнде бiлiм беру ұйымынан тыс кәсіби қызметке байланысты белгiлi болган.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы заңсыз миссионерлiк қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

         Тиiстi бейiн бойынша жоғары және (немесе) жогары оку орнынан кейiнгi педагогикалык немесе өзге де кәсiптiк бiлiм немесе кайта даярлаудан өткенін растайтын кұжат; соңгы 3 жылдан кем емес үздiксiз педагогикалык жумыс өтілі;

         Оқытушылыққызметтi жүзеге асыру кезiнде - қосымша "педагог - сарапшы "немесе "педагог-зерттеушi" немесе "педагог - мастер" санатыныңболуы.

 

 

Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы.

 

Лауазымдық міндеттері:білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;    

оқу кабинетін жабдықтауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;

басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;

білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлық кабинеттерінің және (немесе) полигондарының материалдық базасын дамыту және нығайту, жабдықтар мен құрал-саймандардың сақталуы, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге, әскери іс негіздерін зерделеу бойынша әскери-патриоттық клубқа басшылық етеді, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді;

әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою жөніндегі алдын ала жұмысты ұйымдастырады;

білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, қысылтаяң жағдайларда әрекет ету бойынша іс - шараларды пысықтайды, қорғаныс құрылыстарының, қысылтаяң жағдайларда азаматтық қорғаныс бойынша жеке қорғаныс құралдарының әзірлігін қамтамасыз етеді;

оқу-тәрбие үдерісінде қауіпсіздік шараларын сақтайды;

білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы";

білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеу, бастапқы әскери даярлық мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

педагогикалық этиканың нормалары;

экономика негіздері, еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

"Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

"Запастағы офицер", офицерлік құрам лауазымдарында жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар әскери қызметі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл. Кәсіби құзыреттіліктерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға тиіс;

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану;

сандық білім беру ресурстарын қолдану;

2) "педагог-модератор":

бұдан басқа, "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс:

оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану;

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:  облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы немесе басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

 

 

 

Жалпы орта білім беретін ұйымның педагог-ассистенті

 

Лауазымдық міндеттері:Жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдарында болған барлық уақыт ішінде, олардың дербес қызметі денсаулық жағдайы бойынша шектелген жағдайда, ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға көмек көрсетеді.

Көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға орнын ауыстыру, өзіне-өзі қызмет көрсету (киінуге, шешінуге көмек көрсетеді), емдеу-алдын алу іс-шараларына ілесіп жүруге. көмек көрсетеді.

Мұғалімнің басшылығымен білім беру, түзету-дамыту процестеріне қатысады.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарына сәйкес мұғалімге, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарына көмек көрсетеді.

Инклюзивті білім беру процесіне қатысушылар арасындағы қақтығыстардың алдын алуға қатысады, сондай-ақ сыныптағы білім алушылардың теріс мінез-құлқын алдын алады және жеңеді.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларды тексеруіне, сондай-ақ жеке білім беру бағдарламаларын (оқу жоспарларын), оның ішінде мінез-құлық бағдарламаларын құрастыруға қатысады, оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қысқартылған (бейімделген) оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Оқыту және түзету-дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы туралы мәліметтерді жинауды, жеке білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін хаттамалауды, оқушының оқу, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларының даму динамикасын, оқыту процесінің динамикасын және оқушының әлеуметтенуін мониторингілеу үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мұғалімдері мен мамандарына ақпарат беруді жүзеге асырады.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің қажетті жағдайларын сақтайды, жүргізу кезеңінде қорғау педагогикалық режимін сақтайды.

Әртүрлі нанымдар мен көзқарастарға төзімділікті, білім беру процесіне қатысушылардың мәдени әр алуандығына ашықтықты көрсетеді және инклюзивті білім беруді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарға қоғамның толерантты көзқарасын насихаттауды жүзеге асырады.

Белгіленген нысан бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізеді.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін,

әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдарды, білім саласындағы уәкілетті орган ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және ұстау, жас және арнайы психология мен педагогиканы,

Психодиагностика негіздерін, білім алушылардың мінез-құлқын алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін, инновациялық психологиялық-педагогикалық технологияларды, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудің интерактивті әдістері мен тәсілдерін,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша "Арнаулы білім" жұмыс өтіліне талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби білімі, педагогикалық мамандықтар бойынша, сертификаты болған жағдайда бағыты бойынша біліктілікті арттыру қызметі, бұл ретте үміткер біліктілік санаты педагог.

Және (немесе) орташа біліктілік деңгейі болған жағдайда педагогикалық өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл болуға тиіс.

Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог" (санаты жоқ):

көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға ұйымдастырылған оқу және түзету-дамыту іс-әрекетінің барлық түрлерінде көру, өзін-өзі қызмет көрсету кезінде көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға көру, өзін-өзі қызмет көрсете білуі тиіс.

2) " педагог-модератор":

педагог-ассистентке қойылатын кәсіби құзыреттілікті меңгеруі, дамуында ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін білуі,

білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысын білуі тиіс.

Мұғалімнің басшылығымен психологиялық-медициналық педагогикалық кеңестің, мектеп консилиумының ұсыныстарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру.

3) педагог-сарапшы:

педагог-модераторға қойылатын кәсіби құзыреттілікті меңгеруі, дамуында ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін білуі,

білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысын білуі тиіс.

Мұғалімнің басшылығымен психологиялық-медициналық педагогикалық кеңестің, мектеп консилиумының ұсыныстарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру.

4) педагог-зерттеуші:

педагог-экспертке қойылатын кәсіби құзыреттілікті меңгеруі, дамуында ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін білуі,

білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысын білуі тиіс.

Мұғалімнің басшылығымен психологиялық-медициналық педагогикалық кеңестің, мектеп консилиумының ұсыныстарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру.

 

 

2025 жылғы   11 тамыз бен 19 тамыз   аралығында мектеп-лицейдің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі. Байланыс телефоны: 6-87-66