Дәреже: Все

Спорт туралы қызықты жағдай

21.04.2023 жылы «Балқаш қаласының №24 мектеп-интернаты» КММ-де мектеп әкімшілігімен бекітілген ашық сабақтар өткізу жоспарына сәйкес 5 «А» сыныбында орыс тілі мен әдебиетінен ашық сабақ өткізілді. . Бұл қазақ тілінде оқытатын сынып. Сабақтың тақырыбы: Спорт туралы қызықты жағдай тақырыбындағы сабақтың жетекші мақсаты – балалардың мәтіндердегі фактілерге сілтеме жасай отырып, мәтінді талдай білу, өз пікірін білдіру.Сабақ әртүрлі белсенді оқыту әдістерін пайдалана отырып, топтық жарыс түрінде өтті.Оқушылар сабақта танымдық әрекетке белсене қатысып, барынша белсенділік танытты.Сабақ оқу мақсатына жетті.

2023-04-25 08:40:51

Скачать

1 сыныпқа қабылдау туралы

14.02 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты" КММ-нің мектепалды даярлық сыныбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры Мусина А.К ата-аналарды 1 сыныпқа қабылдау туралы ақпарат бере отырып, керекті құжаттар тізімімен таныстырды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді

2023-02-15 15:56:10

Скачать

Санды енгізу және шығару

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде 9.02.2023 күні «Цифрлық әлем» апталығының аясында 6«а» сынып оқушыларында Санды енгізу және шығару тақырыбында ашық сабақ өтті.Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары: 6.3.2.1 Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу. 6.3.3.1. Деректер түрлерін жіктеу. Үй тапсырмасын сұрау барысында plikers платформасы қолданылды, сонымен қатар wordwall,flippity платформаларымен жұмыс жасалды.Оқушылар тапсырма орындау барысында өздерін жақсы көрсете алды, Оқытушы оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін «Гамбургер» әдісін және рефлексия уақытында «Әуе шары» әдісі қолданды.

2023-02-10 23:52:52

Скачать

«Тактика и тактические действия в спортивных играх».

Ақпан айының 8-і жұлдызында мектебімізде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің онкүндік апталығының аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ибышев Р.Н. 6 «Б» сыныпта ашық сабақ берді. Сабақтың тақырыбы: «Тактика и тактические действия в спортивных играх». Сабақтың мақсаты: - Изучение технических приёмов в играх. Учебная игра в волейбол Сабақтың жоспары білім беру стандартына сай жүйелі нақты құрылған. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша с абақ жүйелі түрде өтті. Сабақ барысында мұғалім АКТ –ны ұтымды пайдаланды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Оқушылардың өз – өзін бағалауы ұтымды болды. Оқушылар мұғалім берген тапсырманы дұрыс орындады. Сабақ өте қызықты және жоғарғы дәрежеде өтті.

2023-02-10 23:29:31

Скачать

«Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесіндегі бұлшық еттерін жіктеу»

Ақпан айының 8-і жұлдызында мектебімізде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің онкүндік апталығының аясында биология пәнінің мұғалімі Болекбаева А.Ж 8 «А» сыныпта ашық сабақ берді. Сабақтың тақырыбы: «Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесіндегі бұлшық еттерін жіктеу» .№10 зертханалық жұмыс «Бұлшықет ұлпаларының құрылысын зерттеу». Сабақтың мақсаты: бұлшық ет ұлпасының құрылысын, қызметін және олардың түрлерін сипаттау; адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану. Сабақтың жоспары білім беру стандартына сай жүйелі нақты құрылған. Сабақ барысында мұғалім АКТ –ны ұтымды пайдаланды, сонымен қатар әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята білді. Зертханалық жұмысты оқушылар толығымен орындады. Сабақ барысында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылар өздірін бағалап отырды, жұптық та жекеде тапсырмалар орындалды. Сабақ барысында атап өтсек, Wordwall, plickers деген платформаларды ұтымды қолданлы. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтті.

2023-02-10 23:26:45

Скачать

«Ондық бөлшектерді қосу және азайту».

2023 жылдың 1-7 ақпан аралығында 5 «а» сыныппен Lesson study тізбектелген 3 сабағы жүргізілді. Үш сабаққа тақырып пен оқу мақсаты ортақ. Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Оқу мақсаты: 5.1.2.27 Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау. Сабақтарда «Эстафета», «Ойлан, бөліс, топтас», «Миға шабуыл», «Тарсия» әдіс-тәсілдері қолданылды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан видео-сабақтар, wordwall, joyteka бағдарламалары пайдаланылды. Қорытынды сабақ барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артқаны көрінді.

2023-02-09 12:23:38

Скачать

«Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер»

Жаратылыстану – математика бағытының онкүндігінің жоспарына сәйкес жаратылыстану пәнінің мұғалімі Садуов Б.Е 6 сыныпта ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер. Сабақтың мақсаты: Тыныс алған кезде және шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты анықтау. Сабақтың жоспары білім беру стандартына сай жүйелі нақты құрылған. Сабақ барысында мұғалім Оpiq электронды оқулығын жақсы қолданды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды тиянақты орындады. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтті.

2023-02-09 12:16:58

Скачать

"Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты" КММ-де 03.02.2023 күні 7 "А" сыныбында биология пәнінен "Жүйке жүйесінің құрам бөліктері.Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі,дендриттер, аксон.Нейронның қызметтері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: жүйке жүйесінің компоненттерін анықтау.Жаңа сабақты ашу мақсатында оқушыларға бейнефильм көрсетілді. Бейнефильм аяқталған соң Wordwall платформасында бейнефильм бойынша сұрақтар қойылды. 3 тапсырма орындалды. Рефлексия "Тик ток" әдісі арқылы болды. Оқушылар сабақ ұнады, сабақты түсінбедім және осы ақпаратпен досыммен бөлісе аламын деп өздерін бағалады.

2023-02-06 23:31:45

Скачать

"Директор сағаты"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде 23 желтоқсан күні жалпы ата- аналар жиналысы өтті. Іс - шараға судан құтқару аймағының медбикесі Б.С.Абжанова қысқы кезде мұз үстіндегі қауіпсіздік жайлы ақпарат берді. Балқаш қаласы прокуратурасы ның прокуроры А.Қ.Қуанышбек телефонмен жалған ақпарат беру салдарын және одан ата - аналарға қандай зиян келетіндігі туралы айтып өтті. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы А.А.Нұрбек құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары туралы ақпарат беріп, ТЖБ офицері Б.Б.Сатбаев жер үйлердегі пеш жағу барысындағы қауіпсіздік шаралары туралы айтып өтті.

2022-12-27 10:33:19

Скачать

«БП балаға жасалынатын зорлық-зомбылыққа қарсы»

Қарағанды облысы білім басқарамасы, Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ 5-9 сыныптар арасында , өзін-өзі басқару ұйымының көмегімен,тарих пәні мұғалімі Шолакова Л.Б ұйымдастырумен «БП балаға жасалынатын зорлық-зомбылыққа қарсы»атты қарар аясында дебат ойыны болып өтті. Дебатқа ойыншылар дайындықпен келді. Қазақ лигасы бойынша 5-7 сыныптар арасында 7А сыныбы 1 орынды, 8-9 сыныптар арасында 8А сынып оқушылары 1орынды жеңіп алды. Ал орыс тіліндегі лигасынан 1 орынды 7Б сыныбының оқушылары атап айтсам Семенова В мен Талгатқызы Райхан жеңіп алды. Дебатқа оқушылар бірінші рет қатысты. Дебат өз жоспарымен өтіп жатыр.Оқушылар қызығушылықтарын танытуда.

2022-12-15 09:06:06

Скачать

Ауа.Ауа құрамы.

Қарағанды облысы білім басқармсының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ 09.12 .2022 ж Химия пәнінен қалалық ашық сабақ өтті.Тақырыбы: Ауа.Ауа құрамы. Мақсаты: Ауа құрамын білу. Заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу. Атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну.Сабақ жаңартылған білім мазмұнына сай құрылған,сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар бойынша тапсырмалар тиімді орындалды.Сабақта АКТ LearninqApps платформасы, Wordwall.net платформасы, https://classroomscreen.com/ платформалары тиімді қолданылды. Сабақта оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой өрісін, еркін сөйлеуін, танымдық қызығушылығын дамыту жолында мұғалімнің шеберлігі танылды. Сабақ өз мақсатына жетті

2022-12-14 15:56:51

Скачать

«My amazing travels»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де 25.11.2022ж күні қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 10 күндік декада аясында Шетел тілі пәнінің мұғалімі Абеуова И.Д 7Б сыныбында «My amazing travels» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Travels сөзінің синонимдері түсіндіріліп, тақырып бойынша жаңа сөздер еңгізіліп, осы тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетіліп, оқушылар LearningsAPP, Quizlet сайттарында тапсырмалар орындады. Оқушылырды сабақ процесіне тарту үшін АКТ мүмкіндіктері тиімді қолданылды. Оқушылардың шетел тіліне деген қызығушылығы сабақ барысында көрініп тұрды.

2022-11-30 11:59:23

Скачать

бiрiншiсi 1 2 3 4 51 соңғысы