ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

Біз әрбір Қазақстан азаматтары Елбасымыздың әр жылғы халыққа Жолдауын асыға күтеді және тың жаңалықтарға жіте көңіл аударады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында өткен жылдардағы атқарылған жұмыстарды ақпарат бере отырып, 2019 жылға арналған жоспарлармен жақынырақ таныстырды.Елбасы ғылымға көп көңіл бөлу керектігіне баса айтты.
Мектепке дейінгі Білім берудің жаңа сапасын қалыптастыру керектігіне тоқталып, барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттігін, білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға дайын болуға шақырды. Мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай халықаралық стандарттарын енгізу қажет екендігін айтылып, президент орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталғанын, бұл 2021 жылы аяқталатынын атап өтті. Орта білім беру ісінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс – тәжірибелері мен әдіс – тәсілдерін Қазақстанның барлық мектептерінде жүзеге асу керетігін тапсырды.

2019- 2021 жылдары аралығында мектеп құрылысына 50 миллиард теңге бөліну арқылы 3 ауысымдық оқытуды жою керектігі айтылды. Сонымен қатар педагог қызметкерлерінің статусын көтеру мақсатында мұғалімдердің жүктемесін қысқарту керектігі және үнемі тексеріс іс – шараларын тоқтатуды талап етті. Елбасының «Адам ауқаты тек өзі еңбеққор болғанда ғана жүзеге асады» - деген сөзі әркімді ойланту керек.
Сонымен қатар Жолдауда ел экономикасын одан әрі дамыту, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жолдары т.б. мәселелер қамтылды. Елдің ішкі экономикасын дамытуда отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру жолдары да атап көрсетілді.
Білім беру саласындағы жаңа өзгерістерді батыл қолдау, мектепке дейінгі білім беру саласының рөлін көтеру, ол мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың еңбек ақысын көтеру ең өзекті мәселелердің бірі екендігін баса айтты.
Мұғалім статусын анықтау көптен шешімін таппай жүрген мәселердің бірі болса, бұл жолдаудан кейін ол өз шешімін табары сөзсіз.
Ең бастысы, бұл Жолдауда Қазақстанның болашақ даму жолының бағыт-бағдарлары айқындалып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың нақты жолдары көрсетілді.

24 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі: Садуов .Б.Е.