Мектеп басшысының баяндамалары

Дәреже: Мектеп басшысының баяндамалары

Мектеп басшысының баяндамалары

Күзгі демалыс кезінде 1-10 сынып ата-аналарына арналған жалпы мектепішілік жиналыс өтті.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ- сінде күзгі демалыс кезінде 1-10 сынып ата-аналарына арналған жалпы мектепішілік жиналыс өтті. Күн тәртібінде 1 тоқсан қорытындысы, жетістіктері және 2023-2024 жылы ашылған ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы туралы мәселелер қарастырылды . Мектеп директоры ата - аналардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

2023-11-08 12:50:15

Скачать

1 сыныпқа қабылдау туралы

14.02 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты" КММ-нің мектепалды даярлық сыныбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры Мусина А.К ата-аналарды 1 сыныпқа қабылдау туралы ақпарат бере отырып, керекті құжаттар тізімімен таныстырды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді

2023-02-15 15:56:10

Скачать

"Директор сағаты"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде 23 желтоқсан күні жалпы ата- аналар жиналысы өтті. Іс - шараға судан құтқару аймағының медбикесі Б.С.Абжанова қысқы кезде мұз үстіндегі қауіпсіздік жайлы ақпарат берді. Балқаш қаласы прокуратурасы ның прокуроры А.Қ.Қуанышбек телефонмен жалған ақпарат беру салдарын және одан ата - аналарға қандай зиян келетіндігі туралы айтып өтті. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы А.А.Нұрбек құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары туралы ақпарат беріп, ТЖБ офицері Б.Б.Сатбаев жер үйлердегі пеш жағу барысындағы қауіпсіздік шаралары туралы айтып өтті.

2022-12-27 10:33:19

Скачать

«Мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ – сі Қарағанды облысы оқу әдістемелік орталығының жетекшілігімен 2022 жылдың 24 қарашасында «Мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру» тақырыбында іс – тәжірибемен бөлісу семинарын өткізді. Іс – шара барысында Балқаш қалалық сотының төрағасы Сагимбекова Лязат Абзалбековна мектеп медиация қызметінің жұмысына сараптама жасап, өз ойымен бөлісті. Мусина Альмира Калкамановна мектеп директоры, кәсіби медиатор, жаттықтырушы «Мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру» туралы жалпы ақпарат берді. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп гимназиясы» КММ – сінің кәсіби медиаторы Ерубаева Риза Бериковна «Педагогтер арасындағы медиация қызметін ұтымды пайдалану жолдары» тақырыбында өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Педагогтардың арасындағы дау – дамайды болдырмау мақсатында жүргізілген шараларға тоқталды. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ – сінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, комедиатор Маулетова Индира Омаржановна «Мектептің медиация қызметі» және «МОСТ» жас медиаторлар клубының жұмысы тақырыбында баяндама оқып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын – алу бағытындағы жұмыс түрлерімен таныстырды. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ – сінің тәрбие ісінің орынбасары, педагог-психолог, комедиатор Кулымжанова Гулжан Мауленкызы «Конфликт медиациясы: негізгі түсініктер» тақырыбында ата – аналармен жүргізілген медиациялық жұмыстар ретімен таныстырды. Іс – шараға Қарағанды облысы бойынша 96 педагогтер қатысып, өз ойларын ортаға салып, медиация қызметінің қажеттілігінің керек екендігін баса айтты.

2022-11-30 11:33:47

Скачать

"Мектептегі медиация қызметі арқылы мектепті қауіпсіз кеңістікке айналдыру"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты" КММ-сінің директоры, кәсіби медиатор, тренер -жаттықтырушы А.К.Мусина 01.11.2022 жылы Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының сынып жетекшілеріне арналған күзгі мектеп аясында "Кәсіби өсу мектебі" атты оқыту курсында "Мектептегі медиация қызметі арқылы мектепті қауіпсіз кеңістікке айналдыру" тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Жалпы медиация қызметінің негізімен таныстыра отырып, медиация қағидаттары және практика жүзінде қолданысы бойынша бейне роликтер көрсету арқылы құнды мағлұматтар берді.

2022-11-04 08:52:28

Скачать

жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы

2022 жылы 27 қазанда Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты"КММ-сінде жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы ZOOM платформасында онлайн режимде өтті. Күн тәрбінде: 1. І тоқсан қорытындысы 2. Күзгі канукул кезіндегі қауіпсіздік ережелері және өткізілетін іс-шаралар 3. Ата-аналар бақылауы . Қауіпсіз мектеп. 4. Әр түрлі мәселелер. Ата -аналар жиналысында оқу ісінің орынбасары И.О.Маулетова 1 тоқсан қорытындысымен таныстырып, жеткен жетістіктерді атап айтты. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша тәрбие ісінің орынбасары Г.М.Кулымжанова төтенше жағдайдағы алгоритм алғышарттары мен таныстырып, ата-аналар тарапынан бақылау түрлеріне тоқталды.

2022-11-02 13:54:57

Скачать

«Адами капитал – экономикалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты" КММ-сінде 12 қазан күні онлайн форматта ата-аналармен ақпараттық сағат болып өтті. Ақпараттық сағат барысында «Адами капитал – экономикалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші» тақырыбы аясында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күн тәртібінде т.б мәселелер қарастырылды .

2022-10-13 15:52:46

Скачать

Жаңа үмітке жетелеген жаңа Жолдау

Жаңа үмітке жетелеген жаңа Жолдау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа бағыттардан тұратын халыққа Жолдауын тағы да жолдады. Егеменді еліміздің және халықтың игілігін көздейтін жаңа Жолдаудан жаңа үміттер күтіп, ерекше ризашылықпен тыңдадық. Президент еліміздің болашақ саяси жүйесінің моделін айқындады. Бұл басқарудағы жаңа жүйе - қисынды қадам, ұлт саясатының белсенді іске асуы және халықтың әл-ауқатының өсуінің , тұрмыс сапасының артуының негізі болатынын ашып айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысы халық алдындағы айтқан барлық алдына қойған мақсаттардың орындалатынын нақтылап жеткізді. Жастүлектерге жылдық 2-3 пайызбен білім алуға жеңілділген несиелер және ҰБТ нәтижесіне қарай 30 дан 100 пайызға дейін жаңа гранттар жариялау керектігін айтт. Әрбір мектеп бітіруші түлектердің армандарының орындалуына үлкен мүмкіндік болары көзсіз. Балалар жылы аясында жолдауда 18 жасқа дейінгі балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан ақша түсіп отырады. Бұл ақша 18 жасқа дейін алынбайды. Кейін үй алып, білім алуға жұмсай алады. Бұл - мемлекет басшысының халыққа және балаларға деген шынайы қамқорлығының көрінісі. Тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеуде жаһандық ғылыми – техникалық прогресті ескере отырып, мектепте жаратылыстану – математикалық пәндерін және ағылшын тілін оқытуды күшейтуді баса айтты. Президенттің Жолдауда көрсеткен барлық мақсаты жемісті жүзеге асырылып, Қазақстан халқының табыспен өркендей беруіне тілектеспін. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернаты» КММ-сінің мектеп директоры А.К.Мусина

2022-09-06 15:42:00

Скачать

"Директор сағаты"

Қарағанды облысы білім басқармасы, Балқаш қаласы білім бөлімі "№24 мектеп- интернаты" КММ - інде 27 тамыз күні "Директор сағаты" жаңа форматта өтті. Барлық пән мұғалімдері мен сынып жетекшілер онлайн режимде қатысып, ата-аналармен сұқбаттасу және сұрақтарына жауап беру мүмкіндігіне жағдай жасалды. Күн тәртібіндегі қарастырылған бірінші мәселе 2022-2023 оқу жылының басталуы туралы оқу ісінің меңгерушісі И.О.Маулетова сөз алып, өзгерістер туралы айтып өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Г.М. Кулымжанова сөз алып, мектеп формасы туралы ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар мектеп директоры А.К.Мусина ата - аналар тарапынан қойылған әр түрлі сұрақтарға жауап берді.

2022-09-06 15:29:47

Скачать

«Рухани жаңғыру бағдарламасы , »«Мәңгілік Ел»

30 сәуір күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24мектеп-интернаты»КММ «Рухани жаңғыру бағдарламасы , »«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салтының мәдениетін жетілдіру - қоғамның мүддесіне қызмет етуге дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту жолы тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер толығымен талқыланды. Елбасының «Жаңа әлемдеі- жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай ,біздің еліміздің кез- келген азаматы біліміне сәйкес білікті мамандық алып ,әлем елдерінің талабына сай сұранысқа ие болатын деңгейге жеткенде ғана,елімізде жасалып жатқан білім беру реформасының жетістікке жеткенінің куәсі бола аларымызға толық тоқталып өтті.Заманға сай жеке тұлға қалыптастыру мектеп қабырғасынан, яғни мұғалімдерден бастау алары хақ. Дәл кестедегі жеке тұлғаны қалыптастыруда педагогтардың еңбегі зор сондықтан әрбір ұстаз өз сабақтарында тек білімдік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырғаны жөн екендігіне баса назар аударылды. Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет.

2022-04-09 09:40:27

Скачать

Хаттама №7

Хаттама №7

2022-03-30 11:37:10

Скачать

Хаттама №6

Хаттама №6

2022-03-30 11:35:35

Скачать

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 4 соңғысы