Размер шрифта:

Дәреже: Все

"Білімал. Электронды мектеп".

Пән мен сынып тағайындалғаннан кейін мектептің әр мұғаліміне, "оқытушы кабинеті" модулінде автоматты түрде КТП тағайындалған пәндер. Қосу үшін сабақ жоспарлары, оқытушыға оқытушының кабинетіне жоспарлар бөліміне өту қажет және қажетті КТП ашу. КТП оқытушы сабақ қосады оқу жылына арналған жоспарлар. Сабақ жоспарларын қосқаннан кейін сізге әр сабақ жоспарының мазмұнын толтырыңыз. Ол үшін сізге қажет сабақ жоспарының атауын басыңыз. Ашылған терезеде көрсетіледі сабақ жоспары бойынша ақпарат, сондай-ақ бекіту мүмкіндігі материалдар, тапсырмалар, тесттер.

2022-01-17 10:11:13

Скачать Смотреть

«Мэдис ОҚЭДӘ» әдістемесінің ақпараты

Мектебімізде 13. 12 жұлдызында 1 А, Ә және 2 А, Ә, Б сынып оқушыларынан «Мэдис ОҚЭДӘ» әдістемесі алынды. Балалардың интелектуалды дамуын диагностикалау, дамыту. 6-7 жас жастағы балалардың ой қабілеттері деңгейін анықтауға арналған. ОҚЭДӘ интеллектке арналған әлемдік тестлер негізінде авторлардың ұсынған авторлық әдістемесі. Бұл тест 6 – 7 жасар балаларға толық бейімделген. ОҚЭДӘ-нің тапсырмалары сурет ретінде ұсынылған. Тапсырмалардың әр түрлігі көптеген ой әрекеттерін ең аз уақытта қамтуға жағдай жасалады. Тест баланың бастауыш мектепте оқуға қабілеті туралы жақсы анықтама береді. Мақсаты: Балалардың интелектуалды дамуын диагностикалау, дамыту.

2022-01-05 13:18:33

Скачать Смотреть

«Діни экстремизмнің психологиялық аспектілері» оқушыларға арналған психологиялық Тренинг

Мектебімізде мектеп психологы желтоқсан айының 28жұлдызында 9-сынып оқушыларына «Діни экстремизмнің психологиялық аспектілері» деген тақырыпта тренинг өтті. Мақсаты: «Желілік компания» Оқушылар 2-топқа бөлініп отырады, бірінші топ, екінші топты алдап, желілік компанияның құрамына кіргізгісі келеді.Екі топтың әңгімесі бақыланады. «Жоқ деп айтуға үйрен» Мақсаты: Қатысушылар 2-шағын топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар әртүрлі эмоцияларды қолдана отырып «жоқ» деп айту керек, ал 2-ші топ айтушының дауыс ырғағына қарап, оның қандай эмоционалды күйді білдіріп тұрғанын танып білу керек.

2021-12-28 13:47:38

Скачать Смотреть

Аралық білімді бақылауды өткізу үшін нұсқаулық (мектепке)

Аралық білімді бақылау 5-11 сынып бағдарламасы бойынша оқушылардың тоқсандық кемшіліктерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Жүйеде жұмыс істеу үшін бірінші кезекте testter.kz сайтына кіру қажет, содан кейін жоғарғы оң жақ бұрышта "Кіру" түймесін басып, мектеп логині мен паролін енгізіңіз (парольді testter.kz әкімшілігі береді).

2021-12-27 09:43:50

Скачать Смотреть

11 сынып оқушыларымен «Өзіндік Менім» оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында тренинг

Мектебімізде мектеп психологы желтоқсан айының 15-жұлдызында 11 сынып оқушыларымен «Өзіндік Менім» оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында тренингі өтті. Оқушылармен көздерін жұмып аспандағы жұлдыздарды елестету арқылы аутотренинг Өз жұлдызыңды тап» жаттығуымен басталды. «Менің есімім», «Атомдар мен молекулалар», «Сыр сандық», «Лимон» «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау» жаттуғалары жасалып, өздеріне деген сенімділіктері арта түсті. Оқушыларға бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұратынын, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты болатынымыз айтылды. Бір-бірінің қолдарынан ұстап жоғары көтеріп, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!» деп айтып, тренингімізді аяқтадық. Мақсаты: Өзіне деген сенімділікті арттыру. ҰБТ психологиялық дайындық дағдыларын меңгеру. Оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру.

2021-12-20 13:47:44

Скачать Смотреть

Ақпарат

№9 жалпы білім беретін мектебінің кітапханашы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу бұл сән » атты буктрейлер жасалды Мақсаты – әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «кітап – білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» екенін жеткізу. Бұл мақсатты орындау үшін балаларға ұсынар бізде кітаптар бар ма? Балалар әдебиетінің жай-күйі қандай?

2021-12-15 10:34:04

Скачать Смотреть

Тәуелсіздіктің 30 жылына арналған атты арналған іс-шаралар ақпараты

Желтоқсан айында мектебіміздің кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты іс-шараға «Тұғыры биік Тәуелсіздік » атты көрмеге жасалынды. Мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіну.Кітап арқылы еліміздің экономика,өнер,білім, саясат пен мәдениеттің қалыптасу мен даму кезеңдерін қол жеткізген жетістіктерін көрсету.

2021-12-15 10:05:31

Скачать Смотреть

А.Байтұрсынұлына арналған іс-шаралар ақпаратый

Желтоқсан айында мектебіміздің кітапханасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тарихи сабақ өткізіліп 8ә сынып оқушылары қатысыты кітапханашы К.Б.Әбдуалидың ұйымдастыруымен тарихи сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихын, ата-баба аманатына адал болуға,ерлігінен үлгі алуға ,бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйрету.

2021-12-15 10:02:10

Скачать Смотреть

«Жаңа мамандықтар атласы XXI ғасырдың сұранысқа ие мамандықтары»

Мектебімізде мектеп психологы: Садуакасова Ф.Ж 11.12.21 күні 10-сынып оқушыларына «Жаңа мамандықтар атласы XXI ғасырдың сұранысқа ие мамандықтары» тақырыбында психологиялық кеңес өткізді. Әлемде 10 мыңнан аса мамандықтың бары, мамандық таңдаудың 7- факторлары:отбасы, мұғалім, қабілет,бедел,оқудың жақын орналасуы,тәжірибиенің болуы,достары әсер ететінін айтып, бұрыннан бар мамандықтар және жаңадан пайда болған мамандықтар туралы ақпарат берілді.Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мақсаты: Мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беру, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу; 2. Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты дұрыс таңдай білуге,таңдаған мамандығының өз білімділігімен қабілетімен сәйкес келуіне бағыт бағдар беру; 3. Түрлі мамандық иелерімен кездесіп, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру,ғылымға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

2021-12-11 11:14:26

Скачать Смотреть

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-бүкілхалықтық іс" тақырыбында суреттер байқауы

Желтоқсан айының 11күні №9 жалпы білім беретін мектебінде "Сыбайлас жемқорлықпен күрес-бүкілхалықтық іс" тақырыбында суреттер байқауы 10-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты –оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.Үздік деп танылған жұмыстар алғыс хатпен марапатталды. Мектебіміздің оқушылары жаһандық індетпен күресу жолында өздерінің мүмкіндіктерін аяп қалмады.

2021-12-10 15:14:46

Скачать Смотреть

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-бүкілхалықтық іс" тақырыбында суреттер байқауы

Желтоқсан айының 11күні №9 жалпы білім беретін мектебінде "Сыбайлас жемқорлықпен күрес-бүкілхалықтық іс" тақырыбында суреттер байқауы 10-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты –оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.Үздік деп танылған жұмыстар алғыс хатпен марапатталды. Мектебіміздің оқушылары жаһандық індетпен күресу жолында өздерінің мүмкіндіктерін аяп қалмады.

2021-12-10 15:14:43

Скачать Смотреть

«9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне» орай әңгіме сағаты

«9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне» орай 2021 жылдың 9- желтоқсанында мектебіміздің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Рымкулова Б.А. биология пәнінің мұғалімі Ботаханова С.Т. «9-желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күніне» орай ұстаздар мен кіші қызметкерлер арасында әңгіме сағат өткізді. Әңгіме сағат барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттар беріліп, жемқорлыққа қарсы бірігіп тұруға және әлеуметтік зұлымдық – жемқорлыққа қарсы күрес жұмысына өзіндік үлес қосуға шақырды.

2021-12-10 15:12:27

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 37 38 39 40 41 66 соңғысы