Нысаналы мектеп

Category: Все

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының бірінші сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

10 қазан күні мектеп психологы Сатимбекова Р.М. баланың қабілетін, ақыл-ойын дамыту, ертегі айтып оның мағынасын түсіндіру, сандарды,геометриялық фигураларды, түстреді ажырата білу мақсатында психологиялық жаттығулар өткізіді. Сыныпта «Шеңбер бойындағы доп», «Зейінді бол», «Шаршыны тап» атты жаттығулар жасалды. Оқушылар эмоциялық жай-күйін көрсетіп , берілген тапсырмаларды орындап шықты.

2022-10-10 10:56:01

To download To watch

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында облыстық ақпараттық керуені

Мектебімізе 7.10.22 күні күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында облыстық ақпараттық керуені мектебімізге келіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша насихат семинарын өткізді. Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы сыртқы талдау мен бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ басшысы Абишев Жомарт Сүлейменұлы ұымдастырды. Семинарға ата-аналар, мұғалімдер және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Жемқорлыққа қарсы жұмыс пен «Адалдық алаңын» таныстырып, адалдық дүкен жұмысы мен мақсатының барысы туралы баяндап берді. Семинар барысында жемқорлыққа байланысты деректі фильмдер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің маңыздылығы айтылды. .@uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-10-10 08:42:08

To download To watch

«Қауіп-қатер тобына жататын балаларға көмек көрсетудегі мұғалім рөлі» атты өткізілген іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 4.10. 22 күні мектеп психологы Р.М.Сатимбекова «Қауіп-қатер тобына жататын балаларға көмек көрсетудегі мұғалім рөлі» атты тақырыпта баяндама оқыды. Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында өткізілген іс-шарада қауіп факторлар мен себептері айтылды. Мектеп тарапынан жасөспірімдерге қандай қолдау көрсетуге болады, олармен қай бағытта жұмыстар атқарылатыны түсіндірілді.

2022-10-06 10:39:16

To download To watch

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 05.10.22ж 4 А – 9 А сыныптар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафоны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу,

2022-10-05 12:55:32

To download To watch

5 және 9 сынып ата-аналарымен «Егер балада аутодеструктивті мінез-құлық белгілері байқалған жағдайда не істеуге болады?» деген тақырыпта өткізілген іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 4.10.22 күні мектеп психологы бесінші және тоғызыншы сынып ата-аналарына «Егер балада аутодеструктивті мінез-құлық белгілері байқалған жағдайда не істеуге болады?» деген тақырыпта баяндама оқып, ұсыныстар айтты. Аутодеструктивті міңез-құлықтың баланың қалыпты дамуына, психологиясына әсер етуі жайлы ақпараттар берілді. «Бірбеткей баланы қалай тәрбиелеу керек? Өсу мен салауатты дамуды қолдау үшін қандай әдістерді қолдану керек? Абдырамауға және беделімді қалай сақтауға болады?» – деген сұрақтарға жауап алды. Жасөспірімнің ата-аналарына арналған ұсыныстар айтылды.

2022-10-04 13:11:50

To download To watch

7-сынып оқушыларымен «Өз көңіл-күйіңе әсер ет!» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 03.10.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 7 сынып оқушыларына «Өз-көңіл-күйіңе әсер ет» атты тренинг өткізді. Оқушылардың өз мінезіне басшылық жасай алуын, көңіл-күйін игере білуге және басқаруға қалыптастыру мақсатында өткізілген тренингте жағымды көңіл-күйдің әсерін түсініп, сезіне білді. Есте сақтау қабілеттерін тексеріп, логикалық жұмбақтар шешті. Соңында оқушылар өздерінің тілектерін арнады.@balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-10-03 10:00:14

To download To watch

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 26.09.22ж 2-7 сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафоны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу,

2022-09-27 16:39:45

To download To watch

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 27.09.22ж 3 -8 сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафоны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу,

2022-09-27 16:37:11

To download To watch

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

2022-09-27 10:24:37

To download To watch

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеріс ақпараты

2022 жылдың қыркүйек айының 23 күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелері мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық –түлікті сақтау температурасының нормасы сақталынған.

2022-09-27 10:08:23

To download To watch

8-сынып оқушыларымен «Өмірімнің мәні...» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 26.09.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова жасөспірімдер арасында жағымды ахуал қалыптастыру және өмірге деген құлшынысын арттыру мақсатында «Өмірімнің мәні ...» атты тренинг өткізді. Оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге арналған жаттығулар орындалып, қорқыныш сезімінен арылуға және өзіне деген сенімділікті арттыруға арналған ойындар ұйымдастырылды. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-09-26 08:30:42

To download To watch

"Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының «Адал ұрпақ-болашақ негізгі ұрпақ негізі» тақырыбында отырысының ақпараты.

Мектебімізде 15.09.22 ж күні "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ-болашақ негізгі ұрпақ негізі» тақырыбында отырыс өткізілді. Отырыс барысында "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының мақсат, міндеттері айтылды. Отырыста аға тәлімгер «Адал ұрпақ-болашақ негізгі ұрпақ негізі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

2022-09-23 16:28:42

To download To watch

First 1 23 24 25 26 27 62 Last