«Тұсау кесу», «Бесікке салу» рәсімдері
Наурыз мейрамы қарсаңында халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында қалалық «Айгөлек » бөбекжайында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен ересек топ балаларына «Тұсау кесу», «Бесікке салу» рәсімдері көрсетілді.
Іс-шарада заман өзгерсе де ұлттық дәстүріміздің көнермейтіндігін насихаттайтын арнайы презентация көрсетіліп, балаларға сәбидің өмірге келуі, анасының бесікке салып оның алғашқы аяқ алысы жайлы мол мағлұмат берілді. Тұсау кесуде қолданылатын арнайы дайындалған ала жіптің маңызы жайлы айтып берді.
Шашу , бата беру дәстүрлері көрсетіліп, баланың бесікке салу рәсімі мен тәй-тәй басқан алғашқы қадамы тамашаланды. Бесікке салу,тұсау кесу көріністерінде арнайы шашулар шашып, балалар мәре –сәре болысты. Тұсау кескен, бесікке салған сыйлы адамдарға дәстүр бойынша кәделі сыйлықтар тарту етілді.
Тәрбиеленушілер өздері білетін ұлттық салт-дәстүр түрлерін жарыса айтты. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі халықтың өткені мен бүгінгісінің көрінісі. Аталған дәстүрлер әр баланың жүрегінде қуаныш ұялататын келер ұрпаққа беретін тағлымы мен тәрбиесі мол.
Дата: 19.03.2021, 11:25 Автор: Мектепке дейінгі мекеме "Айгөлек"