"Жаратылыстану-танымдық сауаттылық" апталығы
Қарағанды облысының білім басқармасының білім берудің оқу әдістемелік орталығы 2021 жылдың 9-12 ақпан аралығында «Мен бәрін білгім келеді» атты жаратылыстану-танымдық сауаттылық апталығын ұйымдастырды. Балқаш қаласы, «Айгөлек» бөбекжайы» жаратылыстану-танымдық сауаттылық апталығы бойынша іс-шара жүргізілді. Апталықтың басты мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларды практикалық-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы олардың табиғи-танымдық дамуы бойынша балабақша жұмысын жетілдіру, балаларға эксперименттік тәжірибиелерді ұйымдастыру, практикалық дағдыларын дамыту. Жаратылыстану-танымдық сауаттылық апталығының 9.03.2021 күні «Ерекшелік жақында» тақырыбынан басталды. «Еркемай» ортаңғы топ балалары «Сиқырлы түймелер» атты ойын ойнады. Ойында балалар көздерін жұмып, түймелерді қолымен жүргізу арқылы қандай заттың бейнесі екендігін анықтады. Сонымен қатар «Ботақан ересек топ балалары серуен кезінде құстарға бақылау жасап, құстардың тіршілігі жайлы түсініктерін кеңейтіп, оларға жем шашып, қамқорлық көрсетті. «Ботақан топ балалары серуен кезінде «Көрінбейтін заттарды» атты ойындарды ойнады. Ойын барысында балалар қойылған жұмбақтар шешуін тауып, жасырылған заттарды тауып қызығушылықтарын танытты. Мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері серуен барысында ойын әрекетінің элементтерімен әңгіме жүргізді. Әңгіме желісінде балалар тосынсыйлар арқылы Мороз Ивановичтің жұмбақтарын шешіп, өз білімдерін тереңдей түсті. «Непоседа» мектепалды даярлық тобы «Өлшеуіш аспаптары» атты тақырыпта тәрбиеленушілермен ойындар жүргізді.Ойын барысында балалар заттарды өлшеп, зерттеп шығармашылық іс-әрекеттерін дамытты.
«Жаратылыстану-танымдық сауаттылық апталығында мектепке дейінгі тәрбиеленушілер эксперимент тәжірибиелер,түрлі ойындар, серуендеудегі бақылау арқылы көптеген мағұлматтар алды, балалардың ой-өрістері, шығармашылдық қабілеттері дамып,танымдық сауаттылығы тереңдей түсті.
Дата: 19.03.2021, 11:21 Автор: Мектепке дейінгі мекеме "Айгөлек"