"Балалар спорт әлемінде» Дене шынықтыру – сауықтыру сауаттылығы апталығы апталығы

КМҚК «Айгөлек» бөбекжайында 15-19 ақпан  аралығында "Балалар спорт әлемінде» Дене шынықтыру – сауықтыру сауаттылығы апталығы апталығы өтті.
Мақсаты: балаларды, ата-аналарды және педагогтарды жалпы сауықтыру, ағзаның қоршаған орта факторларының зиянды әсеріне төзімділігін арттыру.
Міндеттері: 
- мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру; Денсаулық сақтау ережелерін саналы түрде орындауға және өз денсаулығына да, айналасындағылардың денсаулығына да жауапкершілікпен қарауға қол жеткізу;
– спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтына эмоционалды-оң көзқарас қалыптастыру.
Дене шынықтыру – сауықтыру сауаттылығы апталығы «Біз бірге мықтымыз» атты спорттық сайыс түрімен басталды. Ортаңғы «Еркемай» тобына қонаққа Алдар көсе келіп, балаларға  спорттық ойын түрлерінен  сайыс ұйымдастырды. Балалар Алдар көсемен бірге  екі топта бөлініп, «Кім жылдам, «Кенгуру», «Қырқаяқ» , «Арқан тарту» спорттық ойын түрлері арқылы сайысқа түсіп, өнерлерін көрсетті. Сайыста жеңімпаздар тең түсіп, соңында Алдар көсе балаларды ризашылдығын білдіріп, балаларды медальдармен марапаттады. «Непоседа», мектепалды даярлық тобы, «Ботақан»   ересек тобы және «Қарлығаш» ортаңғы топ балалары таңертеңгі жаттығу түрлерін көрсетті. Таңертеңгілік жаттығулар балаларды ақыл – ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпалын тигізеді. Сонымен қатар «Жұлдыздар» тобының балалары серуен кезінде «Кім жылдам, «Допты лақтыр», «Арқан тарту» ойындарын ойнап, қызығушылықтарын танытты.  Барлық топ тәрбиешілері «Түзету гимнастикасы: жалпақ табандылық және  дене бітім бұзылуы" атты ата-аналарға презентация және буклеттер арқылы кеңестер берді.
15  ақпан күні: Күннің ұраны: " Денсаулық-әлемдегі ең бастысы екенін ересектер де, балалар да білуі керек!»
16  ақпан күні: Спортты сүйер отбасы күні. Күннің ұраны: Дені саудың- жаны сау!
17  ақпан күні: «Секіру күні» спорттық сағат технологиясы.
Күннің ұраны: Қозғалыссыз денсаулық жоқ, оны сізге бәрі айтады!
Көңілді күймен айналысыңыз. Спортпен, бимен, серуенмен!
18  ақпан күні: «Асық еліне саяхат»
Күннің ұраны: «Денсаулық - зор байлық!»
19  ақпан күні: Аптаның жабылуы.
Мен балабақшада дене шынықтырумен доспын. 
Күннің ұраны: 
Әлемде жақсы рецепт жоқ – 
Спортпен ажырамас бол! 
Сіз жүз жыл өмір сүресіз – 
Міне, барлық құпия!