«Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі» КММ ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

«Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі» КММ ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

Мамыр айының 03.05.2017 күні Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы А.Қ. Аймағанбетовтың жетекшілігімен облыстық деңгейде ата-аналар жиналысы өтті.  Ата-аналар жиналысына  мектептен барлығы 58 ата-ана қатысты. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер төмендегідей  болды:

1. Мемлекеттік қорытынды аттестация , ҰБТ ;

2. Оқушылардың жаңа 2017-2018 оқу жылында оқулықтармен қамтылуы;

3. Критериалды бағалау;

4. Оқушыларға кәсіби бағдар беру;

5. Жазғы уақыттағы оқушылардың демалысы және денсаулығы;

6. Мектеп бітірушілердің кештерін өткізу тәртібі.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Б.Н.Әбекенова  ҰБТ және мектеп қабырғасында өтетін мемлекеттік емтихан тәртіптері туралы жан-жақты, түсінікті ақпарат берді.  Ата-аналар емтихан талаптарымен, уақытымен және ҰБТ ережелерімен танысты.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша оқушылардың жаңа 2017-2018 оқу жылында оқулықтармен қамтылуы туралы айтылды. 1,2, 5,7 сыныптардағы білім мазмұнын жаңарту бойынша келетін оқулықтармен толықтай оқушылар қамтамасыз етілетіні ата-аналарды қуантты.

Оқушыларды жаңаша бағалау  , яғни, критериалды бағалау  мәселесі  ата-аналар арасында   ой туғызды.  

Жалпы жиналыста айтылған оқушыларға кәсіби бағдар беру , жазғы уақыттағы оқушылардың демалысы және денсаулығы , мектеп бітірушілердің кештерін өткізу тәртібі өзектілігімен айқындалды.  Ата-аналар көптен бері  ой туғызып жүрген сауалдарының  жауаптарын алып,  жан-жақты ақпараттандырылды.

Дата: 4.05.2017, 2:56 Автор: Школа-интернат №24