«Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі» КММ ата-аналар жиналысы туралы ақпарат
Мамыр айының 03.05.2017 күні Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы А.Қ. Аймағанбетовтың жетекшілігімен облыстық деңгейде ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысына мектептен барлығы 58 ата-ана қатысты. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер төмендегідей болды:
1. Мемлекеттік қорытынды аттестация , ҰБТ ;
2. Оқушылардың жаңа 2017-2018 оқу жылында оқулықтармен қамтылуы;
3. Критериалды бағалау;
4. Оқушыларға кәсіби бағдар беру;
5. Жазғы уақыттағы оқушылардың демалысы және денсаулығы;
6. Мектеп бітірушілердің кештерін өткізу тәртібі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Б.Н.Әбекенова ҰБТ және мектеп қабырғасында өтетін мемлекеттік емтихан тәртіптері туралы жан-жақты, түсінікті ақпарат берді. Ата-аналар емтихан талаптарымен, уақытымен және ҰБТ ережелерімен танысты.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша оқушылардың жаңа 2017-2018 оқу жылында оқулықтармен қамтылуы туралы айтылды. 1,2, 5,7 сыныптардағы білім мазмұнын жаңарту бойынша келетін оқулықтармен толықтай оқушылар қамтамасыз етілетіні ата-аналарды қуантты.
Оқушыларды жаңаша бағалау , яғни, критериалды бағалау мәселесі ата-аналар арасында ой туғызды.
Жалпы жиналыста айтылған оқушыларға кәсіби бағдар беру , жазғы уақыттағы оқушылардың демалысы және денсаулығы , мектеп бітірушілердің кештерін өткізу тәртібі өзектілігімен айқындалды. Ата-аналар көптен бері ой туғызып жүрген сауалдарының жауаптарын алып, жан-жақты ақпараттандырылды.
Дата: 4.05.2017, 2:56 Автор: №24 мектеп-интернаты