№24 орта мектебінде балалар мен жастар арасындағы жол – көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу жөнінде 1-30 сәуір аралығында өткен республикалық айлық бойынша ақпарат
№24 орта мектебінде балалар мен жастар арасындағы жол – көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу жөнінде 1-30 сәуір аралығында республикалық айлық өтті.
Мақсаты :Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанушылық мәселесіне мемлекеттік органдардың , көпшіліктің назарын аудару.
Айлықтың ұраны: «ЖҚЕ-ні сақтау – қауіпсіз балалық шақ жолдары!»
Сәуір айында темір жол қызметкерлерінің қатысуымен 8-11 сынып арасында «Балалардың қауіпсіздігі – біздің міндетіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде жол – көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу жөнінде құнды ақпараттар беріліп, практика жүзінде көріністер көрсетілді. Оқушылар аса қызығушылық танытып, белсене ат салысты.
1-4 сынып арасында «Жол әліппесі -2014» жол қозғалыс ережелерін таныстыру , үйрену мақсатында алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәсілдері бойынша дәріс сабақ ұйымдастырылды.
1-11 сынып аралығында «Өз қауіпсіздігің – өз қолыңда!» тақырыбында сурет , фотосурет байқауы өтті. Мектеп оқушылар белсене ат салысты.