Размер шрифта:

№24 орта мектебінде балалар мен жастар арасындағы жол – көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу жөнінде 1-30 сәуір аралығында өткен республикалық айлық бойынша ақпарат

№24 орта мектебінде  балалар мен жастар арасындағы жол – көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу жөнінде 1-30 сәуір аралығында өткен республикалық айлық бойынша ақпарат

   №24 орта мектебінде  балалар мен жастар арасындағы жол – көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу жөнінде 1-30 сәуір аралығында   республикалық айлық өтті.

Мақсаты :Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанушылық мәселесіне мемлекеттік органдардың , көпшіліктің назарын аудару.

Айлықтың ұраны:  «ЖҚЕ-ні сақтау – қауіпсіз балалық шақ жолдары!»

   Сәуір айында  темір жол қызметкерлерінің қатысуымен 8-11 сынып арасында «Балалардың қауіпсіздігі – біздің міндетіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде  жол – көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу жөнінде құнды ақпараттар беріліп, практика жүзінде көріністер көрсетілді. Оқушылар аса қызығушылық танытып, белсене ат салысты. 

   1-4 сынып арасында «Жол әліппесі -2014»  жол қозғалыс ережелерін таныстыру , үйрену мақсатында алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәсілдері бойынша дәріс сабақ ұйымдастырылды. 

    

   1-11 сынып аралығында «Өз қауіпсіздігің – өз қолыңда!» тақырыбында сурет  , фотосурет байқауы өтті. Мектеп оқушылар белсене ат салысты. 

      

Дата: 10.05.2014, 9:00 Автор: Школа-интернат №24