Ғылыми-практикалық конференциясының бағдарламасы "Практик-мұғалімдердің зерттеулері: Мүмкіндіктер, өзара іс-қимыл, тәжірибе және перспективалар"
Қонақтар бастауыш сынып мұғалімі Е. О. Кимнің дидактикалық материал көрмесіне қатысуға мүмкіндік алды. Көрмеден соң педагогтар мектеп жаттықтырушылары С.А.Айнекованың "Логикалық тапсырмалар функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы", И.В.Гапичтың "Lesson Study жоспарлаудағы негізгі сәттер", Е. О. Кимнің «Бастауыш сынып мұғалімдері сабақ сапасын жақсарту процесі ретінде жұмыстың белсенді формаларын қолдану" тақырыбында өткізген шеберлік сыныптарға қатысты.
Конференцияның екінші кезеңі қала мектептері мұғалімдерінің практикасын зерттеу нәтижелерін таныстыру болды: Е.В.Косенкова және И.В. Гапич (Ә.Ермеков м-л), Т.Г. Гамова (№1 ЖББМ), Н.Н. Рязанова (№4 ЖББМ), И.О.Мәулетова (№24 ЖББМ). Бұл конференция Балқаш қаласының білім беру ұйымдарында сабақты зерттеу (Lesson Study) және іс-әрекеттегі зерттеу (ActionResearch) тәсілін қолдауға және дамытуға бағытталған тетікті құруға және озық педагогикалық тәжірибені анықтауға және таратуға оң әсер етті.
Дата: 27.02.2024, 16:38 Автор: Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі