Құрметті ата-аналар!!!
Құрметті ата-аналар!!!
Жаңа оқу жылы жақындап келеді. Біздің міндетіміз - балаларымызды мектепке дайындау.
Мектебімізде «Жалпыға бірдей білім беру қорының» қаражаты есебінен әртүрлі санаттағы балаларға материалдық көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.
Аталған материалдық көмек атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы төмен, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайға тап болған және мектептің алқалы органы - Қамқоршылық кеңесінің анықтауымен басқа да санаттарға беріледі.
Ақшалай қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын және басқа да қажетті заттарды өз бетінше таңдауға мүмкіндік беру мақсатында карточкалық шотқа аударылады.
Биылғы жылы ақшалай көмектің мөлшері 40 567 теңгені құрайды.
!!!Материалдық көмек алу үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілі электрондық үкімет порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына санатты растауға өтініш береді.
Табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын есептеу механизмі АӘК алушылардың механизміне ұқсас.
АӘК алудан бас тартқан кезде отбасының табысы есептеледі және тиісті ақпараттық жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Санатты растау 15 күн ішінде қаралады.
Мектеп бұл ақпаратты автоматты түрде алады, құжаттарды қағаз жүзінде ұсыну талап етілмейді.
АӘК алатын санатқа, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған санатқа жатпайтын, бірақ өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың ата-аналары мектепке өтінішпен жүгінуі қажет.
Өтінішті алқалы орган - Қамқоршылық кеңес қарайды. Нәтижесінде отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы қорытынды жасалады және тиісті шешім қабылданады.
Жетім балалар мен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған санаттағы балаларға да өтініш пен растайтын құжаттармен мектепке жүгіну қажет.
Бұл қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін ата-аналар 15 күн ішінде оқу құралдарын сатып алу туралы есеп беруі керек. Шығындарды растау үшін чектер немесе түбіртектер қажет болуы мүмкін.Мұндай бақылау жүйесі бөлінген қаражаттың ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуына кепілдік береді.
Біз жүргізіп жатқан жұмыс әлеуметтік мәртебесіне немесе отбасылық жағдайына қарамастан барлық оқушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Материалдық көмек балаларымызға оқу жылын сенімді түрде бастауға мүмкіндік береді.
Құрметті ата-аналар, барлық сұрақтар бойынша Сіз осы мәселемен айналысатын мектепті әлеуметтік педагогі Орынбекова Айпара Казбековнаға 87715856709, 65990 нөміріне тікелей хабарласа аласыз.