Жаңалықтар
"Мектебім мөлдір-бұлағым, Тәуелсіздік жыр әнім"
Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2019-12-18 09:25:37
14 желтоқсан күні "Мектебім мөлдір-бұлағым, Тәуелсіздік жыр әнім" атты ҚР Тәуелсіздігінің 28жылдығына және мектеп-лицейдің 11 жылдық мерекесіне орай, мектеп-лицей ата-аналарына арналған оқушылардың шығармашылық концерті өтті.
Баскетбол жарысы
Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2019-12-18 09:21:34
2019-2020 оқу жылының күнтізбелік жоспары бойынша, мектеп жасындағы оқушыларды баскетбол спортына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, рухани жігерлікке, адамгершілікке, патриоттық тәрбиелеу, спорттық ізбасарларды қалыптастыру, дарынды ойыншыларды табу мақсатында, 2019 жылдың желтоқсан айында 12 жұлдызында баскетбол жарысынан 5- сынып оқушылар арасында жарыс өткізілді. Аталған жарыста
І-шы...
«Тәуелсіздік тұғырым!»
Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2019-12-18 09:19:23
«Таңшуақ» шағын орталығында « Қызғалдақ» ересек тобында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік тұғырым!» атты ертеңгілік болып өтті.Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Балалар мерекеде ән салып, би билеп, ойындар ойналды. Балаларға мереке өте қызықты өтті.
"Қыр баласы"
Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2019-12-18 09:15:24
Ұлт көсемі, Алаш арысы Ә.Бөкейхановқа арналған Б.Төкеновтың "Қыр баласы"атты тарихи қойылымы қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен мектебіміздің туған күніне арналып,көрермен назарына ұсынылды.
«Алтын бала-2019»
Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2019-12-18 09:12:09
12 желтоқсан күні дарынды балаларға арналған «Алтын бала-2019» қалалық форум өтті. Форумға мектеп-лицейімізден дарынды, үздік деп танылған оқушылар бақтарын сынады. Форум қорытындысымен «Шынайы дарын» номинациясы бойынша 10«А» сынып оқушысы Серікбай Айнур, «Жыл белсендісі» номинациясы бойынша 11«А» сынып оқушысы Мухаметжанова Гаухар арн...
«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік»
Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2019-12-09 09:29:45
3 а, 3 б сынып оқушылары арасында Тәуелсіздік күніне арналған оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты патриоттық сағат өтті. Оқушылар тәуелсіздік жайлы өлең шумақтарын жатқа айтып, ән орындап, күй тартты.
Патриоттық сағат соңын «Мәңгілік...
"Айгөлек" байқауы
Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2019-12-06 11:39:47
Қалалық "Айгөлек" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауында 6-9 жас арасында əн байқауында 2 ə сынып оқушысы Искакова Айару 2 дəрежелі дипломға ие болды. 1а сынып оқушысы Кендібай Кəусар "Əсем əуен" номинациясымен марапатталды.Көрермендерді қазақтың киелі домбырасының үнімен баураған,, Шабыт" ансамблі,, Көрермен көзайымы" номинациясына ие болды.
Шахмат жарысы
Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2019-12-05 09:47:30
Тұңғыш Президент күніне арналған қалалық шахмат жарысында мектеп-лицей оқушыларының орта тобы І орынға, ересектер тобы ІІІ орынға ие болды.
«Жыл оқушысы»
Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2019-12-04 12:22:34
Жыл сайын дәстүрлі өткізілетін Балқаш қаласы әкімінің "Өркен" жастар сыйлығын тағайындау байқауы өз мәресіне жетті. Үздік жастарды марапаттау мәртебелі меймандардың құттықтауымен басталды. Бұл байқаудың қорытындысымен қала жастарының үздіктері анықталды. Сол үздіктердің бірі 11А сынып оқушысы Ерғали Әсем «Жыл оқушысы» номинациясымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Волейбол ұлдар арасында өткен жарыс
Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2019-12-03 09:38:18
Балқаш қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен қала мектептері оқушылары спартакиадасы бағдарламасы аясында волейболдан ұлдар арасында өткен жарыста мектеп-лицейіміз І орынға ие болды.
Жастар маслихаты депутаты төс белгісіне ие болды
Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2019-11-30 09:34:17
Нұр-Сұлтан қаласындағы жастар мәслихатының депутаттарының Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты Қожахметов Арман Төлешұлының кездесуіне 10 «Ә» сынып оқушысы, Балқаш қалалық жастар маслихатының депутаты Павлик Олжас қатысып, жастар маслихаты депутаты төс белгісіне ие болды.
"Биік шыңдарға жол"
Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2019-11-30 09:28:27
2019 жылдың 28 қарашасында Теміртау қаласында өткен "Биік шыңдарға жол" атты ғылыми практикалық конференциясына Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейіміздің оқушылары қатысып қайтты. "Елбасының еңбек қызметі" , "Жетекшілік сәттілікке жету тәсілі ретінде", "Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері" бағыттары тақырыптарында өз жобаларын қорғап шықты.11 "Ә&q...