«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан»
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы бойынша "Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының 15 мектеп-лицейі"КММ директоры Дубирбекова Карлыгаш Шакаримовнадан,мектеп-лицей педагогикалық ұжымынан пікір.
9 қаңтар 2020 жыл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы жарияланды. Мақалада ұлттық мұраларды бүгінгі оқу үрдістерінен үлестіре дамыту негізделген. Ұлы ойшыл, дана Абай бабамыз бұдан бір ғасыр бұрын, ұлтты жаңғыртуға, жаңаруға жаңа өмірге бейім болуға шақырған. Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді, оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру ұлтты жаңғыртудағы жол ашатын маңызды қадамның бірі. «Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін,халқын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» - деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиеті ретінде бағаланатынын айқын аңғартады. Сондықтан Абай шығармалары ұлттың алға жылжыуының темірқазығы.