"Өленнің тау тұлғасы – Қадыр ақын "

А.Гайдар атындағы Балалар кітапханасымен бірлесіп ақын, қоғам – қайраткері Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай «Өленнің тау тұлғасы – Қадыр ақын атты поэзия сағаты өтті. Мектеп-лицейдің 6 «Ә»сынып оқушылары Рысмағанбетова Жанерке, Омарова Дильназ, Павлик Әлишер, Сарқытбеков Нұржан, Сүлеймен Сәндина ақынның өлендерін мәнерлеп жатқа оқыса, кітапхана қызметкерлері жазушының шығармашылық жолымен таныстырып, жұмбақтар шешкізіп, нақыл сөздер айтқызып оқушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады. Іс-шара соңынан оқушылар кітап патшалығына саяхат жасап, мобильді кітаптармен, жаңа әдебиеттермен танысты.