«Үздік оқытушы» кәсіби байқауы

«Үздік оқытушы» кәсіби байқауы

«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының № 15 мектеп-лицейі» КММ-де Мектеп күні-2020 «Үлгіден тыс педагогика» І блок бойынша қалалық деңгейде «Үздік оқытушы» кәсіби байқауы өтті. Ағылшын тілінен 9 «В» сынында Баженова А.О., информатика пәнінен 6 «Б» сыныбында Айтимбетова Э.К., ашық сабақтар берді.
Мектепке дейінгі даярлық сыныптарының оқытушылары Адамкулова А.А., Төлеуханова Ж.Т. «Ойна да, ойла» үздік авторлық бағдарламаларының теориясын ұсынса, практикалық орындалуы сабақта оқытушы А.С. Каппарова көрсетті.
Әдістемелік күннің эфирі YouTube арнасы арқылы қол жетімді болды және мұғалімдер арасында ғана емес, сонымен бірге ата-аналар арасында да үлкен қызығушылық тудырды.
Әріптестерімізге байқау нәтижесінде табыс тілейміз!