«Бала наз» үлкен және кіші топ балалар оркестрі

 «Өнер» мектебінің жанынан құрылған «Бала наз» үлкен топ балалар оркестрі.

 2010 жылы «Өнер» мектебінде «Бала наз» балалар оркестрінің үлкен тобы құрылды. Бірінші жетекшісі болып жұмысты мектеп ұстазы Мейрам Ермембетов бастады.Домбыра сыныбындағы оқушылардың ішіндегі икемі бар, талапты, талантты оқушылар іріктелініп 50  баладан оркестр құрылды.

 Оркестрге әр баланың шамасына орай репертуар жинақталып, партитуралар жазылды. Мектеп ұстазы Ж.Н.Нәдірбековтің  «Бала наз», «Желдірме», халық күйі «Тепен көк», Дәулеткерей «Қос алқа», Алтынай «Ақжелең», Құрманғазы «Балбырауын», «Саранжап» сияқты күйлеріне қобыз, флейта, бас домбыраға арналып партитура жазылды.

      2012 жылы оркестрге арналған халық аспаптары сатып алынды.

 Осы жаңа аспаптармен 2013 жылы 25 баладан құралған оркестрмен Алматы қаласында өткен 13-ші Республикалық «Рауан» атты фестивальға қатысып  байқаудан «бас жұлдені» иеленді. Содан бері «Бала наз» оркестрі қалалық әр мәдени іс-шараға үздіксіз қатысып келеді. 2015-2016 оқу жылынан бастап Мухамедқалиева Қымбат жетекшілік етуде. Шығармалары қиын да, күрделі әрі қызықты. Оның ішінде Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», Н.Тілендиевтің «Әлқисса», «Аңсау», Ә.Желдібаевтің «Ерке сылқым», Ж.Нәдірбековтың «Балдыз»күйлері.  Биылғы 2016-2017 оқу жылында Тәуелсіздігіміздің 25 жылына орай үлкен оркестрдің балалары көптеген қалалық, мектепішілік іс-шараларға қатысып, халық күйі «Қара жорғамен» өнер сүйер қауымды тамсандырды. 3-ші тоқсаннан бастап жаңа шығармалармен айналысуда: Құрманғазының «Сарыарқа» күйі, С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі, Будашкиннің «Будашкин концерті».

 «Өнер» мектебінің жанынан құрылған «Бала наз»  кіші топ балалар оркестрі

2013-14 жылдың қыркүйек айынан бастап «Баланаз» оркестрінің кіші тобы құрылды.Алғашқы жетекшісі болып Мухамедқалиева Қымбат бастады.Бұл топқа 2-3 сынып оқушылыры қатысады.Репертуарында халық күйлерінен «Жастар биі», «Келіншек», «Кеңес», классикалық шығармаларынан М.Глинканың «Полькасы», С.Рахманиновтың «Итальяндық полькасы», М.Әубәкіровтың «Наркескен» және тағы басқа шығармалары бар.  Оркестрдің талапты да, талантты оқушыларымен бірге мектепішілік, қалалық мәдени іс-шараларға белсене қатысады.2014 жылдың қараша айында Щучинск қаласында өткен «Ақжелең» атты республикалық байқауға қатысып 1-ші орынды иеленіп қайтты.2015 жылдың қыркүйек айынан бастап оркестр Нұрбекова Айжанға берілді.Қазір репертуарларында:Құрманғазы «Балбырауын», Дәулеткерей «Қосалқа»,Ж.Нәдірбеков «Баланаз» , Құрманғазы «Қызыл қайың серпер»,М.Әубәкіров «Наркескен»,Дәулеткерей «Кероғлы».