Бос жұмыс орыны:
Конкурстық негізде қабылдаутуралы
Хабарландыру
"Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі" КММ (Мекен жайы: Шашубай 11а, тел: 6-87-66, эл.почта: school15balkhash@mail.ru) келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
-
Орыс тіліпәнінің мұғалімі 1жүктеме (бала күтіміне байланысты демалыста отырған мұғалімнің орнына) ;
-
Математикапәнінің мұғалімі 1жүктеме ;
-
Музыкапәнінің мұғалімі 1 жүктеме;
-
Шағын орталықтың денешынықтыру нұсқаушысы
2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде жұмысқа қабылдау рәсімі ағымдағы жылдың 12 тамызбен 20тамыз аралығында жүргізіледі.
Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орны туралы хабарландырулар мектеп-лицейдің ресми сайтына жарияланды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,
кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/
академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Лауазымдық міндеттері: балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру (жүзу) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады; дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді; денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады; ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді; арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді; оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері; дефектология негіздері және тиісті әдістемелер (дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс кезінде); педагогикалық этиканың нормалары; санитария және гигиена, психология және педагогика негіздері; еңбек заңнамасының негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; және (немесе) жоғары деңгейдегі біліктілік педагог-шебер үшін мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1)"педагог": мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушысының жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс; мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дене тәрбиесінің заманауи әдістерін қолдану; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дене тәрбиесінің заманауи әдістерін қолдану; бағдарламалық материалдың мазмұны мен құрылымын білу; инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану; диагностика даму деңгейін және дағдыларын әртүрлі жас топтары, қатысу әдістемелік жұмыс: білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу; кәсіби біліктілігін арттыру; білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог–сарапшы": "педагог-модераторға" қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: мектеп жасына дейінгі балалардың дене қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін пайдалану, дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысу; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік жұмысқа, аудан, қала деңгейіндегі іс-шараларға қатысу: педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу; өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби дамудың басымдықтарын анықтау: білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің тәжірибесін жинақтау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: оқу бағдарламаларын, оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану; аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; тәлімгерлікті қолдану; көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен өзара әрекеттесу дағдыларына ие болу ; мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану; аудан, қала деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы; сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;
5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ: жаңа бағдарламаларды игеру бойынша эксперименттік жұмысқа қатысу; аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі әдістемелік жұмысқа белсенді қатысу; облыста, республикада тәжірибені тарату және енгізу; авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлдау алған, басып шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болу; тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық кәсіби конкурстарға қатысу
Келесі бос лауазымдарға конкурс жарияланады:
-
Дефектолог 0.5 жүктеме;
-
Педагог-психолог (бала күтіміне байланысты демалыста отырған мұғалімнің орнына) 1жүктеме;
-
Аға вожатый1 жүктеме;
-
Әлеуметтік- педагог 1 жүктеме;
-
Директордың оқу ісіжөніндегі орынбасары 1 жүктеме;
-
Директордың бейіндік ісі бойынша орынбасары 1 жүктеме;
-
Директордыңтәрбиеісіжөніндегі орынбасары 2жүктеме;
-
Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары 1 жүктеме;
-
Алғашқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы 1 жүктеме;
-
«Таңшуақ» шағын орталықтың дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы 1 жүктеме;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,
кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/
академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Лауазымдық міндеттері:
Дефектолог:балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды Орта білім беру ұйымдарының арнайы педагогі (мұғалім-дефектолог, дефектолог, мұғалім-логопед, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің ( мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар ( сабақтар) өткізеді; мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады; даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, Жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді; мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді; білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады; басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді; басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады; тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді; жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады; психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогы Кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді; ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады; психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді; жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді; өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады; әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды; тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. 77. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері; өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары; арнайы педагогика; оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері; арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер; педагогикалық этиканың нормалары; еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар. 78. Біліктілікке қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талап қойылмай, "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары және ( немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл. 79. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог": балалардың дамуы мен жағдайын диагностикалау, дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін қолдануы керек; арнайы мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, дамытушылық, коммуникативтік және әдістемелік қызметті жүзеге асыру; дефектологияның заманауи әдістерін қолдану; білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу; балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру; балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану; 2) "педагог – модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: тәрбиеленушілердің дамуында ауытқуларды диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолдану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау; 3) "педагог – сарапшы": "педагог – модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: балалардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін қолдану; ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету; инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеу және енгізу; ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау; 4) "педагог-зерттеуші": "педагог – сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: дефектология ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалану; арнайы педагогика және психология; тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтай отырып, оқытудың инновациялық технологияларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану; қызмет бағыты бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; облыс деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы; сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану, облыс/ республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жалпылауға тәлімгерлікті жүзеге асыру; психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы; 5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: арнайы педагогиканың жаңа жетістіктерін енгізу; педагогикалық зерттеудің әдіснамалық принциптерін басшылыққа ала отырып, өзінің кәсіби қызметінің рефлексиясын жүзеге асыру; кәсіби даму траекториясына сәйкес өзін-өзі оқыту дағдыларын меңгеру; авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлдау алған, басып шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болу; тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде әлеуметтік педагогтердің кәсіби қоғамдастығы желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.
Аға вожатый
"Жас қыран", "Жас ұлан" балалардың қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің қызметін дамытуға ықпал етеді. Білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді. Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады.
Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады.
•Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істейтін ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдай жасайды.
•Білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз
мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымдарында мәдени-көпшілік, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілерге тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды. Демалыс кезінде олардың демалысын ұйымдастырады.
•Білім алушылармен жұмыстың инновациялық тәжірибесін зерделейді және пайдаланады.
•"Қоғамға қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет", "Ата-анаға құрмет" қоғамдық маңызды жұмыстарды ұйымдастырады.
•Балалар ұйымдарының, бірлестіктердің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
•Өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
• Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
•Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, «Әдеп кодексін» және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны, физиологияны, гигиенаны, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістерін,
•бос уақытты өткізу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесін, еңбек туралы заңнама негіздерін,
•еңбекті қорғау, қауіпсіздік мен өртке қарсы техниканы, санитарлық ережелер мен нормаларды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға, протекционизмге, непотизмге және жақын туыстарына тікелей бағынуға жағдай жасауға жол бермеу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарына және жоғары тұрған басшылыққа кәмелетке толмағандардың немесе оларға қарсы заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздік) фактілері туралы қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс кәсіби қызметке байланысты белгілі болған. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы заңсыз миссионерлік қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
•Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шеберге арналған вожатый лауазымында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
• Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог - модератор": санаты жоқ педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тиіс. балалармен жеке және топтық жұмыстарды өз бетімен ұйымдастыра білуі
2) "педагог - сарапшы": педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білу, жасөспірім мен баланың мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру дағдылары болу, өткізіп отырған тәрбие жұмыстарын талдау әдістемесінің өзіндік дағдысы болу, жұмыста озық педагогикалық тәжірибені қолдануға тиіс;
3) "педагог-зерттеуші": педагог-сарапшыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастырушылық және әдістемелік қызметке өзіндік технологиялық талдау жүргізе білуі тиіс.
4) "педагог-шебер": педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастырушылық және әдістемелік қызметке өзіндік технологиялық талдау жүргізе білуі тиіс.
«Таңшуақ» шағын орталықтың дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру (жүзу) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады; дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді; денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады; ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді; арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді; оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері; дефектология негіздері және тиісті әдістемелер (дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс кезінде); педагогикалық этиканың нормалары; санитария және гигиена, психология және педагогика негіздері; еңбек заңнамасының негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; және (немесе) жоғары деңгейдегі біліктілік педагог-шебер үшін мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл
Әлеуметтік педагог
Лауазымдық міндеттері: жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, мүдделер мен қажеттілікті, мәселелерді, даулы жағдайларды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар және ұйым, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады.
Білім беру ұйымдарында және жеке тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, девиантты мінез-құлықпен оқитын бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды.
Әлеуметтік ортада адамгершілік қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Преподавателимен, ата-аналармен және білім алушылардың өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік саясат негіздерін; жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогика мен психологияны,
Валеология негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелерді; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды;
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білімі; әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор үшін-кемінде 3 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші және педагог – шебер үшін-кемінде 5 жыл әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі болуға тиіс.

1) "педагог – модератор":
санаты жоқ педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: озық тәжиребені оқып үйрену, озық тәжиребен тәжірибеде енгізу; оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау, білім беру ұйымының әдістемелік топтарының жұмыстарына қатысуы тиіс.
2) "педагог-сарапшы":педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеру; шығармашылық семинарларды басқара білуі, озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.
3) "педагог-зерттеуші":
педагог-сарапшы педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі;
әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологияларды құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі,
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелермен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.
4) "педагог-шебер":
педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі;
әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі,

Педагог-психолог
Лауазымдық міндеттері: оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады; инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді; буллингтің, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді; әр түрлі бағыттағы және бағыттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді, оқыту , тұлғалық даму және мінез-құлық проблемаларын уақтылы анықтайды, психологиялық қорытынды жасайды; ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және оның негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ педагог-ассистенттің іске асыруы үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу бағдарламаларын әзірлейді; әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары нысанында психологиялық көмек көрсетеді; дарынды оқушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады; ата-аналарға, педагогтерге, мамандарға, нақты психологиялық мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді; педагогикалық ұжымға, сондай-ақ оқушылардың жеке және әлеуметтік даму проблемалары бойынша оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарына ұсынымдар әзірлеу мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық талдауды жүзеге асырады; белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады; кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасындағы балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады; баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі; балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. 73. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " Заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар және жас ерекшеліктері, әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика; педагогикалық этиканың нормалары; дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар, мамандану және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері; белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері; жеке және топтық кеңес берудің, диагностика мен баланың дамуын түзетудің заманауи әдістері, еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар. 74. Біліктілікке қойылатын талаптар: "Педагогика және психология" бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог": заманауи психологиялық әдістерді қолдану керек; балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүргізу; балалардың эмоционалды әл-ауқатын, тиімді дамуын қамтамасыз ету; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру; педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық білім беруді жүзеге асыру; 2) "педагог – модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, балалармен жұмыс жүргізу; балалармен, педагогтармен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес) жағдайларда жұмысты ұйымдастыру; ересектердің балалармен қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу; әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану; ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету; 3) "педагог – сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне, сондай-ақ: әр түрлі профильдер мен мақсаттардағы психологиялық диагностиканы жүргізу, балалармен жеке жұмыс жүргізу; шығармашылық топты басқару, психологиялық – педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу; мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу; тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау; 4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне, сондай-ақ: психологиялық тексеру және диагностика деректерін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеу, психологиялық қорытынды жасау және түзету жұмыстарын жүргізу; әдістемелік құралдар, Оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу; психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың инновациялық тәжірибесін енгізу; балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтерге көмек көрсету; аудан, қала деңгейінде психологиялық - педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жинақтау; 5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне, сондай-ақ: РОӘК-те мақұлданған, авторлық бағдарламасы болуы немесе шығарылған оқу-әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (тең авторы) болуы; тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіптік конкурстардың қатысушысы болу.
Білім беру ұйымы басшысының (директорының) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады; оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды; мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді; педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады; білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. қашықтықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін Қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін түзетеді. пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды. пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді; білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының , курстардың және оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды; білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді; білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді; педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды; тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады; жыл сайын кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыруға өтінім береді; оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды; оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді; педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. 56. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология негіздері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; педагогикалық этиканың нормалары; менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар. 57. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе " бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не " педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы. Арнайы мектеп, мектеп-интернат, арнайы мектеп-колледж, "балабақша-мектеп" арнайы кешені басшысының орынбасары (директоры) үшін: "Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл; және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы.
Білім беру ұйымы басшысының (директорының) бейіндік оқыту, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
оқушыларды бейіндік оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді; бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларымен бағдарламалық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектеп түлегінің қорытынды білім беру рейтингін қалыптастырады;
бейіндік оқыту бойынша білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және жоспарлауды, әртүрлі деңгейлік бағдарламаларды енгізуді, кәсіптік бағдарлау диагностикасын ұйымдастырады және талдайды, оқушылар мен түлектердің кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады;
педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін үйлестіреді: оң педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруда инновациялық технологияларды ұйымдастыру және апробациялау бойынша, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу үшін техникалық және кәсіптік білім беру жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен кездесуді ұйымдастырады;
әр түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау, "мектеп-ЖОО", "мектеп-колледж-ЖОО", "колледж-ЖОО" үздіксіз білім беру жүйесінде толассыз оқу жоспарлары бойынша оқыту мүмкіндігін, ғылымды зерделеуге деген кәсіби бейімділігін ашуды, одан әрі білім беруді бейіндеу мақсатында оларды тереңдетіп оқыту үшін әр түрлі цикл пәндерін дербес таңдауды қамтамасыз етеді;
жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді;
белгіленген тәртіппен есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
педагогикалық этиканың нормалары;
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Білім беру ұйымы басшысының (директорының) тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері:
тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
"Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Білуге тиіс:
ҚазақстанРеспубликасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

60. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы.
білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
оқу кабинетін жабдықтауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;
басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;
білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлық кабинеттерінің және (немесе) полигондарының материалдық базасын дамыту және нығайту, жабдықтар мен құрал-саймандардың сақталуы, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;
әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге, әскери іс негіздерін зерделеу бойынша әскери-патриоттық клубқа басшылық етеді, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді;
әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою жөніндегі алдын ала жұмысты ұйымдастырады;
білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, қысылтаяң жағдайларда әрекет ету бойынша іс - шараларды пысықтайды, қорғаныс құрылыстарының, қысылтаяң жағдайларда азаматтық қорғаныс бойынша жеке қорғаныс құралдарының әзірлігін қамтамасыз етеді;
оқу-тәрбие үдерісінде қауіпсіздік шараларын сақтайды;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы";
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеу, бастапқы әскери даярлық мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика негіздері, еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
"Запастағы офицер", офицерлік құрам лауазымдарында жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар әскери қызметі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл. Кәсіби құзыреттіліктерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға тиіс;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану;
сандық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор":
бұдан басқа, "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс:
оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;
аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы немесе басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;
республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.
2024 жылғы 12 тамыз бен 20 тамыз аралығында мектеп-лицейдің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Конкурстық негізде қабылдаутуралы
Хабарландыру
"Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі" КММ (Мекен жайы: Шашубай 11а, тел: 6-87-66, эл.почта: school15balkhash@mail.ru) келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
- Орыс тіліпәнінің мұғалімі 1жүктеме (бала күтіміне байланысты демалыста отырған мұғалімнің орнына) ;
- Математикапәнінің мұғалімі 1жүктеме ;
- Музыкапәнінің мұғалімі 1 жүктеме;
- Шағын орталықтың денешынықтыру нұсқаушысы
2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде жұмысқа қабылдау рәсімі ағымдағы жылдың 12 тамызбен 20тамыз аралығында жүргізіледі.
Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орны туралы хабарландырулар мектеп-лицейдің ресми сайтына жарияланды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,
кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/
академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Лауазымдық міндеттері: балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру (жүзу) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады; дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді; денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады; ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді; арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді; оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері; дефектология негіздері және тиісті әдістемелер (дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс кезінде); педагогикалық этиканың нормалары; санитария және гигиена, психология және педагогика негіздері; еңбек заңнамасының негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; және (немесе) жоғары деңгейдегі біліктілік педагог-шебер үшін мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1)"педагог": мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушысының жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс; мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дене тәрбиесінің заманауи әдістерін қолдану; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дене тәрбиесінің заманауи әдістерін қолдану; бағдарламалық материалдың мазмұны мен құрылымын білу; инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану; диагностика даму деңгейін және дағдыларын әртүрлі жас топтары, қатысу әдістемелік жұмыс: білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу; кәсіби біліктілігін арттыру; білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог–сарапшы": "педагог-модераторға" қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: мектеп жасына дейінгі балалардың дене қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін пайдалану, дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысу; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік жұмысқа, аудан, қала деңгейіндегі іс-шараларға қатысу: педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу; өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби дамудың басымдықтарын анықтау: білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің тәжірибесін жинақтау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: оқу бағдарламаларын, оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану; аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; тәлімгерлікті қолдану; көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен өзара әрекеттесу дағдыларына ие болу ; мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану; аудан, қала деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы; сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;
5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ: жаңа бағдарламаларды игеру бойынша эксперименттік жұмысқа қатысу; аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі әдістемелік жұмысқа белсенді қатысу; облыста, республикада тәжірибені тарату және енгізу; авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлдау алған, басып шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болу; тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық кәсіби конкурстарға қатысу
Келесі бос лауазымдарға конкурс жарияланады:
- Дефектолог 0.5 жүктеме;
- Педагог-психолог (бала күтіміне байланысты демалыста отырған мұғалімнің орнына) 1жүктеме;
- Аға вожатый1 жүктеме;
- Әлеуметтік- педагог 1 жүктеме;
- Директордың оқу ісіжөніндегі орынбасары 1 жүктеме;
- Директордың бейіндік ісі бойынша орынбасары 1 жүктеме;
- Директордыңтәрбиеісіжөніндегі орынбасары 2жүктеме;
- Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары 1 жүктеме;
- Алғашқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы 1 жүктеме;
- «Таңшуақ» шағын орталықтың дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы 1 жүктеме;