Республикалық «Сөз бен саз» байқауының облыстың кезеңі, V облыстық «Жасыл перне» байқауы
Балалар өнер мектептері, балалар музыка мектептері және оқушылар сарайы арасындағы вокалдық- хор бөлімінің (домбырамен ән салу) оқушылары үшін өткен Мейірхан Сәйдіұлы Адамбеков атындағы V облыстық «Жасыл перне» байқауының 1 кезеңіне онлайн түрде мектебіміздің дәстүрлі ән сыныбының 9 оқушысы қатысып, 2 кезеңге 6 оқушы жолдама алды. Осы нәтижеге байланысты 28 ақпан күні Қарағанды қаласына болған екінші кезеңге қатысқан оқушылар өз жас санатына байланысты қарсыластарын оза шауып, Зәрубек Досжан 1 орын, Қараман Сұлтан 3 орын, Базарымбет Айлана 3 орын, Қадыр Ерасыл 2 орын иеленді. пед: Абдуалиева Жансая Нургазиевна, Әзіл Кәусар ( пед. Құнарбекова А.Ж.), Күмісхан Аңсар (пед. Абдуалиева Ж.Н.) қатысқаны үшін Сертификат иеленді. 1-2 орын алған оқушылар 14 наурыз күні Қарағанды қаласында өткен ГАЛА концертте өз өнерлерін ортаға салды,
13 наурыз күні Республикалық "Сөз бен саз" байқауының облыстың кезеңіне дәстүрлі ән, домбыра сыныбының 4 оқушысы әр номинация бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды! «Жас дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша Қараман Сұлтан І орын алып, Республикалық байқауға жолдама алды. педагог Абдуалиева Ж.Н. Зәрубек Досжан ІІІ орын, педагог Абдуалиева Ж.Н. «Жас күйші» номинациясы бойынша Серік Мирас ІІ орын, Нурбекова А.Б., Нұрлан Абай ІІ орын, педагог Жексембекова Г.С.




