14 наурыз – Көрісу күні немесе Амал мерекесі
14-03-2026 12:00
14 наурыз – Көрісу күні немесе Амал мерекесі
14 наурыз – қазақ халқының көне әрі ерекше дәстүрлі мерекелерінің бірі. Бұл күнді халық Көрісу күні немесе Амал мерекесі деп атайды. Көрісу күні адамдар бір-бірімен амандасып, қыстан аман шыққанына қуанып, жылы тілектер айтады. Үлкендер мен кішілер қол алысып, құшақтасып: «Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен!» деп тілек білдіреді.
Бұл күні адамдар реніштерін ұмытып, татуласып, бір-бірінің үйлеріне қонаққа барады. Үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылады. Осылайша, Көрісу күні адамдарды жақындастырып, сыйластық пен бірлікті нығайтады.
 
 
 
Көрісу күні құтты болсын!