Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара
07-03-2026 17:34
Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара

Мектебімізде 6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс шараны мектебіміздің директоры құттықтау сөзімен бастап, әріптестерімізге Қалалық білім бөлімінің Алғыс хаты мен Құрмет грамотасын табыстады. Артынша мектебіміздің ер азаматтары нәзік жанды арулар мен аналарды құттықтап, ән айтып, ойындар ойнатып, мекекелік іс-шараның көркін одан бетер қыздарды. Кәсіподақ мүшелері кәсіподақ аруларға сыйлықтар табыстап, естелік суретке түсіп, көңілді тарқасты. Сол күні оқушылар сарайында өткен қалалық білім бөлімінің салтанатты жиынына мектебіміздің Театр, жетіген, хореография, дәстүрлі ән педагогтары мен оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.